Шавкат Мирзиёев: Ауылды көтермесек, халық бізге ешқашан сенбейді

Шавкат Мирзиёев: Ауылды көтермесек, халық бізге ешқашан сенбейді
ⒸO‘zbekiston Respublikasi Prezidenti Matbuot xizmati

Таққа мінгеніне бір жылдан жаңа асқан Шавкат Мирзиёев өзбек жұртын ғана емес, Орталық Азия елдерін де жиі-жиі аузына қаратып келе жатыр. Аузына қаратқанда, дәмді сөз айтып, көсемсіп жүрген жоқ. Ислам Каримовтың кезіндегі қатқан сеңді бұзып, бұқараны басқарудың өзіндік арнасын салды. Әрі сол арнаға құятын үкімет тірлігінің бәрін халықтың қалауы төңірегінен тауып келеді.

Кешелі бері ТМД аумағындағы бірқатар басылымдар Өзбекстан президентінің пәрменімен қайта түлеген Манас ауылы туралы жаңалықты жарыса жариялап жатыр. Жаңалықтың төресі сол, ит байласа, тұрғысыз қиырдағы қаңыраған ауыл 45 күннің ішінде жарқырап шыға келген. Онда да, ағашын әктеп, жолының ой-шұқырын бүтіндейтін көзбояушылық емес, іргесі 60-шы жылдары қаланып, кейін қараусыз қалған елді-мекенді сүріп тастап, жаңазаманға лайық, мүлде өзгеше қалашық тұрғызған. Қосқабатты көппәтерлі үйлер, емхана, балабақша, спорт кешені секілді әлеуметтік нысандарды былай қойғанда, тері мен жүн өңдейтін шағын өндіріс орындары да тұсауын кескен. Тіпті түйе сүтінен дәрілік препарат жасайтын цех та ашылыпты.

Ақпаратқа қарағанда, Өзбекстан басшысы бұл ауылға ақпан айында келіп, тиісті тапсырмалар бергенге ұқсайды. Міне, содан 1,5 ай ғана уақыт өткенде президентттің тапсырмасы тап-тұйнақтай етіп орындалған. Жаңарып, қайта түлеген ауылға екінші мәрте келген Шавкат Мирзиёев қуанышы қойнына сыймаған көпшілікке «құтты болсын» айта отырып, нөкерлеріне бүй депті: «Халқымыздың қандай жағдайда тұрмыс кешіп жатқанын көрсең, жаның ауырады. Біздің алдымызда нендей мақсаттар мен міндеттер тұрғанын мен осы Манас ауылын мысалға келтіре отырып түсіндірейін. Әрине, оңай емес, шаруа шашетектен. Бірақ өрлеуді ауылды түлетуден, онда да, талқаны шыққан, жағдайы мүшкіл ауылдардан бастамасақ, халық бізге сенбейді. Ешқашан сенбейді!».

Былай қарасаңыз, Өзбекстан басшысының әрекеті бір оқпен екі қоян атқанмен тең. Себебі 6,5 мың халық тұратын Манас ауылында негізінен этникалық қырғыздар тұрады. Каримовтың кезінде өзбек-қырғыз қатынасы тым шиеленісіп кеткені есте. Енді мынадай жағдайдан кейін әріптесіне Сооронбай Жээнбековтің де іші жылып тұрары белгілі. Қырғыз бен өзбек жұртының да бір-біріне деген ықылас-пейілі беки түседі. Мұның барлығы Ташкенттің көршілермен әрі туыстас елдермен қарым-қатынасты қалпына келтіру саясатымен үндес.

Ал бастысы, өзбек басшысының ауылды көтеруге қатысты бастамасы. Өзі айтпақшы, бұл шаруаның оңай болмайтыны да рас. Дегенмен ниет бар. Сол ниетті жүзеге асыратын күш Мирзиёевтың қолында. Мирзиёев шенді-шекпенділердің екі аяғын бір етікке тығып, халыққа басын идірген сайын бұқараның да билікке деген сенімі артып келе жатыр. Ал бұл дегеніңіз, Мирзиёевтың көкейіндегі ең басты мақсат. Өйткені халық билікке сенбеген жерде ешқашан береке болмайды. Әрбірден соң, экономиканы дамытып, мемлекетті алға сүйрейтін қуат биліктің емес, халықтың бойында. Әлеумет әл жиған сайын оның берері де арта түседі. Ал егер билік барды бауырына басып алып, халықты алдарқатуға көшсе, оның арты міндетті түрде бір бәлеге апарып тірейді. И.Каримов оқыстан көз жұмбағанда, Өзбекстан да осындай бір қатерге ұрынуы әбден мүмкін еді. Өзбек жұртының бағына қарай, билікке Мирзиёев келді. Қызығасың. Қызықпау мүмкін бе?

Сансызбай Нұрбаба

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


  • 1 жыл бұрын

    ШАВКАТ бауырым... Сіздің әр бастамаңа пікірімді білдіріп, нағыз Халықтық басшы екеніңе қуана отырып, бүкіл орта азия басшыларына үлгі әкелгеніңе ризамын...

    • 1 жыл бұрын

      Гүлденсе ауыл -гүлденеміз бәріміз дегенді қазақтың Чеховы атанған Б.Майлин айтып еді, өміршең қағиданы өзбек ағайындар қолға алғаны оңды болыпты. біздің ел де ауыл тұрмысын түземесе, үлкен қалалар тоқ болады дегенге сене қойу қиын, қағазша лап ете түсетін - химиялық өнімнен, табиғи таза өнім тұтынғанға не жетсін?! Құптарлық дүние!

      • 1 жыл бұрын

        Негізінен этникалық қырғыздар тұратын Манас ауылын соң енді негізінен қазақтар тұратын Тəуелібай өңіріндегі Зарафшан қаласының жанындағы Белтау ауылын көркейтейін деп жатыр екен.

        1
        Ардақ Әшім: “Әблязов қазақстандықтардың саяси білімін ашты”
        26/05 04:31 0 170
        2
        Қарағандыдағы оқыс оқиға: қала әкімі қаза тапқан баланың жанұясына көңіл айтты
        26/05 03:44 0 632
        3
        Илон Маск әлемге тегін интернет тарату жұмысын бастады(видео)
        26/05 02:19 0 216
        Биылғы Канн фестивалінің жеңімпаздары анықталды. Жүлдегерлер қатарында кімдер бар?
        26/05 01:49 1 208
        Ғалымдар Мона Лизаны тірілтті(видео)
        26/05 01:47 0 359

        Таныстырылғандар

        "Әр саусағын сындырған": Латвиялық қазақстандықтарды құлдықтан қалай құтқарғанын айтып берді
        "Әр саусағын сындырған": Латвиялық қазақстандықтарды құлдықтан қалай құтқарғанын айтып берді
        "Әр саусағын сындырған": Латвиялық қазақстандықтарды құлдықтан қалай құтқарғанын айтып берді
        Бір әйелдің саусағының сау тамтығы қалмады.
        Аудио тыңдау
        22/05/2019 09:48 0 10333
        Халық Қосановқа қаражатын қимай  ма?
        Халық Қосановқа қаражатын қимай ма?
        Халық Қосановқа қаражатын қимай ма?
        Алда келе жатқан сайлау науқанына үміткер Әміржан Қосановты жақтағаны сонша, ел ішіндегі қауесеттен ақтап алғысы келді
        Аудио тыңдау
        22/05/2019 12:51 1 1770
        Президенттің қызы баспасөз қызметінің жұмысын сынға алды
        Президенттің қызы баспасөз қызметінің жұмысын сынға алды
        Президенттің қызы баспасөз қызметінің жұмысын сынға алды
        Президенттің үлкен қызы Саида Мирзиеева биыл сәуір айында ақпарат және бұқаралық байланыс агенттігінің ...
        Аудио тыңдау
        22/05/2019 15:58 0 2239
        Қосанов өзін жоғалтып алғандарға жауап берді (видео)
        Қосанов өзін жоғалтып алғандарға жауап берді (видео)
        Қосанов өзін жоғалтып алғандарға жауап берді (видео)
        "Қостанай Қосановты қолдаса, қазақтың көсегесі көгереді".
        Аудио тыңдау
        22/05/2019 16:13 0 1592
        Әкесін өлтірген өзбек жігітін ұрғаны үшін қазақ баласы сотталуы мүмкін
        Әкесін өлтірген өзбек жігітін ұрғаны үшін қазақ баласы сотталуы мүмкін
        Әкесін өлтірген өзбек жігітін ұрғаны үшін қазақ баласы сотталуы мүмкін
        Ол заң алдында адам денсаулығына залал келтіргені үшін жауап бермек.
        Аудио тыңдау
        23/05/2019 04:48 0 4239
        Дәурен Абаев: Қазақстандық журналистика әлемдік деңгейге жетті
        Дәурен Абаев: Қазақстандық журналистика әлемдік деңгейге жетті
        Дәурен Абаев: Қазақстандық журналистика әлемдік деңгейге жетті
        Даурен Абаев отандық журналистика мен әлемдік БАҚ-тың әлеуметтік желіден басты артықшылығы жайлы пікір білдірді
        Аудио тыңдау
        23/05/2019 15:50 0 214
        Балалы болғыңыз келсе...
        Балалы болғыңыз келсе...
        Балалы болғыңыз келсе...
        Бұл аяттар Жасағанның құлдарына түсірген ұлы игілігі ғой.
        Аудио тыңдау
        24/05/2019 14:00 0 744
        Сайлауалды дебаттың күні белгілі болды
        Сайлауалды дебаттың күні белгілі болды
        Сайлауалды дебаттың күні белгілі болды
        Сайлауалды дебат үш кезеңнен тұрады...
        Аудио тыңдау
        24/05/2019 16:12 0 2772
        Біз балаларымызға бақытты болуды үйрете алмадық!
        Біз балаларымызға бақытты болуды үйрете алмадық!
        Біз балаларымызға бақытты болуды үйрете алмадық!
        Жаманаттың тамыры – ұғымдардың шатысуында. Бақыт туралы ойымыз қате боп шықты, оған қалай қол жеткізу керегін де дұрыс білмедік.
        Аудио тыңдау
        24/05/2019 21:44 0 329
        Қытай үшін қазақтар екінші сортты адамдар ма?
        Қытай үшін қазақтар екінші сортты адамдар ма?
        Қытай үшін қазақтар екінші сортты адамдар ма?
        ҚХР жергілікті консулдық Қазақстан, Қырғызстаннан шыққан азаматтарға қытайлық Фуюань қаласына кіруге тыйым салды
        Аудио тыңдау
        25/05/2019 01:03 1 1555
        Ержан Максим "Голос.Дети" шоуының жеңімпазы атанды
        Ержан Максим "Голос.Дети" шоуының жеңімпазы атанды
        Ержан Максим "Голос.Дети" шоуының жеңімпазы атанды
        Қазақстандық жас әнші Ержан Максим Ресейде өткен "Голос.Дети" шоуының жеңімпазы атынды
        Аудио тыңдау
        25/05/2019 11:04 1 1023
        Ринат Заитов: "Тоқаевты өз еркімен ойланып отырған адам деп ойламаймын" (видео)
        Ринат Заитов: "Тоқаевты өз еркімен ойланып отырған адам деп ойламаймын" (видео)
        Ринат Заитов: "Тоқаевты өз еркімен ойланып отырған адам деп ойламаймын" (видео)
        Мен ол кісіні өз ойымен ойланып отырған адам деп ойламаймын.
        25/05/2019 18:13 0 5789
        "Біздің сүйікті дәрігер" фильмінің жалғасы түсіріледі
        "Біздің сүйікті дәрігер" фильмінің жалғасы түсіріледі
        "Біздің сүйікті дәрігер" фильмінің жалғасы түсіріледі
        Фильмнің жалғасы қызық болмақ...
        25/05/2019 21:15 0 168
        Илон Маск әлемге тегін интернет тарату жұмысын бастады(видео)
        Илон Маск әлемге тегін интернет тарату жұмысын бастады(видео)
        Илон Маск әлемге тегін интернет тарату жұмысын бастады(видео)
        Starlink – Жер тұрғындарын түгелдей тегін интернетпен қамти алатын жаңа спутниктік желі
        26/05/2019 02:19 0 216
        Қарағандыдағы оқыс оқиға: қала әкімі қаза тапқан баланың жанұясына көңіл айтты
        Қарағандыдағы оқыс оқиға: қала әкімі қаза тапқан баланың жанұясына көңіл айтты
        Қарағандыдағы оқыс оқиға: қала әкімі қаза тапқан баланың жанұясына көңіл айтты
        Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров жерлеу рәсіміне көмектесуге уәде берді
        26/05/2019 03:44 0 632