• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 14:21:43
Алматы
+35°

08 Маусым, 2017 Әлеумет

Сеул: КХДР кемелерге қарсы бірнеше зымыран ұшырды

КХДР кемелерге қарсы бірнеше зымырандарын теңізге жіберді, зымырандар 200 км. ара қашықтықты ұшып өткен, деп хабарлайды Оңтүстік Корея Қарулы Күштері. Қарулы...

КХДР кемелерге қарсы бірнеше зымырандарын теңізге жіберді, зымырандар 200 км. ара қашықтықты ұшып өткен, деп хабарлайды Оңтүстік Корея Қарулы Күштері. Қарулы Күштердің мәліметінше, зымырандар Солтүстік Кореяның шығыс жағалауынан жіберілген, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.

«Солтүстік Корея Вонсан ауданындағы Канвондо провинциясынан Жапон теңізі бағытына қарай бірнеше белгісіз зымырандарын жіберді», делінген хабарламада.

Оңтүстік Корея әскерилерінің пайымдауынша, бұл әрекеті арқылы КХДР ірі әскери кемелерге қарсы жоғарғы дәлдіктегі зымырандарын жіберуге қабілетті екендіктерін көрсетпек болды.

Зымырандар ұшырылған соң жапон билігі төтенше жағдай туралы Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесіне хабар берді.

КХДР соңғы кездері баллистикалық зымырандарына сынақ жүргізуін жиілеп кетті. АҚШ аймақтағы әскерлерін арттырып, Оңтүстік Кореядағы қорғаныс жүйесін өрістету, мемелкеттік маңызды территориясындағы қорғанысты күшейтуді қолға алды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір