• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 19:35:02
+35°

13 Тамыз, 2018 Ғылым-білім

Шала қазақша мен өзбек тілінің ұқсастығы көп

Өзбек əліппесінде і, ң, ы, ұ, ү, ө, щ сияқты əріптер (дыбыстар) жоқ.

Еркін Омардың "Қазақ тілінің қадірін кетірмейік" деген кітапшасы қолымызға түсті. Онда автордың қазақ тілі заңдылығының бұзыла бастағаны, дыбыс үндестігінің сақталмауы туралы жазылған мақалалары топтастырылған. Бұл мақалаларды оқыған тіл мамандары, қарапайым оқырман, осы мәселеге көңіл аударып, тіл бұзылған аймақтарда тіл мәселесін қолға алады деген үмітпен Қамшы қолжазбаны бірнеше бөлімге бөле отырып, оқырман қауым назарына ұсынады.

Ауырды нар көтермес, мен көтердім,      

Білемін,                                                       

       Ақырында, бір күні бел  кетерін.                

Шындықты айтқан ақында, арман бар ма,

Түймедей тисе болды, елге себім.             

 

Тұрмағанбет Кенжебаев

Шала қазақтардың қазақша сөздерді өзбек тілінің дыбыс үндестігімен айтады деуіміздің мəнісі неде?

Ол үшін өзбек тілінің əліппесіне назар аудару керек. Өзбек халқы да, қазақ халқы сияқты түркі тілдес халық болғанымен, екі ұлттың тілдерінде үлкен айырмашылықтар бар. Өзбек тілінде 35 дыбыс (əріп) бар. Əріп дегеніміз – сол дыбыстардың таңбалануы. Қазақ тілінде 42 дыбыс бар. Өзбек əліппесінде і, ң, ы, ұ, ү, ө, щ сияқты əріптер (дыбыстар) жоқ. Шала қазақтардың қазақ тілін ұмытуларына бай-ланысты, осындай дыбыстар бұлардың тілдерінен жойылып кеткен. Сөз ішінде кездесетін осы дыбыстарды дұрыс айта алмайды. Бұлардың тілдерінде өзбек тілінің дыбыс үндестігі қалыптасқан деуіміздің себебі осы. Оған бұлардың кез келген сөзді өзбек тілінің дыбыс үндестігімен айтып бұзатындығынан көп мысалдар келтіруге болады. Мысалы мына сөздер: мен, сен, ол, олар, біз, мен бе?, сіз бе?, біреуі, балалар шала қазақтардың тілдерінде қалай, өзбек тілінде қалай айтылатынын салыстырайық:

Шала қазақша               Өзбекше:

 

Менші, сенші, олшы, оларшы         менчи, сенчи, учи, уларчи

 

Біреусі, екеусі                 биттəси, еккалоси, екови

 

Келесін, қалайсын          қалəйсəн, келəсəн

 

Не дейсін                         нема дейсəн

 

Болад                              булəди

 

Біздер                             бизлəр

 

Балдар, баладар              болалəр

 

Мұның алдындағы мақаламызда айтып өткенбіз. Шала қазақтардың хабарлы сөйлемдердің аяғына «да» деген сөзді қосып айтатындарын. (Кітапша «Қазақ тілінің қадірін кетірмейік» 2-бөлім) Неге қосып айтады? Мысалы мына сөйлем: «Айтқан еді, ə», өзбек тілінде қалай айтылады. Оларда «і» дыбысы жоқ қой. Өзбек тілінде «Айтган эди, да». Міне, шала қазақтардың «айтып ед, да», «кеп қап ед, да», «отып атқан ед, да» деп қазақша сөздерді дұрыс айта алмай жүргендері осы өзбек тілінің əсері. Өзбек тілінің дыбыс үндестігінің əсерінен қазақша сөздерді бұзып айтады. Енді сұраулы сөйлемдердің соңында қосақталып айтылатын «не» сөзіне келейік. Мұнсыз бірде бір сұраулы сөйлем айтылмайды. «Келесын ба, не?» Өзбек тілінде бұл сөйлем қалай дыбысталып айтылады. Өзбекше «келесəнми?» Өзбек тілінде «ң, і» əріптері жоқ екенін айттық. Шала қазақтардың «Келесын ба, не?» деп айтып жүргендері де, бұлардың тілдеріндегі өзбек тілінің дыбыс үндестігінің əсерінен бұрмаланған сөз. Өзбекше сөздің аяғындағы «ми» буыны, «не» деген сөзге айналған. Осылайша не өзбекше емес, не қазақша емес, екі ұлттың тіліне де келмейтін сөздерден, шала бұзылған тіл қалыптастырып алған. Ал «ба»-сы қазақ тіліндегі сұраулы демеулік шылау «бе». Өзбек тілінің дыбыс үндестігінің əсерінен «ба»-ға айналып тұр. Қазақша сөздердің аяғында келетін ме, бе, пе, те сияқты «е» дыбысына аяқталатын қосымшалардың барлығы, шала қазақтардың тілдерінде ма, ба, па, та болып айтылады. Кеше ма, не? (Дұрысы: Кеше ме?), сыз ба, не? (Сіз бе?), баруын керексын ба, не? (барасың ба?), жігітше ма, не? (жігітсің бе?), еркекше ма, не? (еркексің бе?), кеттік па, не? (кеттік пе?), көбінше ма, не? (көбі ме?), біздер ма, не? (біз бе?) т. б.

Балдар, баладар, одар, бұдар, содар, мынадар, бардықта-ры, кісідер, үйдер деген сөздерден де, бұлардың тілдерінде қазақша -лар, -лер көптік жалғауларының бұрмаланып -дар, -дер, -ге айналып кеткенін көреміз. Бұл да өзбек тілінің əсері.

Ал қазақ тілінің үндестік заңы бойынша: Балалар, олар, солар, бұлар, аналар, мыналар, барлығы, кісілер, үйлер, – деп айтылады. Заң дегеніміз не? Ол бұлжытпай, өзгертпей орындалатын қатаң талаптар. Шала қазақтарға, осы қазақ тілінің үндестік заңын бұлжытпай орындау жөнінде қатаң талаптар қойылмаған. Жиырма жыл бойы қазақ мектептерінде сабақ беріп жүрген шала қазақ мұғалімдер, əлі күнге дейін «балалар» деген сөзді, дұрыс айтуды үйренбеген. «Балдар» деп жүр.

Біздің диəлекті сөздер деп айтып жүргеніміз, осындай тілін жоғалтып алған адамдардың тілдеріндегі бұзылған сөздер. Жəй ғана жекелеген сөздер емес, сол бұзылған сөздерден қалыптасқан үлкен тіл. Бұл қазақ тілін, қазақ тілінің дыбыс үндестігін толық ұмытқан, өзбек тілінің дыбыс үндестігін қалыптастырған, бірақ өзбек тіліне көшіп үлгермеген адамдардың шала тілі. О йақта, бү йақта, ми ақта, о йерде, бү йерде, кəй йерде-сі қазақша емес, өзбекше сөздер. Бұлардың тілдерінің сөздік қоры негізгі алты топтан:

  1. Бұрмаланған өзбекше сөздерден (Өзбекшеге көшіп үлгермегендіктен);
  2. Бұрмаланған қазақша сөздерден (Қазақ тілін ұмытқандықтан);
  3. Өздері ойдан шығарып қалыптастырып алған сөздерден;
  4. Шатастырып қолданып жүрген қазақша сөздерден;
  5. Аудармай (қазақшасын білмегендіктен) аяғына қазақ-ша жалғауларды жалғап айтып (жазып) жүрген орысша, өзбекше сөздерден;
  6. Қазақ тіліне дұрыс аударылмаған (бұл да тілді ұмыт-қандықтан) қате сөздерден тұрады.

Қазақшаға аудардық, тіл бөлімінде бекіттіріп, қазақ тіліне енгіздік деген кейбір сөздеріне қарай отырып, бұлар-дың тілдерінде қазақ тілінің дыбыс үндестігі жоқ екенін сезе қоясыз (олимпиадалық – олимпиялық т. б.)

Бұрмаланған өзбекше сөздер:

  1. Сынып (өзбекше «синиф» ) Кылас  Қазақ тілінде туынды сөз. Түбірі: сыну

 Мағынасы: Сынды, шағылды, қирады немесе сынып қалды.

 

2.

Тапчан (өзбекше тапчон)

Қазақша: Сəкі

3.

Тұқым (өзб. тухум)

Жұмыртқа

4.

Пісте (өзб. пистə)

Күнбағыс

5.

Бəдірен (Бодринг)

Қияр

6.

Зиат (Зиёд)

айрықша, ерекше

7.

Бақыр (Пахир)

Шелек

8.

Тандыр (Тондир)

Пеш

9.

Кəуап (Кавоб)

Шашлық (отқа қақталған

 

 

ет)

10. Самса (Сомса)

Орама нан

11. Құқық (Хухуқ)

Қақы

12. Маш (Мош)

Дəн

 

  1. Менші, сенші (менчи, сенчи)                Мен, сен
  2. Біздер (Бизлəр)                                     Біз
  3. Халал (Халол)                                       Адал
  4. Телім (Тилим)                                        Бөлім, бөлік, тілік, тілім

Зиаткер (Зиёд)

Қамқоршы

Əскери (Аскари) тəртіп

Əскерлік тəртіп

Əдеби (Одаби) тіл

Əдебиеттік тіл

Мəдени (Мадани) сала

Мəдениет саласы

Діни (Диний) ұйым

Дін ұйымдары

Кəсіби (Касиби) білім

Кəсіптік білім

Телім бастығы

(Дұрысы: Бөлім бастығы).

Жер телімдері

(Дұрысы: Жер бөліктері,

 

 

бөлінген жерлер.)

Тамақ обыры

Қылтамақ ауруы

17.

Обыр ауруы

Қатерлі ісік ауруы

18.

Ұшақ (Учоқ)

Айырплан

19.

 

Біреусі (биттаси)

Біреуі, екеуі т. б.

20. Мубарəк (муборак) босын Құтты болсын  

  1. Бұрмаланған қазақша сөздер

 

Құдіреті – құзыреті, үңірейіп – опырайып, мыжырайған – мыжырық, ежелгі – езелгі, кəзір – азыр, жарапазан – жарама-зан, Алла – Аллаһ, залалсыз – зарарсыз, тайдым – сайдым, пасық (адам) – сасық (адам), жаба сал – жауа сал, жап – жау, табылды – тауылды, мінбе – мінбер, білімді – білімгер, дарынды – дарынгер, зардап шеккен – зардапкер, себепші – себепкер, атбегі – атбегіші, құсбегі – құсбегіші, кем – кешін, көбінесе – көбінше, тостаған – тостақ, қадірлі – қадырменді, арқан – қоқан, Беке – Бикош, Секе – Сикош, аурушаң – ауыршақ, қалайсың – қалайсын, болады – болад, береді – беред, біртіндеп (бір-бірлеп) – біріндеп, келесің – келесін, жиырма – жыгырма, жүз – дүз, түзету – дүзету, дəрет – əжет, т. б.

Өздері ойдан шығарып қалыптастырып алған сөздер

Биыл – ағым, биылғы жыл – ағымдағы жылы, орындықтың аяғы (сирағы) – тұяғы, төрт аяқты мал – төрт тұяқты, алдыңғы күні – кешен арғы күні, бүрсүгүні – ертен арғы күні, төрбұрыш – төрткүл, дүниенің (əлемнің) төрт бұрышында – төрткүл дүниеде, үшбұрыш – үшкіл, көпбұрыш – көпкүл, білімін жетілдіру – біліктілігін (құзіреттілігін) арттыру, осы қатарда – осы санатта, қатты аяз – қыс шілдесі, тəрбие – уыз тəрбие, ұйқысыздық – қымыз ұйқысыздық, сөздік – тілашар, өмірбаян – түйнектеме, сөзжұмбақ – ермектеме, бұзылады – сүріледі, ақ жауын – сылбыр жауын, өткінші – соқыр жауын, құмырсқалар – пішімайлар (шімал), баспалдақ – тепешік, қарақұрт – қара жесір, ақырын – беймарал, өнегелі (үлгілі) – ұлағатты, иесі – егесі, тəуелсіз ел – егемен, бойым тоңды – мұздақтады, өсекші – тоқылдақ, жағымпаз – туфли жалағыш, көлемі – пішімі, алыңыз – мəңіз, қалқоз – кеңшар, немересі (шөбересі) – тікелей ұрпағы, ауылдың азаматы – ауылдың ту-масы, өлең жазады – өлең тоқид, кептеліс – кептелек, түкке тұрмайды – арзымайды, көліктерді тексеру – техникалық қаралым.

  1. Шатастырып қолданып жүрген сөздері

Сығылысып тұр – қаланып тұр, жуынайын – шомылай-ын, жүгірмеңдер – шаппаңдар, малақай – тымақ, жалғыз ағаш – тоғай, қап – қалта, т. б. (Шала қазақтардың сөздерінен құрастырылған сөздіктің 9-бөлімін қараңыз.)

  • Аудармай аяғына қазақша жалғауларды жалғап айтып (жазып) жүрген сөздері

Мəшинеге от алдырайын – машинді ходтап қояйын, Қарасудың көпірінен – Қарасу мостан, хабарласаңшы – звандасай (айтасасай), жақсы ма – бəрі нормальный ма?, ұлттық есеп – ментальды арифметика, ұстазбын – қазақоведпін, қайдасың – гдесін?, дəрігерлік жəрдем – медициналық жəрдем, көліктерді тексеру – техникалық байқау, қылмысты іздестіру бөлімі – кирминальдық полиция, тəжірибе жұмыстары – практикалық жұмыстар, тəжірибе алушылар – практиканттар, жол сақшысы – жол полициясы, сандық тəсілмен – цифрландырумен, айрықша белгісі – элиталық брендтері, үйрену жаттығулары – танымдық тренигтер, т. б.

Жалғасы бар...

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір