• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 18:48:31
Алматы
+35°

13 Мамыр, 2019 Экономика

Шайқұмарлар қайтпек? Шай бағасы қымбаттады

Мамыр айында қара байха шайының келісі қазақстандықтар үшін 2963,7 теңгеге шыққан. Ол бір ай бұрынғы деректермен салыстырсақ...

Қаңтар-ақпан айлары бойынша Қазақстанда шай импорты 5,5 мың тоннаға, немесе 19,6 миллион долларға жеткен деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі energyprom.kz/ru сайтына сілтеме жасап.

Мамыр айында қара байха шайының келісі қазақстандықтар үшін 2963,7 теңгеге шыққан. Ол бір ай бұрынғы деректермен салыстырсақ 1%-ға, бір жыл бұрынмен салыстырғанда 3,5%-ға қымбат.

Еліміздің ірі қалаларының ішінде Қостанайда (кг/3279 тг – жылына 1,9%), Алматыда (кг/3268 тг – жылына 1%) және Қарағандыда (кг/3140 тг – жылына 11,6%) қымбатшылық байқалады.

Шай мен кофе өндірісі І тоқсанның қорытындысы бойынша 4,4 мың тонна, яғни бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 6,4%-ға аз. Өндірістің негізгі үлесі (91,3%) Алматы қаласына тиесілі (4 мың тонна). Қалада кофе және шай өндіретін «Tea Нouse» ЖШС («Ассам», «Симба», «Наурыз», «Индира», «Тенгри», «Тамаша», Sunday) және Tealand, «RG Brands Kazakhstan» ЖШС («Пиала») компаниялары бар.

Кофе мен шәй нарығы импорттауды қажет етеді: 2019 жылдың қаңтар-ақпан айларының қорытындысы бойынша жеке өндіріс сұраныстың 28,9%-ын ғана жапқан.

Сонымен қатар тұтыну деңгейі өскен: ішкі нарықтағы қажеттілік бір жылдың көлемінде 14,1%-ға артқан.

2019 жылдың қаңтар-ақпан айларында қазақстандықтардың сүйікті сусынының импорты 5,5, мың тонна (+19,5% жылына), немесе 19,6 млн долларға (+20,1% жылына) жеткен.

Биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстанға шайдың негізгі жеткізушілері Кения (2,5 мың. тонна, 8,8 млн доллар), Үндістан (2,3 мың. тонна, 7,5 млн доллар) және Ресей (384,4 тонна, 2,4 млн доллар) елдері болды.

 Ұсынған: Маржан Сәбет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір