• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 20:26:00
Алматы
+35°

16 Тамыз, 2018 Ғылым-білім

Шала қазақтардың сөздерін мектепте «диəлекті сөздер» деп оқытып жүр

Еркін Омардың "Қазақ тілінің қадірін кетірмейік" деген кітапшасы қолымызға түсті.

Еркін Омардың "Қазақ тілінің қадірін кетірмейік" деген кітапшасы қолымызға түсті. Онда автордың қазақ тілі заңдылығының бұзыла бастағаны, дыбыс үндестігінің сақталмауы туралы жазылған мақалалары топтастырылған. Бұл мақалаларды оқыған тіл мамандары, қарапайым оқырман, осы мәселеге көңіл аударып, тіл бұзылған аймақтарды тіл мәселесін қолға алады деген үмітпен Қамшы қолжазбаның бірінші бөлімін оқырман қауым назарына ұсынған болатын. Екінші бөлім де оқырманның пайдасына жарар деген сенімдеміз. 

  1. Қазақ тілін мүлде ұмытқандықтан орысша сөздерді былықтырып қате аударып жазуы (айтуы)

От себя – өзіңнен қарай (дұрысы: Ары қарай), от 500 тенге – бастап 500 тенге, сорт – сұрып, коньки – сырғи (дұрысы: кəнки), рюкзак (дорба) – арқа қоржын, штамп – мөртабан, многоугольник – көпкүл, четырехугольник – төрткүл, мето-дист (нұсқаушы) – əдіскер, практикант (тəжірибе алушы) – машықкер, банкомат – ақшамат, профсоюз (кəсіподақ) – кəсіби одақ, одежда на вес – киім салмаққа, новое поступление одежд – жаңа топтама, магазин низких цен – арзан дүкені, пробка – тығын (дұрысы кептеліс), домашный творог – үй сүзбесі (дұрысы: қолдан жасалған ірімшік, қолдың ірімшігі), запретная зона – өтуге тиім салынған аймақ (дұрысы: өтуге болмайды), строительный двор – құрылыс ауласы (дұрысы: құрылыс заттары) т. б.

Ал, енді осы сөздердің кейбіреуіне назар аударайық. Кейбіреуін ауызша айтып жүрсек (келатырым, баратырым), кейбіреуін орысшадан аудардық, тілімізді жаңа сөздермен толықтырып, байыттық деп жүрміз, шындығында солай ма?

Қазақ тілінде өзгертілмеген сөз қалмаған. Нұсқаушы – əдіскер, мінбе – мінбер, білімді – білімгер, ауыл – кент, балабақша – бөбекжай, əдістері – əдістемесі, т. б. Көрген көзде жазық жоқ. Тіпті бір үлкен мекеменің көрме залында Талғат Бигелдинов ағамыздың суретінің жанында 1922-жылы туылған деп жазулы тұр. М. Мағауин ағамыздың да жазып жүргені осы емес пе?

«Адам өздігінен туылмайды, оны табады» (Бес бала тапқан, он бала тапқан). Əйел тумайды, босанады. Ұрғашы мал туады (М. Мағауин «Туылғандар мен өлінгендер».)

Тіпті бұрын дұрыс жазулы тұрған ауылдың аттарына дейін өзгертіліп шала қазақтардың тіліне көшірілген. Бұрындай – Боралдай, Ашыбұлақ – Ащыбұлақ, Сарыарқа – Сары Арқа т. б.

Бұрындай. Кейбір деректерде (шала қазақша: деректеме) Бұрындай қалмақтардың бір батырының аты деп айтылады. Егер бұл сөз қалмақша Боралдай деп айтылса да, біз басқа ұлтпыз.

Қазақ тілінің дыбыс үндестігіне сай Бұрындай деп айтылады (жазылады). Ал Ашыбұлақ ауылының аты, енді Ащыбұлақ деп жазылып, ауылдың аты, суы ащы бұлаққа айналған.

Сарыарқа сөзін екіге бөліп (Сары-Арқа) «Сары»ны сын есімге айналдырып жіберген. Сарыарқа – сын есім мен зат есім сөзінің бірігуінен пайда болған, біріккен жеке сөз. Осы үш сөздің өзі-ақ осыны жазып жүрген адамдардың қазақ тілінің үндестік заңын, сөздерді дұрыс жазу ережесін (орфография), дұрыс айта білу ережесін (орфоэпия) мүлде ұмытқан адамдар екенін көрсетеді.

Тағы бір мысал.

«Көресіні төрт тұяқтыдан көрдік» (Газет №35 (2284) 13.

  1. 2018)

Қазақта төрт тұяқты мал деген сөз жоқ. Бұл да шала қазақтардың тілдеріндегі сөлекет сөздердің бірі. Дұрысы: Төрт аяқты мал. Төрт аяқты малдардың ішінде аяқтарында тұяғы жоқтары да бар.

Түйе малында тұяқ болмайды, тек айыр тұяқты (аша тұяқты) мал деген сөз бар. Бұған сиыр, қой, ешкі малдары жатады. Бұлардың аяғындағы тұяғын санасаңыз (осылай айтудың өзі ұят) төртеу емес, сегіз. Əр аяғында қос-қостан тұяғы бар. Орындықтың аяғын (сирағын) «тұяғы» деп айтуы да, бұлардың жай қарапайым сөздердің өзін ұмытқандарын көрсетеді.

Қапты (мешок) да, дорбаны да – қалта, ауылды да, ықшам ауданды да – кент, жұрналды да, гəзетті де, кітапты да – басылым (басылым беттерінде) деп бір-ақ сөзбен айтып (жазып) жүргендер, осы шала қазақтар.

«Күлəш көшесі көркейіп жатыр». Атырының алдына «ж» əрпін қоя салған (дұрысы: Күлəш атындағы көшенің бойы көркейіп келеді).

«Ескі жатахана сүріледі» (дұрысы: бұзылады.) Үлкен республикалық газеттердің өзінде осындай мақалаларды жазып жүрген тілшілерді кім дейсіз, тілді ұмытқан шала қазақтар демегенде.

Енді тілімізге аударып, жаңа сөздер енгіздік, тілімізді байыттық деп жүрген сөздердің бірнешеуін талдап көрейік.

Штамп-мөртабан

Бұл сөздің қазақшасы (балама сөзі) ерте заманнан келе жатқан сөз-белгі.

Қазақ халқының сонау көшпелі заманында да, əркім өзінің ұсақ малына өз белгісін басқан. Белгі басу əдеті əлі де бар.

Малдары қосылып кеткен жағдайда, малдарын тез ажы-ратып алу үшін, темірден сандарды немесе əріптерді иіп жасап, оны бояуға малып, малдарына белгі салады (жылқы малына темірді отқа қыздырып таңба басады).

Қағазға басып жүргеніміз осы белгі (штамп).

Мөр де, ерте заманнан қазақта бар нəрсе. Оны печать сөзінің аудармасы деп түсінбеу керек.

Методист-əдіскер

Бұл да «керемет» аударылған сөз. Əдіскер, əдісқой деп күреске түсіп жүрген балуанды айтады.

Нұсқаушыны емес. Методистті біз аударған жоқпыз, тек шала қазақтардың сөзін енгізіп, тіліміздегі бұрыннан бар дұрыс сөзді (нұсқаушы), қолданыстан шығарып жібердік «Асыңыз дəмді болсын» деген дұрыс сөзді «Ас босын»-ға айырбастағанымыз сияқты.

Асты беріп тұрып «ас болсын» деуге бола ма? Егер беріп тұрғаныңыз ас болмаса, асқа айналып ас болсын деуге болатын шығар, ал асты беріп тұрып «ас босын» деп айту өте сөлекет, өрескел сөз. (Бір əрпін түсіріп айтады.)

Рюкзак – арқа қоржын (Дұрысы: Дорба) Қоржынның екі басы бар. Салт атты кісі оны ертоқымның артқы жағына байлап қояды.

Жаяу жүргенде, екі басы болғандықтан арқасына емес, иығына асып алады. Солай ыңғайлы.

Рюкзак дегеніміз – түрі өзгерген дорбаның бір түрі. Бұрынғы заманда да, арқасына дорбасын асып алып, елкезіп жүретін кезбелер болған. Өзіміз де, 60-жылдардың басында, шешелеріміздің қалың шүберектен тігіп берген дорбасына кітаптарымызды салып, оны арқамызға асып, мектепке барып жүрдік.

Кітаптарды былғамасын деп, сия сауытымызды кішкентай қол дорбаға жеке салып, қолымызға ұстап жүретінбіз.

Шала қазақтардың тілінің белең алып кеткендігі сондай, осындай шала қазақтардың сөздерін мектепте «диəлекті сөздер» деп оқытып жүр.

5-кыластың қазақ тілі оқулығының 84-бетін ашсаңыз табақты – леген, шапанды – жадағай дейді деп жазулы тұр. Табаққа бетін жуған адамды немесе легенге тамақ салған адамды қашан көріп едіңіз. Шапанды жадағай демейді, жадағай тігілген астарсыз шапан дейді. Жадағай сын есімнің сөзі (Өзеннің жағасы жадағай екен).

Осы оқулықтың 58-бетін ашсаңыз: Жұмыртқаны – тұқым, маңдайды – маңлай дейді деп жазған.

Тухум, манлай өзбекше сөздер.

Бұл да шала қазақтардың тілді бүлдіріп (бұзып) жүргенінің бір мысалы.

Коньки – сырғи

Бұл аударылмайтын атау сөз. Қазақша – кəнки.

(Велосипед – белесебед, шофёр – шопыр, машина – ма-шине, трактор – трəктір, поезд – пойыз, бульдозер – бүлдезір, печь – пеш, почта – пошта, туфли – төпли т. б.

Кəнкимен сырғанайды, кəнкиді тебеді. Сырғи, тепки деп аударып тілімізді байытқан жоқпыз, тілімізді шұбарладық. Елді сөзден шатастырдық.

Сорт – сұрып

Сорт – орысша сөз болғанымен, бұрын қазақ тілінде осы қалпында қолданылған (1-ші сортты ұн, сортталған, сорт-талды) Аудара алмағандықтан емес. Тілді ұмытқан адамдар-да, сол тілдің үндестік заңы, ережелері болады деген түсінік болмайтын сияқты.

Əйтеуір айта берсек қалыптасып кетеді дейтін ұғым бар. Бұл жерде де, кəнкиді «сырғи» деп аударғанның кебін келтірген. Сырғанайды сөзінен «сырғи»-ды алғандай, сұрыпталды сөзінен «сұрып» деп ала салған. Сорт сөзі – орыс тілінен келгенімен, қазақ тілінің дыбыс үндестігін бұзбайтын, əрі сол мағынасында қолданылатын сөз. Қазақ-ша «Сазан» (балықтың аты) – орыс тілінде де, сол қалпында өзгертілмей айтылады. Себебі бұл сөз орыс тілінің дыбыс үндестігін бұзбайды, мағынасы да орыс тілінде өзгермейді. Машинелердің жол үстінде тығында-лып тұрып қалғанын (кептеліп), «тығын» деп жазу да дұрыс емес. Тығын деп – бөтелкенің тығынын айтады.

Шампан арағының аузын ашқанда, тығынының атылғанын талай көрген шығарсыздар.

Кептелісті «кептелек» деуге де болмайды. Шала қазақтардың тілдеріндегі сөздердің бұзылуына байланысты, бұлардың мақал-мəтелдері, жұмбақтары бəрі бұзылған түсініксіз сөздермен айтылады.

«Үлкен суда өткелек болад, үлкен жолда кептелек бо-лад» (Боладының аяғындағы «ы» əрпін түсіріп айтады, се-бебі өзбек тілінде «ы» əрпі жоқ). Шала қазақтар «өткелді – өткелек, кептелісті – кептелек» деп айтса, біз де солай айтып тілімізді бұзуымыз керек пе? Осы мақалды дұрыс сөздер-мен айтсаңыз, былай айтылады (жазылады): «Үлкен судың өткелі болады, үлкен жолдың кептелісі болады». Тағы да мақал: «Ақымақ бас екі қолмен екі аяққа тыным бермейді».

Шала қазақтардың тілінде «Ақымақ бас екі аяқты дөң-гелетеді!» Көрдіңіз бе, аяқтарын дөңгелетіп жібереді. «Екі қошқардың басы, бір табаққа сыймайды». Шала қазақша: «Екі қораз ен қораға сыймайды». Ен қора деген сөз жоқ. Ен – малға салынатын белгі. Орысша сөздердің бəрін аудара беруге де болмайды. Бұл да тілді ұмытқан адамдар-дың істеп жүрген былықтары.

Біз – өзіміздің тіліміз бар ұлтпыз. Өз тілін жақсы білетін адам, басқа тілде айтылған сөздерді мағынасына қарап, оны өз тілінде жазады (айтады). Өз тіліндегі сөздерді еркін пай-даланады.

Грунтовая дарога – қара жол. Қара жол қазақтың төл сөзі. Енді тілімізге шала қазақтардың сөздері еніп «топырақ жол» деп жүрміз.

«Домашный творог – үй сүзбесі». Тілі жоқтардың аудар-ған сөздері. Қазақтың өз тілімен айтсақ, қолдың ірімшігі (қолдан жасалған ірімшік). Сүзбе деген – ірімшік емес, қатық. Дəкеден (мəрліден) дорба жасап, дорбаға айранды құйып, сүзеді. Сары суы ағып кеткен сүзбені – қатық дейді.

Одан құрт та жасайды. Бұл да, өз тілін ұмытқан адам-дардың өзге тілден де сөздерді аударып қарық қылмай-тынының бір көрінісі. Шала қазақтардың бұзылған сөздерден тіл қалыптастырып алған деуіміздің тағы бір себебі, осы бұзылған сөздердің осы қалпында жіктеліп, септелетіндігінде.

 

 

Мысалы: «Оқуым керек»

Оқуым керекпін

 

Оқуымыз керекпіз.

Оқуын керексын

 

Оқударын керексындар

Оқуы керекты

 

Оқудары керекты

 

Дұрысы

 

Оқуым керек

 

Оқуымыз керек

Оқуың керек

 

Оқуларың керек

Оқуы керек

 

Оқулары керек

 

«Қарап тұр»

1-жақ Қарап тұрыптым

Біздер қарап тұрыптық

2-жақ Қарап тұрыпсын

Сендер қарап тұрыпсындар

3-жақ Қарап тұрыпты

 

Одар қарап тұрыпты

 

Дұрысы

 

Мен қарап тұрмын.

 

Біз қарап тұрмыз

Сен қарап тұрсың.

 

Сендер қарап тұрсыңдар

Ол қарап тұр.

 

Олар қарап тұр

 

Септелуі

 

Қазақша

 

Шала қазақша

А. с

Мүгедектер

мүкіндігі шектеулі тұлғадар

І. с

мүгедектердің

мүкіндігі шектеулі тұлғадардын

Б. с

мүгедектерге

мүкіндігі шектеулі тұлғадарға

Т. с

мүгедектерді

мүкіндігі шектеулі тұлғадарды

Ж. с мүгедектерде

мүкіндігі шектеулі тұлғадарда

Ш. с мүгедектерден

мүкіндігі шектеулі тұлғадардан

К. с

мүгедектермен

мүкіндігі шектеулі тұлғадармен

 

Шала қазақтардың осы шұбалаңқы сөйлемдеріндегі сөздері, ауызша айтқанда осылай өзгеріп, мүмкін сөзі «мүкін» ал тұлғалардың, жүргіншілердің соңындағы -лар, -лер көптік жалғаулар -дар, -дер, -ге айналып, «ң» дыбысы «н» дыбысына өзгеріп тұлғадарын, жүргіншілердін болып айтылады.

 

Қазақша

Шала қазақша (Айтылуы)

А. с

Жаяулар

жаяу жүргіншідер

І. с

жаяулардың

жаяу жүргіншідердін

Б. с

жаяуларға

жаяу жүргіншідерге

Т. с

жаяуларды

жаяу жүргіншідерді

Ж. с жаяуларда

жаяу жүргіншідерде

Ш. с жаяулардан

жаяу жүргіншідерден

К. с

жаяулармен

жаяу жүргіншідермен

 

Қазақ тіліндегі сөздердің көпшілігінің өзгертілуі аяқ ас-тынан болған жағдай емес, шала қазақтардың тілдеріндегі сөздері «диəлекті сөздер» деген желеумен енгізілген.

 

Қазақ тілі шала қазақтардың тіліне көшірілген (алмастырылған).

Заң                                                заңнама

 

Рұхсат қағазы                         рұхсаттама

 

Дерек                                           деректеме

 

Тізім                                             тізімдеме

 

Сынақ (алу)                              сынама (алу)

 

Түсінік                                        түсініктеме

 

Арыз                                            Арызнама

 

Мақтау қағазы                        мадақтама

 

Құжат толтыру                       құжаттама

 

Нұсқау                                        нұсқама

 

Өмірбаян                                   түйнектеме

 

Сөз жұмбақ                              ермектеме

Суреттеу                                   суреттеме

 

Көркемдеу                                көркемдеме

 

Өрнектеу                                   өрнектеме

 

Əскердің (киімі)                    əскери (киім) өзбекше: Аскари

 

Əскерлік (тəртіп)                  Əскери (тəртіп)

 

Имандылық                             иманауи

 

Қазақшыл                                 қазақи

 

Кəсіптік (білім)                      кəсіби (білім) өзбекше: касаби

 

Əдебиеттік (тіл)                     əдеби (тіл) өзбекше: Одаби

 

Заңдылық                                  заңи (өзбекше: Занги)

 

Сыншыл (адам)                      сыни (адам)

 

Адамшылық                            адами (өзбекше: инсони)

 

Ғылымның (жетістіктері)  ғылыми (ильми) жетістік

 

Мəдениет (жұрналы)           мəдени жұрнал (өзбекше: модани)

 

Дін ұйымдары                        діни ұйымдар (өзбекше: диний)

 

Осы сөздердің соңындағы жалғауларына қарап, өзбек-шеден бұрмаланған сөздерді шала қазақтардың тілімізге енгізіп, қазақша сөздерді қалай қолданыстан шығарып жібергенін көреміз.

 

Тілдің бұзылғандығы сондай кейбір сөздердің дұрысы қайсы, қатесі қайсы, кез-келген адам ажырата алмайтын жағдайға жеткен.

 

  1. Асхана – тағамжай

 

  1. Дəретхана – əжетхана

 

  1. Балабақша – бөбекжай балабақша т. б.

 

Дəретхана – дəрет алатын орын, əжетхана – əжет алатын орын.

Балабақша – балаларды тəңертеңнен кешке дейін бағып беретін жер. Бөбекжай түсініксіз сөз.

Неге түсініксіз? Себебі «бөбек» қазақша сөз, «жай» өзбекше сөз. Жай деп – өзбек тілінде үйді айтады. Енді бөбекжайды қазақшаға аударсаңыз бөбектер үйі (детдом) деген сөз шығады.

Міне, дұрыс сөзді (балабақшаны) қандай сөзге айырбас-тап жүрміз.

Тіпті «бөбекжай балабақша» деп екі зат есім сөздің бірін-бірі қайталап осылай жазылуының өзі, тіл ережесіне мүлде қайшы. Сад сөзі – қазақ тілінде балабақша деп те айтылады.

Детский сад – балалардың балабақшасы Ясли-сад – сəбилердің (бөбектердің) балабақшасы.

  1. «Сəбижай» – (ясли-сад).

Бұл жерде де, «сəби» сөзінің аяғына өзбекше «жай» сөзін тіркей салған. «Ясли-сад», «детский сад» сөздерінің аяғына орыстар неге «дом» сөзін тіркемеген деп ойламаған. Егер осы сөздердің аяғына «дом» сөзін тіркесе, жетім сəбилердің үйі болып шығар еді. Ал шала қазақтар өзбектің «жай» сөзін тіркеу арқылы «ясли-садты» жетім сəбилердің үйі қылып шығарған. Тіпті сəби мен бөбектің айтылуы əр түрлі болғанымен мағынасы бауыр, іні немесе əке, көке сияқты бір сөз екенін де түсінбеген.

Сəби, бөбек, кішкентай нəресте, періште деп, əлі тілі шықпаған, жүре алмайтын, өз бетімен тамақ іше алмай-тын 2 жасқа дейінгі кішкентай балаларды айтады. «Бөбек» сөзін «бөбекжай» деп балабақшаға теліген де, «сəби» сөзін «сəбижай» деп ясли-садқа теліген. Осылайша бір мағына беретін екі сөзді (синоним сөздерді), бір-бірінен ажыра-тып жіберген. Дұрысы: Сəбилердің немесе бөбектердің балабақшасы. 

Сəби едің, балалық шағыңдасың, Атаң қалай сені ойлап сағынбасын. Жарқырасын жұлдызың ту биіктен, Ғасыр бойы шаттығың жалындасын.

Бұл Сəбетай Сыпатайдың 5 жасар балаға арнаған өлеңі. Баланың сəбилік кезеңінен балалық шағына өткенін жазып отыр.

«Телім бастығы». «Жер телімдері» Телім-шала қазақтардың тілдеріндегі өзбекшеден бұрмаланған сөз. Өзбекшесі: «Тилим».

Өзбектерде «і» дыбысы жоқ. Қазақшасы: «Тілім». Жер тіліктері, жер тілімдері.

Шала қазақтардың «телімін» талдап көрейік. Қазақ тілінде қандай мағына береді.

Телімнің түбірі – телу. Қазақта өз төлінен жеріп кеткен малдың төлін, екінші бір малға телиді. Телу деп – осыны айтады. Шала қазақтардың «телімінің» қазақ тіліндегі мағынасы осы.

Телім бастығы деген сөзді – тілім бастығы деп түсінеміз бе, əлде телу бастығы деп түсінеміз бе?

Дұрысы: Бөлім бастығы. Жер телімдері де, бұзылған сөз.

Дұрысы: Жер бөліктері, бөлінген жерлер. Тіпті көзге көрініп тұрған қате сөздерінің өзін, тілімізге енгізіп жіберген. Жататын орын – жатын орын, кеңесшілер тобы – ақылдастар тобы т. б.

Осындай қаптаған бұзылған сөздер, қазақ тілінің дыбыс үндестігін жойып, қазақ тілін шалажансар күйге түсірген. Айтайын деген ойыңды түсініксіз сөздермен жазып, оның мағынасын өзіңнің түсіндіре алмауыңнан өткен сорақылық жоқ шығар.

Ғылыми-мəдени танымдық жұрнал. Осы сөйлемді қалай түсінуге болады.

Ғылымды, мəдениетті танытатын жұрнал ма? Əлде ғылым мен мадениетті тану жұрналы ма?

Таным-тану деген сөз бе, таныту деген сөз бе?

Шала қазақтардың сөздерінен құрастырылған сөздіктің 6-шы бөлімін қараңыз.

Осындай түсініксіз сөздерді диəлекті сөздер деп жүрміз.

Кеңес өкіметі кезінде шығарылған оқулықтарда мынан-дай ескерту бар (шала қазақтарша: Ескертпе):

«Қазақ тілінде, қазақ тілінде сөйлейтін адамдардың бар-лығына түсінікті, замандар елегінен өткен, əбден сұрып-талған, қазақ тілінің дыбыс үндестігіне түсіп қалыптасқан, елдің бəрі білетін, елдің бəріне ортақ, əдебиеттік тіл бар. Жазғанда да, тіпті сөйлегенде де осы əдебиеттік тілді қол-дану қажет» (1971-жылы шыққан, 5-кыласқа арналған қазақ тілі оқулығы. Құрастырған Қ. Аханов).

Бұл жай жазыла салған сөз емес. Егер осыны есте сақтамаса, тілдің шұбарланып бұзылатыны жөніндегі ескер-ту. Біз осыған назар аудармадық. Тура осы бетте қысқаша диəлекті сөздер туралы мəлімет бар. Ол кезде тілдің бұзылуы кəзіргідей жаппай белең алып кетпегендіктен, бұл мəселеге онша назар аудармаған. Қазақстанның кейбір аудандарында кілтті – ашар, ат қораны – абзар, арқанды – қоқан, өтені – жүдə, үлкенді – нəн, дейтін диəлекті сөздер кездеседі деп жазған. Бірақ бұл сөздер қалай пайда болған, мағынасы бар сөздер ме, қай тілде қандай мағына береді, не себептен қате сөздерді қолданып жүр, ол жөнінде ештеңе айтылмаған. Ол кезде ат қораны – абзар десе, кəзір қораны – сиырхана деп жүр. Үлкенді – нəн десе, енді «нəн» немесе «дəусі» деп жүр. Бұрын тек шекаралық аудандарда байқалса, мұндай сөздер, енді бүкіл Қазақстанға таралып, адамдар бірінің сөзін бірі түсінбейтін жағдайға жетті. Жоғарыдағы, тек қана əдебиеттік тілді қолдану қажет деген ескерту мен шала қазақтардың сөздерінен құрастырылған сөздіктегі сөздерді саралай отырып, мынандай қорытынды шығаруға бола-ды. Диəлекті сөздер дегеніміз – тілді бұзып сөйлеп жүрген адамдардың тілдеріндегі, əдебиеттік тілге жатпайтын, шығу тегі (пайда болуы) зерттелмеген, сарапталмаған, түсініксіз бұзылған сөздер. Ал диəлектінің өзінің анықтамасын мұның алдында айтқанбыз. «Диəлекті дегеніміз – əр түрлі ұлттардың тілдеріндегі тілдік дыбыстық үндестіктерінің айырмашылықтары». Неге бұзылған сөздерді диəлекті сөздер дейді?

Себебі адамдардың тілдерінің бұзылуы тілді бұзып сөйлеуі, тілдің осы дыбыстық үндестігіне тікелей байланысты.

Бірақ бұзылған сөздер барлық ұлттардың тілінде бірдей мағына бермейді. Бұзылған сөздердің екі жағы бар. Қазақ халқы үшін мұның екі жағы да, шала қазақтардың сөздері деп айтылады. Тілдің бұзылуы асқынып, бұзылған сөздер көбейіп кетсе, тіл аралық өтпелі кезеңнің тілі, яғни шала қазақтардың тілі пайда болады. Қазіргі қазақ тілінің, өзінің тілдік дыбыс үндестігінен айырылып, қатты бұзылуы, шала қазақтардың өзбекшеге қарай көше бастаған тіл аралық тілдерінің, бұкіл Қазақстанға таралып, белең алып кеткендігінде. Шала қазақтар өздерінің тіл аралық тілдерін енгізуде өте белсенділік жасап, диəлекті сөздер дегенді керісінше пайдаланған. Қазақ халқы да, ерте замандардан-ақ, тілдің бұзылуына ерекше назар аударған. Тілді бұзып сөйлегендерді «шала қазақтар» атандырып, сол арқылы оларды оқшаулап, ұрпақтарын олардың тілдерінен сақтан-дырған. Шала қазақтардың өздері де, ұрпақтары «шала қазақ» атанбас үшін, олардың дұрыс сөйлеуді тез үйреніп, қазақтардың арасына тез сіңісіп кетуіне жағдай жасап отырған. Мұның дəлелі Найман руының ішіндегі «шала қазақ» руының пайда болуы.

Бұлар ерте заманда сауда жасай келіп, қазақтардың ара-сында қалып қойған саудагерлердің ұрпақтары. Кейін бұ-лар толық қазақтанып, ұрпақтары өсіп, бір рулы елге айналған. Ал біз, керісінше тілі бұзылған адамдардың тіліне ерік беріп (диəлекті деп), тіліміздің осындай жағдайға ұшырауына жол бердік. Оған алысқа бармай-ақ. осы өзіміз тұратын жердегі мекемелердің аттарының қалай жазулы тұрғанына назар аударсақ-та жеткілікті.

Мекемелердің аттары «Алматы қаласы» немесе «Қазақстан республикасы» деген сөздермен басталады.

Мəселе, бұл сөздердің жазулы тұрғандығында емес, қалай жазулы тұрғандығында. Осы сөздердің соңында, келесі сөзбен байланыстыратын жалғаулары жоқ. Құр өздері жеке тұр.

Адам денесінің бір жері жансызданса, салбырап бос тұратыны сияқты, бос тұр.

Алматы қаласы

Білім басқармасы

№500 Оқушылар үйі

Мемлекеттік коммунальдық қазыналық кəсіпорны. Бір-бірімен байланыспаған, арасында тыныс белгілері жоқ, бəрі бас əріппен жазылған осы бос тұрған сөздерді байланыстырсаңыз былай жазылмай ма:

«Алматы қаласындағы білім басқармасының №500 оқушылар үйі». Қазақ тілінің ережесі бойынша, сөйлем ішінде адам аттары, жер-су атаулары ғана бас əріптермен жазыла-ды.

«Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік меке-месі» Мұнда да сол жағдай. Жалғаусыз, бəрі бас əріптермен жазылған. Дұрысы: «Қазақстан республикасының орталық мемлекеттік мекемесі». Тіпті кейбір мекемелердің аттары жазулы тұрған тақтайшадан, олардың қандай мекеме екенін де ажырата алмайсыз.

«Азаматтарға арналған үкімет»

«Мемлекеттік коорпорациясы» коммерциялық емес ак-ционерлік қоғамының Мақаншы қаласы бойынша филиа-лы «Əлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орта-лығы» Департаментінің Сорбұлақ аудандық бөлімшесі. Орысша-қазақшасы араласып кеткен, тілі жоқ адамдардың сөздерімен жазылған, түсініксіз сөздердің жиынтығы. Шала қазақтардың өз тілінде жалғаусыз айтсақ «сөздер топтама-сы». Мына мекеменің атынан да ештеңе түсінбейсіз.

«Сорбұлақ сигнализация жəне байланыс дистанциясы филиалы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы, «Сорбұлақ магистральдық желі».

Осыдан не түсінесіз. Тағы бір мысал:

Алматы қаласы білім басқармасының «Сорбұлақ қала-лық мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қоғамға бейімдеу орталығы» Коммунальдық Мемлекеттік Мекеме.

Сол түсініксіз тілдегі жалғаусыз сөздер, орынсыз қойылған бас əріптер. Дұрысы: «Сорбұлақ қаласындағы мүгедек балаларды қоғамға бейімдейтін, мемлекеттік мекеме».

Темір жол бекетінің бас енженері деп жазу үшін сол мекеменің өзінің үш-төрт атасының атын тізіп шығу керек. «Сорбұлақ Қызмет Сервис» акционерлік қоғамы, филиа-лы, темір жол бекетінің бас енженері». Шала қазақтардың осындай түсініксіз шұбыртпа сөйлемдерін қысқартып жа-затын тəсілдері де бар. «Алматықалабезендіру», «Алматы-қалажарық», «Алматытазалық КТМК», АЖҚ АҚ ... батыр ЭТА т. б.

Бұл сөйлемдер шала қазақтардың жеңілдетілген тілдік əдісімен жазылған мекемелердің аттары.

Шала қазақтардың осы шұбыртпа, шұбалаңқы сөйлем-дері қайдан бастау алады.

Соған тағы да тоқтала кетейік. Біздің бір байқағанымыз бұлардың тілдерінде қысқа айтылатын жалқы етістік сөз-дердің де жойылып кеткені. Тек бұйрықты етістік сөздер ғана жеке айтылады, Бірақ олардың өздері екі түрлі бұзыл-ған нұсқада, -сай, -сей, -ғын, -гін, -қын сияқты түсініксіз жалғаулармен қосақталған. (Отыр – отсай, отқын, бар-бар-сай, барғын, кел-кесей, кегін, қал-қасай, қағын. т. б.)

Қалған жалқы етістік сөздер екі немес үш сөзбен қо-сақталып, əріптерін жоғалтқан немесе соңғы буындары тұйықталған түрде айтылады:

Келді –кеп аған (кепапты)

Келдім – кепағам

Келемін – келем деп атырым (жатырым)

Келеді – келем деп атыпты (жатыпты)

Келемін – келем ғо (ғой)

Келді – кепті ғо (ғой).

Шала қазақтардың тілінің жаппай үстемдік алып кет-кендігінен, жалпы қазақ тілінде осы жалқы етістіктер сирек айтылатын болды.

Шұбалаңқылықтың екінші себебі, сөйлегенде де, жаз-ғанда да, сөздерді орындарына дұрыс қоя алмайтындық-тарында.

 

Малым жоғалды                  малдарым жоғалып қалыпты.

Ақшамды жоғалттым        ақшам жоғалып қалыпты.

Ақшаң түсіп кетті               ақшан құлап қалыпты (қапты).

Жаңбыр басылыпты          жанбыр бітіп қалыпты.

Жаңбыр құйып түр            жаңбыр ұрып атыпты.

Өсе бастады                           өсіп қалыпты.

Өсіп тұр                                   өсіп тұрыпты.

Сол жерде тұр                      со йерде тұрып тұрыпты.

Бітейін деді                            бітейін деп қалыпты (атыпты).

Бəрі айтып жүр                    бардықтары айтып жатыпты.

Кеше кетіпті                          кешесін кетіп қалыпты.

Маған риза болды               маған риза болып қалыпты.

Маған ұнап жүр                   маған ұнап жүріпті.

Ұнап тұр                                  ұнап тұрыпты.

Өткізіп жіберейік                жіберіп жіберейік.

Алыпты                                    алып алыпты (ап апты)

Гүлдің суретін салыпты  гүлін суретін жасап қойыпты.

Гүлдің суретін салыпты  суреттен гүл жасап қойыпты.

Сұрап алмаппын                 сұрап алып қалмаптым.

Ерте кететін                           ерте кетіп қалатұғын ғо.

Жоғарыда жазғанымыздай мекемелердің аттарын қысқартып жазатын тəсілдері сияқты, бұл жерде де, жеңілдетілген тілдік сөйлеу (жазу) тəсілдерін қалыптастырып алған. Ап, кеп, қап, боп, қып, сап, ап апты боп қапты, кеп қапты, отсай, тұсай, қама, кеме, тұп тұпты, ашы, сашы, бошы, кəз, қаз, т. б.

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір