• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 23:14:51
Алматы
+35°

29 Мамыр, 2017 Әлеумет

«Сен ата-анаңа мүлдем көңіл бөлмейсің, сондықтан сенімен ажырасқым келеді»

Бір намаз оқитын, діндар қызға қарапайым, бірақ дінмен ісі жоқ жігіт ғашық болыпты деп жазады

Бір намаз оқитын, діндар қызға қарапайым, бірақ дінмен ісі жоқ жігіт ғашық болыпты деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі mazhab.kz-ке сілтеме жасай отырып. Сол қызға құда түсіп, екеуі үйленіпті.
Тойдан кейін жігіт келіншегіне көп көңіл бөліпті, сыйлықтар беріпті. Келіншегіне жақсы қарап, ата-анасының көңілін, жағдайын сұрауды ұмытыпты. Бір күні жұмыстан келсе, келіншегі маңызды әңгімесі бар екенін айтып, бөлмелеріне шақырыпты. Сосын:

- Маған талақ бер, сенімен ажырасуды қалаймын, - депті әйелі.

- Қалайша? Не үшін? Мен сені жақсы көремін, құрметтеймін. Көңіліңе ұнамай жатқан не? - деп қорқынышпен сұрапты жігіт.

- Дұрыс, маған жақсы қарайсың. Сыйлықтар бересің, көңілімді көтересің. Бірақ сен өз ата-анаңды ұмытып қойдың. Оларға мүлдем көңіл бөлмейсің. Қазір, әлі балаларымыз пайда болмай тұрып ажырасып кеткеніміз жөн. Ертең ұлымыз сенен үлгі алып өссе, үйленгеннен соң бізге мүлдем көңіл бөлмей қойса менің жүрегім ауырмайды ма?! - деп сұрады келіншегі.
Жігіт өзінің бар қатесін түсініп, ата-анасынан кешірім сұрапты....

Шолушы: Әсел Өтешова

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір