• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 22:26:32
Алматы
+35°

23 Наурыз, 2019 NEWS

Шалқар Ақымғалиев отбасының жалғыз асыраушысы болған

Шалқар Ақымғалиевтің мүрдесі оқиға орнынан  төмен жақтан табылып, жағаға шығарылды.

Көпірден секірген атыраулықты құтқармақ болып қайтыс болған полиция қызметкері отбасының жалғыз асыраушысы болған  деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Полиция қыметкері Шалқар Ақымғалиев бар болғаны 24 жаста болған. IIM-нің хабарлауы бойынша Шалқар көпбалалы отбасынан шыққан және үйленбеген. Отбасында жалғыз жұмыс істейтін де Шалқар екен. Егер бұл жағдай орын алмағанда, Шалқар сәуір айында 25 жасқа толар еді. Ол осы салада 5жыл қызмет атқарған. 

"21 наурыз күні сағат 21:52-де полицияға орталық көпірде бір адамның суға секірмек болғанын хабарлады. Атырау қаласының полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына жеткен. Солардың ішінде Шалқар Ақымғалиев те болды. Ол қызды құтқармақ болғанды мұзды суға батып, қайтыс болды. " - дейді Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрдилда Ораз.


«Жағалауда роликпен серуендегеннен кейін демалып отырғанда суицидке тосыннан куә болдық. Мен бірден полицияға хабарладым. Санаулы секундтар ішінде оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлерінің бірі батып бара жатқан адамға тез жүзіп барды. Су мұздай, оған қоса қатты ағыс қызды қалай ағызып бара жатқаны да көрініп тұрды. Бірақ, полиция қызметкері өз өмірін тәуекелге тігіп, батқан адамды құтқаруға талпынысын тоқтатқан жоқ», дейді оқиға куәгері Райымбек Сарбалин.

Шалқарға көмекке өзімен бірге бөренені алып суға түскен полиция кіші лейтенанты Рүстембек Сүндетов ұмтылған. «Суға батқан адамға жеткен кезімде Шалқар ағысқа төтеп бере алмай батып кетті. Әйелді құтқару маңызды болды. Оның үстіне әйел «ол мен үшін өлді» деп айқайлап, есті шығарды», деп еске алады Рүстембек Сүндетов.

Ажалдан құтқарылған Батыс Қазақстан облысының тумасы жедел жәрдем көлігімен облыстық ауруханасының реанимация бөлімшесіне жеткізілген. Ал Рүстембектің әріптесін өз бетінше іздеуі еш нәтиже бермеді. 3 градус мұздай суда сіңірі тартылған 30 жастағы кіші лейтенант Сүндетов жағаға өзі жүзіп жеткен. «00-50-де Шалқар Ақымғалиевтің мүрдесі оқиға орнынан  төмен жақтан табылып, жағаға шығарылды.

Ұсынған: Фариза Жомартқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір