• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:45:08
+35°

04 Шілде, 2018 NEWS

Семейлік оқушы ҰБТ-дан бірде-бір балл жинай алмаған

Түлектерге ҰБТ барысында сырттан келетін көмекке сеніп қалмауы ескертілген.

Семейдегі №23 мектептің түлегі Ұлттық бірыңғай тестілеуден бір де бір балл алмаған. Бұл туралы Altaynews жазды.

«Оқушылардың көбі тестке қараудың орнына жан-жақтан көмек күтіп отырды. Көмек келмеген секілді. Әйтпесе, 11 сыныпты бітірген жас қыздың, тіпті, бір сұраққа жауап бере алмағаны мүмкін емес жағдай», - деді қалалық білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенко.

Фесенконың айтуынша, түлектерге ҰБТ барысында сырттан келетін көмекке сеніп қалмауы ескертілген. Қала бойынша 182 түлек жоғары оқу орнына қажетті балл жинай алмаған. Алайда тамызда қабылдау емтихандарын өткізуге мүмкіндіктері бар, тек ақылы оқуға түсе алатын болады.

ҰБТ-ның үш кезеңінің қорытындысына сәйкес, Семейдегі абитуриенттердің орташа баллы 84,7 болды. Ал елде ең жоғары 140 баллды жинаған түлек Алматы қаласындағы №123 мектеп-гимназиясының түлегі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір