• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 06:31:54
Алматы
+35°

06 Мамыр, 2019 Әлем

Сэй Сенагон: 75 жастағы Жапон әйелі қалай жасарды?

«Бенджамин Баттонның белгісіз оқиғасы» атты қызықты фильмді барлығыңыз тамашалаған боларсыздар? Оқиға желісі бойынша бас кейіпкер өмірге қарт...

Уақытты кері айналдырып, келместің кемесімен кеткен жалынды жастықтың алаңсыз сәттерін қайтару мүмкін емес деп айтып жатамыз. Әлбетте, адам баласы қартаюға бейім. Бұл табиғаттың заңдылығы. Тіпті ғалымдардың өзі ғылым мен білім дамыса да мәңгі жасаудың, жастық қалпыңды сақтап қалудың жолын ондаған жылдардан бері іздеп әлек.

«Бенджамин Баттонның белгісіз оқиғасы» атты қызықты фильмді барлығыңыз тамашалаған боларсыздар? Оқиға желісі бойынша бас кейіпкер өмірге қарт кісі болып келіп, өскен сайын жасарып, өмірінің соңында кішкентай шақалаққа айналады. Дәл осыған ұқсас оқиға шынайы өмірде де кездеседі. Бірақ ғалымдар мұның құпия сырын түсіндіретін жауапты әлі тапқан жоқ.

Осыған ұқсас оқиға Жапония тұрғыны Сэй Сенагонның басынан да өткен. Ол 19 жыл бұрын өзінің 75 жастығын тойлаған. Арада бірнеше апта өткеннен кейін бетіндегі әжімі жоғалып, шашының ағы кетіп, жасарып бара жатқанын байқаған.

Арада тағы біраз уақыт өткенде қызыл иегі аурып, тіс дәрігеріне жүгінеді. Дәрігер барлығын тексеріп, бақылағаннан кейін протездің астында жаңа тістердің шығып келе жатқанын айтады. Бірнеше айдан кейін әйел мүлдем адам танымастай өзгере бастайды. Өйткені күн өткен сайын жасарып, сұлулана бастайды.

Өзімен көп жыл отасқан күйеуімен ажырасып, жас жігітке тұрмысқа шығып, дүниеге сәби алып келеді.   Алайда жапондықтар бұл жағдайға күдікпен қарап, жасарудың астарында пластикалық отаның тұрғанын алға тарта бастаған. Сэй Сенагон ешқандай ота жасатқан емеспін деп сендіреді.

Бұл оқиға ғалымдарды да бей-жай қалдырмады. Олар бұл жағдайды толық зерттеп, қыздың ағзасынан барлық ескі жасушаларды жаңартқан белгісіз генді тапқан. Геннің не себепті аяқ асты пайда болғанын ешкім түсіндіре алмады. Егер жасару тоқтамаса, Сэй Сенагон уақыт өте келе сәбиге айналады деп есептеген ғалымдар.

Дәрігерлердің айтуынша, Сэй Сенагонның ағзасындағы бұл өзгеріс бауырына ота жасалған кезде енгізілген гормоналды стимуляторлардың әсерінен болуы мүмкін. Алайда ешкім бұған ғылыми анықтама бере алған жоқ.

Сэйдің қазіргі жағдайы беймәлім. Әйел көпшіліктің назарынан қашып, тұрғылықты жерін, тіпті аты-жөнін де өзгертіп жіберген.

Аударған: Маржан Сәбет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір