• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 18:08:40
Алматы
+35°

01 Мамыр, 2017 NEWS

Шахтинскте сенбілік жасаған дәрігерлер адам қаңқасын тапқан

Шахтинск қаласының дәрігерлері сенбілік кезінде адамның қаңқасын тапқан. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі ҚазАқпараттың сенбілік туралы жаңалықтарына...

Шахтинск қаласының дәрігерлері сенбілік кезінде адамның қаңқасын тапқан. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі ҚазАқпараттың сенбілік туралы жаңалықтарына сүйеніп хабарлайды.

Адам сүйектерін Шахтинскінің Орталық ауруханасының қызметкерлері жұмысы тоқтап тұрған емдеу-сауықтыру мекемесінің жанынан тапқан.

Шахтинск полиция бөлімінің басшысы Думан Қожахметовтың айтуынша, сүйегі ғана қалған мәйіттің табылуына қатысты тергеу жүргізілуде.

«Факті бойынша тергеу басталды, сараптамалар тағайындалды», - деп атап өтті Думан Қожахметов.

Қаңқаның жанында сондай-ақ, ауруханада емделіп шыққандығы туралы құжаттар мен рентгендік сурет жатқан. Құжаттарға сүйенсек, табылған өлік Шахтинск қаласының тұрғыны, 1975 жылы туған ер адамдікі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір