• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 01:49:42
Алматы
+35°

29 Наурыз, 2017 Саясат

Сенат комитетінде әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері қаралды

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық...

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.

Заң жобасының мақсаты азаматтық авиация және әуе кеңістігін пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру, сондай-ақ оны Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына сәйкес келтіру болып табылады. Заң жобасы әуе кеңістігін және авиация қызметін пайдалану саласындағы бақылау мен қадағалауды күшейтуге, көрсетілетін қызметтердің сапасын көтеру мен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жауаптылықты арттыруға бағытталған.

 

Заң жобасы аясында шетелдік тасымалдаушыларды аккредиттеу, коммерциялық емес ұйымдарды тарту және әуе кемелерін пайдаланушылардың, аэронавигациялық қызмет көрсетушілердің, авиациялық оқу орталықтарының қызметін қадағалау бөлігінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның құзыреті нақтыланады және толықтырылады. Авиация қызметкерлерін медициналық куәландыру жүйесін жетілдіру көзделеді, авиациялық медициналық орталықтарды сертификаттаудың жаңа түрі ұсынылады. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкілдің қызметі реттеледі.

 

Заң жобасының бірқатар ережелері азаматтық авиацияда авиациялық қауіпсіздік бағдарламасын енгізу, медициналық сарапшыларға, аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерге және лауазымды адамдарға жауаптылықты бекіту, сондай-ақ сертификациялық тексеру кезінде санаттарды енгізу арқылы авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

 

Одан басқа, заң жобасымен шағын авиацияны дамытудағы, ұшқышсыз ұшатын аппараттарын есепке алудағы, арнаулы ұшуға рұқсат алудағы, әуе кемелерін пайдаланушыларға жалға беруде әкімшілік кедергілерді жоюға қатысты ережелер енгізіледі.

 

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.
 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір