• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 04:27:06
Алматы
+35°

13 Тамыз, 2018 NEWS

Сенат депутатына үміткер ішіп алып, жол апатына себепкер болған досын қорғаштауда

Жазып отырып көзіме жас келді, бар үміт тек қарапайым халықта, себебі біздің құқығымызды қорғауы тиіс адамдар, шын мәнінде, керісінше оны таптап отыр

Елімізде жалғанды жалпағынан басып жүргендер бұзақылық іс-әрекеттер жасап жүрсе де заңды өз керегінше бұрмалап, жазадан құтылып кетіп жатыр. Заңсыз іс-әрекеттер жайында халықтың айта-айта ауызы да талып кетті. Қоғамда тек құзырлы органдарда танысы барлардың мүмкіндігі шектеусіз деген пікір белең алып кеткен. Құзырлы органдардың салғырттығынан санын соғып, әділдік іздеп шыр-пыр болып жүрген бір желі қолданушысының оқиғасын Qamshy.kz ақпарат агенттігі назарларыңызға ұсынады.

«Жазып отырып көзіме жас келді, бар үміт тек қарапайым халықта, себебі біздің құқығымызды қорғауы тиіс адамдар, шын мәнінде, керісінше оны таптап, «өзінің таныстарын» қорғауда. 5 тамыз күні жантүршігерлік оқиға орын алды, оған кінәлі адамдар тиісті жазасын алмай отыр.

5 тамыз сағат 00:30 шамасында Астана қаласындағы Сарайшық көшесінде үлкен жол апаты болды – әзірбайжан ұлтының адамы, өзі мас BMW маркалы көлігімен қарсы бетке шығып кетіп, 4 көлікті, біздің көлігімізді қоса соғып өтті. Төрт  көлікке де айтарлықтай зақым келген, үшеуі жүруге жарамай тұр. Жол апатына кінәлі ер адамды жедел жәрдем алып кеткен еді, 20-30 минуттан кейін ол жерден қашып кетіпті. Кейіннен 1 күн өткеннен соң жарақаттанған күйінде қайтып келді, алайда ол медициналық сараптама мен тергеуден өтпеді. Айдап жүрген көлігі оныкі емес, досының көлігі екен, екеуінің де сақтандыру құжаттары жоқ. Көліктің иесі, яғни кінәлінің досы жол апаты болған жерге келген, өзі кәсіби көлік айдаушы, әрі Парламент сенатының депутаттығына үміткер екен, бүгінде Астана әкімдігінің Құқық бөлімінің бас маманы қызметін атқарады екен.

Жол апатына қатысты қылмыстық іс жылжымай, тоқтап қалды, кінәлі адамдардың ешбірінен түсініктеме алынбады. Форма киген тергеуші не себепті осы уақытқа дейін жол апатына кінәлі адам мен көліктің иесін, сол оқиға болған кезде бізбен бірге болған адамдарды тергемегенін айтпай отыр. Көлік иесінің бұл іске ешқандай қатысы жоқ дейді. Ал ауруханада жатқан жол апатына кінәлі досына күніге форма киген адамдар келіп, әңгіме-дүкен құрып отырады», - деп күйінеді жапа шегуші Людмила Кравченко.

Оның айтуынша, күйеуі екеуі көлікті 3,5 жылға несиеге алған екен. Бүгінде бар күнкөрісі сол көлікке қатысты болған отбасы жұмыссыз қалдық деп күйініп отыр.

«Көлігімізге айтарлықтай зақым келген, оны жөндетуге қаражатымыз жетпей отыр. Тек біз ғана емес, жапа шеккен қалған үш көліктің иесі де дәл біздің жағдайымызды кешіп отыр. Сонда егер сенің танысың немесе құзыретті көкең болмаса басқалар сенің құқығыңды таптауға мүмкіндігі бар ма. Көлігіміз бұзылып, жапа шеккен 4 жүргізуші бір апта бойы табанымыздан  тозып, ең құрығанда кінәлілерді тергеуге алар деп күтудеміз. Көптеген адамдар бізді жұбатып, қолдарынан келгенше көмек көрсетуде. Ал оқиғаға кінәлі мен оның достары және көліктің иесі біздің үстімізден күліп, мазақ етеді.

Мен өзім мұғалім болып қызмет атқарамын, балаларды үнемі азаматтық позицияға үйретіп, әділдік пен шындық бар деп айтып, соңына дейін патриот болдым. Адал еңбекпен ақша тауып жүрген адамдар әділетсіздікке тап болмайды деп ойлап едім...», - дейді жәбірленуші.

ДТП

ДТП

ДТП

ДТП

ДТП

ДТП

ДТП

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір