• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 22:29:34
Алматы
+35°

31 Наурыз, 2017 NEWS

Сенат депутаты әншілерге фонограммамен ән айтуға тыйым салуды ұсынды

Парламент Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов Қазақстандағы әншілерге фонограмманы қолдануға тыйым салуды ұсынды, - деп хабарлайды

Парламент Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов Қазақстандағы әншілерге фонограмманы қолдануға тыйым салуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

"Халықпен кездесу барысында концертте фонограмманы қолдануға қатысты мәселелер қозғалады. Әрине, біз әртіс емеспіз, әнші емеспіз, бұл мәселені түсінбеуіміз мүмкін. Бірақ Түрікменстанда және басқа да көрші елдерде фонограммамен ән айтуға тыйым салынған", - деді депутат Еңсегенов.

"Әнші концертке келгенде, ол өзінің қызметін сатады. Ал көрермендер, яғни, тұтынушылар оған осы концертті көру үшін төлейді. Осы жағынан алып қарасақ, тұтынушы жақсы қызмет түріне ие болуы керек. Сол адамның әнін фоноргамма, магнитофон, диск, немесе кассета сатып алып, тыңдауға болады. Осыған байланысты халық былай деп жатады: біз концерттерге әртісті көріп қайту үшін ғана бармаймыз ғой, біз оның даусын тыңдаймыз, әнін қалай орындағанын көреміз, бізге оның фонограммасының не қажеті бар", - деді сенатор.

Сондай-ақ, депутат министрден заң жобасына өзгерістер енгізуді қарастыруды сұрады.

"Құрал-жабдықтар мен аспаптар жетіспейді деп жатады. Бірақ бір кездері әртістеріміз фонограммасыз да тірі дауыста ән айтты ғой, сондықтан мәселені шешу керек. Бұл әртістің қаншалықты дарынды екенін көрсетеді. Сондықтан, өтінішім, заңға өзгеріс енгізіңізші", - деді Еңсегенов.
 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір