• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:49:13
Алматы
+35°

13 Шілде, 2018 Айтты-ей, бауырың!

" "Мені жақсы көресің бе?"
- "Жақсы көремін, балам".
-"Қатты жақсы көресің бе?"
-"Қатты-қатты жақсы көремін".
-"Өте-өте?"
-"Өте-өте".
Жеті жасар ұлым "жақсы көресің бе?" деп күніне оншақты рет сұрайтын шығар? Жауабым дайын. Оны жүз рет болса да, мың рет болса да қайталай аламын. Қысқасы, ұлым арқылы жақсы көруді қайтадан үйреніп жатырмын. 
Анам жарыттықтың маған деген маxаббаты ерекше-тұғын. Басқа балаларынан бөлек сүйді, мені. Өзі тоқсанға, мен елуге толсам да айналып-толғанып отыратын. Ел-жұрттың көзінше болса да өбектей беретін. Бұған кәдімгідей қысылушы едім, "Өгіздей болдым, апа, қойшы енді" деп. Ақымақ екенмін ау?!
Мына дүниеде ана мейірімінен артық не бар? Ана құшағынан ыстық не бар? "Апа, сізді жақсы көрем" деп неге жиі айтпадым, көзі тірісінде? Жақсы көретінімді сезімтал жүрегімен өзі ұғар деп ойласам керек. Кейде, анамның алтын маxаббатын жеткілікті бағаламадым ба деп те қапаланам. 
Ол кісі (былтыр) екінші мамыр күні 90 жасқа толып, он алтыншы мамыр күні өмірден озды. Тап-таза жүріп, тап-таза кетті. Марқұм төсек тартып та жатпады. Жүректен кетеді деп ойламаппыз. Соңғы екі-үш жылдың ішінде (алдыма түрлі кедергілер шығып), жоқ жерден пайда болған проблемалармен алысып кеткен едім. Оны үй ішіндегілерге білдірмеуге тырыстық. Бірақ, ана жүрегі бәрін сезеді ғой. Мен үшін талай таңын ұйқысыз атырған да болар? Кейде ойлаймын, ішінен тынған сары уайымы жүрегін шыдатпады ма деп.
Дүниеден ерте кетті деп күйінетін жай жоқ. Алланың ісіне амал не? Қоштаса алмай қалғаныма, ауыр еңбектен күстенген қолын құшырлана сүйіп, оған деген перзенттік маxаббатымның шексіздігін жеткізе алмай қалғаныма іштей өкінемін. Өкінгеннен не пайда? Бәрі кеш...
Мұны бекер жазып отырғаным жоқ. Жақындарыңды жақсы көріңіздер дегім келеді. Жақсы көретініңдеріңізді жасырмаңыз дегім келеді. Жақсы көретіндеріңізді айтудан жалықпаңыздар дегім келеді.

Мына бейнесырдың иесі - Амир (Әмір) Қарақұлов, кинорежиссер. Екеуміз КазГу-дің журфагында (бірінші курста) бірге оқығанбыз. Ол кейін Мәскеуге (ВГИК-ке) ауысты, біз әскер қатарына аттандық.

Амирдің (Әмірдің) әңгімесін аяғына дейін тыңдаңыз. Ойымыз бір жерден шығып жатқан соң, өздеріңізбен бөлісуді жөн көрдім" дейді Серік Абас-Шах.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір