«Шайтанның қара таңбасы»: Мұндай белгісі бар адам Құран оқи алмайды

«Шайтанның қара таңбасы»: Мұндай белгісі бар адам Құран оқи алмайды
Ⓒgoldvoice.club

Осы жақында ғана  теледидардан көрсеткендей, Астана мен Алматы емханаларында  әлемдік тәжірибеге сай пилоттық жоба жүзеге асып жатыр. Яғни жүрек ауруы, қант диабеті, гипертония тағы басқа сырқаты бар науқас адамдардың білегіне  QR-кодпен жабдықталған медициналық көмек білезігі тағылуда. Кодты оқу арқылы жедел жәрдем дәрігерлері науқас туралы толық ақпарат ала алады екен. Мәселен, науқас ес-түссіз күйде жансақтау бөліміне түссе, дәрігерлер ол туралы толық ақпаратты қолындағы білезіктен тез және бірден ала алады. Науқас  туралы барлық ақпарат: аты-жөні, мекен-жайы, қан тобы, қандай дәріге аллергиясы бары, туыстарының телефоны, қысқасы, барлық мәлімет  электронды механизмде көрсетілген. Білезіктегі «жеке кабинетте» науқастың туғандарының телефон нөмірлері де бар болғандықтан,  оларға бірден хабарлама жіберіледі. Онымен қоса жақындары науқастың қай жерде ауырып қалғанын білетін болады. Жүйені әзірлеген қазақстандық ІТ-компания 2019 жылы жобаны толық жүзеге асырамыз деп құлшынып отыр. Мұндай білезіктер тіпті, жұртқа тегін таратылатын болады екен.

Паспортқа, банкнотқа, киімге енгізіліп жатқан микрочип, міне,  адамға, оның ішінде қазаққа  да жетті деген – осы-ау!  Бәрі керемет секілді.  Бірақ,          адамзаттың бүкіл тарихында қоғамның дамуы үшін әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданған және қазір де қолданып келе жатқанын ескерсек,  адамды ойландыратын нәрсе көп. Бұлай деуімізге бізді жаһандануға қатысты дәл қазір қолға алынып жатқан ғажайып нанотехнологиялық жобалар мен кибернетикалық бағдарламалар итермелеп отыр.

Бүгінде Пентагонмен құпия байланысы бар америкалық және еуропалық компаниялар әскери спутниктік автоматты идентификациялау технологиясы арқылы түрлі жобаларды дүниеге әкеліп, жарнамалап, электронды қондырғыларды үстін-үстіне тоғытуда. Мәселен, америкалық әскери қызметкерлердің оң қолына жай көзге көрінбейтін 16 санды нөмірлі микрочип енгізілген, оның базасында әлгі адам туралы бүкіл мәлімет сақтаулы тұр.  Аэропорт, күш құрылымдары, арнаулы қызмет, құқық қорғау органдары  қызметкерлерінің де тері астына микрочип енгізілуде. Ендігі кезекте шенеуніктер мен мемлекеттік қызметкерлер тұр. Мұның бәрі олардың қызметін бақылау үшін керек делінеді. Жан-жануарларды айтпағанда, әскерилерге, терроршы қылмыскерлер мен иммигранттарға, адасып қалмауы үшін кемпір-шалдарға, ұрланып кетпеуі үшін балаларға, сырқаттарға  енгізіліп жатқан чип  жақын жылдары әрбір қазақстандықтың да  есігін қағып тұруы әбден мүмкін.

Қазір отар қойдың өзін шопансыз бағу тәсілі шыққан, яғни қойдың терісіне электрод енгізіп, радио арқылы бағып-басқарады. Адам да түбінде осындай қойға айналмас па екен?! Себебі, тері астына енгізілген бидай дәніндей микрочип жүйке жүйесіне, одан миға әсер етіп, адамды өз еркінен айырады. Сөйтіп, өміріңіздің соңына дейін электронды гипнозда жүріп, биороботқа айналғаныңызды білмей де қаласыз. Осы микрочип сіздің өмірлік жолыңызды, мамандығыңызды, киетін киіміңізге дейін таңдап береді.

«Үлкен сегіздіктің»,  халықаралық ақсүйектер ұйымы – Бильдерберг клубының  халықаралық терроризмге қарсы бүкіл әлем тұрғындарын жаңа жаһандық жүйеге кіруге жанталаса шақырысының астарында  осы микрочип жатыр. Кез келген уақытта RussGPS жүйесінің көмегімен осы жүйенің қожайыны   жер шарындағы кез келген заттың, оның ішінде тері астына микрочип енгізілген барлық адамның дәлме-дәл орнын,  қайда жүргенін, қайда бағыт алғанын және қозғалыс жылдамдығын дәл анықтап бере алады және оларды бір мезгілде қалауынша басқара алады. Оның бақылауынан көліктер те тыс қалмаған: микрочипке электронды сигнал жіберу арқылы моторды сөндіріп, басқа да әрекеттер жасайды, тіпті көлік руліндегі адамның жүйкесіне түрліше әсер етіп, оны өлтіре де алады. Осылайша жеке адам ғана емес, тұтас елдердің мемлекеттік органдары мен материалдық ресурстары  бақылауға алынуда. Түбі  жер шарының барлық тұрғынын бақылап қана қоймай басқаруға алып барады. Бұл жүйенің қожайыны кім десеңіз, ол – әлемдік үкімет, әлемдік парламент, былайша айтқанда  жаһандық диктатор. Түптің түбінде барлық мемлекеттердің бүкіл билігі соғыссыз-ақ, ың-шыңсыз осы әлемдік үкіметтің басқаруына беріледі. Жаһанданудың шыңы – осы. 

Суперэлектронды елдер адам миына чип орнатуға құлшына кірісіп те кетті. Адамның бүкіл өмірі, материалдық мәліметтерімен қоса, жан дүниесі, ойы да электронды базада сақтаулы тұрады. Адам миын кәдімгідей компьютерге қосып қойып, ойын оқи береді. Болашақта бүкіл адамзат миына жаппай чип қондырылып жүрмесіне кім кепіл?

Әлем елдерінің діндарлары электронды жүйе арқылы адамды тәжірибеге, тауарға айналдыруға қарсы өре түрегелуде. Осы жайында қасиетті кітаптардан үзінділер келтіруде. Чип деген не? Ол –  діндарлардың айтуынша «шайтанның қара таңбасы». Мұндай таңбасы бар адам Құран оқи алмайды екен...

Жер шары жаңа галактикалық өріске шығып, адамдардың сана-сезімі жаңғыруда делінуде (біз де рухани жаңғырып жатырмыз ғой).  Кім біліпті, бұл да көктегі емес, жердегі жарты құдайлардың жасап жатқан әрекеті болар. Әлем тұрғындарының тең жартысын электронды бақылауға алу арқылы оқ шығармай-ақ жойып жіберуге немесе сана-сезімдерін жаңа бағытқа бұруға  болатын шығар. Кім біліпті...

 Төреғали ТӘШЕНОВ

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Оқушылардың жағдайы қалыпты, іс қатаң бақылауға алынды
    23/01 00:04 0 84
    2
    Әлімғазы Райымбеков, қазақтың Тайлағы: Ұят болса да ата дәстүрге қарсы шықтым
    22/01 16:51 0 1520
    3
    Бозымбаев бензиннің неге арзандап жатқанын түсіндірді
    22/01 16:37 0 277
    Жәнібек Әлімханұлы үш мықтыға сес көрсетті
    22/01 16:20 0 1954
    Қазақстан Венесуэланың кебін кие ме?
    22/01 14:53 0 554

    Таныстырылғандар

    Канададағы атыстан бір адам зардап шекті
    Канададағы атыстан бір адам зардап шекті
    Канададағы атыстан бір адам зардап шекті
    Оқиға 13-қаңтарда жергілікті уақытпен 16:40-та болған.
    Аудио тыңдау
    14/01/2019 09:42 0 484
    Президент сайлауы: Трамптың бәсекелесі кім?
    Президент сайлауы: Трамптың бәсекелесі кім?
    Президент сайлауы: Трамптың бәсекелесі кім?
    Габбард президент Донльд Трамппен күресуге дайын бірнеше демократ дайындады.
    Аудио тыңдау
    14/01/2019 14:20 1 1162
    Шырайлы шаһарлар суға шөгіп барады – 6 қала  жер бетінен жойылуы мүмкін
    Шырайлы шаһарлар суға шөгіп барады – 6 қала жер бетінен жойылуы мүмкін
    Шырайлы шаһарлар суға шөгіп барады – 6 қала жер бетінен жойылуы мүмкін
    Халық санының көптігі мен орналасу тығыздығы, алпауыт ғимараттар санының артуы қаланы табиғи апат алдында шарасыз жағдайға қалдыруы әбден мүмкін.
    Аудио тыңдау
    14/01/2019 16:23 0 5879
    Хиджабтағы қыз университеттен қуылды (видео)
    Хиджабтағы қыз университеттен қуылды (видео)
    Хиджабтағы қыз университеттен қуылды (видео)
    Айта кетсек, ереже бойынша студент қыз жоғары комиссияға шағым түсіруге құқылы.
    Аудио тыңдау
    14/01/2019 17:28 0 877
    Атамбаев "Қытайға қарсы митинг ұйымдастырды" деп айыпталды
    Атамбаев "Қытайға қарсы митинг ұйымдастырды" деп айыпталды
    Атамбаев "Қытайға қарсы митинг ұйымдастырды" деп айыпталды
    Біздің саяси қарсыластарымыз жеке қателіктерін экс-президент Алмазбек Атамбаев пен оның жақтастарына қарсы пайдаланбақ.
    Аудио тыңдау
    15/01/2019 16:27 0 1477
    Сеул бес күнде көк түтіннен  сейілді, ал Алматы лас ауаның құшағында әлі тұр...
    Сеул бес күнде көк түтіннен сейілді, ал Алматы лас ауаның құшағында әлі тұр...
    Сеул бес күнде көк түтіннен сейілді, ал Алматы лас ауаның құшағында әлі тұр...
    Таза ауаның бастығы жемқор болса керек, Алматын әлі лас ауаның құшағына көміліп тұр.
    Аудио тыңдау
    15/01/2019 20:22 0 2177
    Құлағын кескен қияли суретші  жынға  мініп, аспанға ұшқан ба?
    Құлағын кескен қияли суретші жынға мініп, аспанға ұшқан ба?
    Құлағын кескен қияли суретші жынға мініп, аспанға ұшқан ба?
    :Жаратушы ерекше қабілетпен дүниеге әкелген өнер адамдары аз емес.
    Аудио тыңдау
    17/01/2019 11:40 0 829
    Киіктің киесі Һәм ақбөкенді неге өлтіруге болмайды?
    Киіктің киесі Һәм ақбөкенді неге өлтіруге болмайды?
    Киіктің киесі Һәм ақбөкенді неге өлтіруге болмайды?
    Тәлім-тәрбиелік мәні бар бұл қиссаны браконьерлер қолынан мерт болған қорықшы Ерлан Балғабекұлы Нұрғалиевтің (1966 - 2019) құрметіне арнаймыз.
    Аудио тыңдау
    17/01/2019 11:53 0 1174
    Айда жасалған сәтсіз сынақ
    Айда жасалған сәтсіз сынақ
    Айда жасалған сәтсіз сынақ
    Адамзат тарихта тұңғыш рет Айда дақыл өсіруді бастады.
    Аудио тыңдау
    17/01/2019 17:32 0 3266
    Валентина Матвиенко: Қазақтың тілін білгендерің дұрыс (видео)
    Валентина Матвиенко: Қазақтың тілін білгендерің дұрыс (видео)
    Валентина Матвиенко: Қазақтың тілін білгендерің дұрыс (видео)
    Ақыл айтатындар көп.
    Аудио тыңдау
    18/01/2019 09:56 0 2380
    Миллиардтан біреу: Үш қабатты мектепте жалғыз ғана оқушы оқиды
    Миллиардтан біреу: Үш қабатты мектепте жалғыз ғана оқушы оқиды
    Миллиардтан біреу: Үш қабатты мектепте жалғыз ғана оқушы оқиды
    Үш қабатты оқу орны бүгінде тек бір оқушыны оқытып жатыр.
    Аудио тыңдау
    18/01/2019 13:06 0 3676
    Сауалнама: Орыстардың негізгі тағамы – арақ пен борщ
    Сауалнама: Орыстардың негізгі тағамы – арақ пен борщ
    Сауалнама: Орыстардың негізгі тағамы – арақ пен борщ
    Сауалнама қорытындысы қандай дейсіз ғой?
    Аудио тыңдау
    18/01/2019 15:34 0 912
    "Жеріміз қоқысқа айналмай тұрғанда Финляндиядан үлгі алайық!"
    "Жеріміз қоқысқа айналмай тұрғанда Финляндиядан үлгі алайық!"
    "Жеріміз қоқысқа айналмай тұрғанда Финляндиядан үлгі алайық!"
    Финляндия мемлекетті қоқыстардан тазартуға және оны лайықты пайдалануға тырысады.
    Аудио тыңдау
    19/01/2019 12:50 0 1014
    Әзербайжандағы көтеріліске президенттің әйелі кінәлі ме? (видео)
    Әзербайжандағы көтеріліске президенттің әйелі кінәлі ме? (видео)
    Әзербайжандағы көтеріліске президенттің әйелі кінәлі ме? (видео)
    Митингке қатысушылар блогер Гусейновпен қатар басқа да саяси тұтқындарға бостандық беруді талап етті.
    Аудио тыңдау
    21/01/2019 18:24 0 2651
    Байлардың барлығы білімді ме?
    Байлардың барлығы білімді ме?
    Байлардың барлығы білімді ме?
    Әлемнің үш миллиардері де білім алуды өздігінше түсінеді.
    Аудио тыңдау
    22/01/2019 10:02 0 266