• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:07:28
Алматы
+35°

26 Тамыз, 2018 Саясат

Сепаратистік өлкелер трагедиясы: Шығыс Украина мен Қырым тауқыметтері

Орыс украиндерді «хохол», украиндер орысты есесіне «москаль»  деуші еді.

1968 жылы КСРО Чехословакияға басып кірді. Сонда бірнеше орыс демократы Мәскеу Қызыл алаңында наразылық білдіріп, шағын қарсылық акция жасапты. Оларды КСРО үш әріптері он минуттен кейін ұстап алған болатын. 2014 жылы Ресей Қырымды Украинадан жалған референдум жасап аннексия жолымен тартып алғанда, бірде  бір Ресей орысы қарсы шықпаған. Содан бері бүгінгі күнге дейін Ресей Шығыс Украинада жарияланбаған соғыс жүргізіп келеді. Бұл соғыс гибридтік, жасырын, жымысқы соғыс Екінші дүниежүзілік соғысынан да ұзақ уақыт созылып келеді. Шығыс Украина мен Қырым орыстары «Украина – оңай олжа болады» деп ойлаған екен. Ресей әскері Украинадан барлық оңтүстік өлкелерін басып алып, оны  “Новороссия  өлкесі” деп жариялап,   Ресейге тиісті жерлер демек жоспары болған. Империялық пиғылдағы  Ресей орыстары бұл саясатты құптап,  Путинге қол шапалақтады.

Біз орысқа украиннен жақын ұлт жоқ деп жүрсек, орекеңдер ағайыннан жер тартып алып,  мәз болды. Орыс украиндерді «хохол», украиндер орысты есесіне «москаль»  деуші еді. Ағайынды Шығыс славян халықтардың бір біріне еркелетіп қойған аттары деп ойлаушы едік. Жоқ, бұл нағыз кемсітушілік екен, тіпті  расалық кемсітушілік деп бағалайды біреулер. Өмір көрсеткендей бұл ащы шындық, растығы осыдан былай украин халқы Ресей агрессиясын Путиннің трагикалық қателігі емес, орыстың украиндерге ғасырлар бойы келе жатқан жаулық пиғылы дейтін болды. Саяси нәтижесінде: Ресей  агрессиясы көптеген  тым орыстанған украиндерді «нағыз украиндыққа» апарды. Украина әскерін тиісті әскери дайындық деңгейіне әкелді, Батыс елдері НАТО құрамындағы АҚШ пен Еуропалық Одақ Украинаға ауқымды қару-жарақ пен финанстық экономикалық көмек көрсетті. Соңғы екі-үш жылы Украина экономикасы өрлеуде, бұл Батыс елдерінің инвестицияларының әсері. Иә, Украина әскері мен бейбіт халқы соғыс зардабын көруде.

Шығыс Украина мен Қырымның орысы мен украиндер арасында сепаратистік пиғыл көп тараған еді. Бүгін сепаратистік өлкелер жұртшылығы өкінуде. 2014 жылы сепаратистер балаларымыз Мәскеуде оқитын болады, ал өзіміз ресейлік пенсияға қолымыз жетеді деп дәмеленген. Ал іс жүзінде олар Ресей азаматтығын алып үлгерсе де, оларға ойдағыдай жақсылық келген жоқ. Соғыстың аты соғыс. Шығыс Украинада сепаратистердің балалары соғысқа қатысуға мәжбүр. Адам шығыны бар. Шығыс Украина сепаратистері атамандар мен бандиттердің қолына түсті, дүкендер мен бизнестер тоналуда. Ресей жіберген қаржылар ұрлануда. Бүгінгі күні Ресейдің өзі Батыс санкциялары әсерінен терең стагнация мен тұрмыстық тауқыметтерге ұрынды. Ресейдің өзінде Шығыс Украинадағы және Қырым  сепаратистеріне көмектесуге қаржы тапшы. Қырымға келіп демалушылар саны сап тиылды. Бұрын Ресейден де, Украинаданда келушілер көп еді. Украина Қырымға жіберілетін суды бөгеп, Қырымның ауыл шаруашылығын сусыз қалдырды. Қырыммен бизнес жасайтын компаниялар және жеке тұлғалар санкциялардан шошып, Қырыммен қатынас жасағысы жоқ. Сонымен Қырым мен Шығыс Украина ыңыранып, бармағын тістеп отыр, бірақ амал жоқ. Шығыс Украина  мен Қырым сепаратистерінің басынан өткені біздің сепаратистік ойдағы отандастарымызды қатты ойландырды.

Әзімбай Ғали

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір