• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:29:54
Алматы
+35°

16 Мамыр, 2012 Ұлы көш

Сайран Қадыр

Араб әлемімен Моңғол елінің арасында  достық көпір болған тұлға. Монғолядағы қазақ жастарының шетелде оқуына мүмкіндік тудырып отырған ұлтжанды азамат....

Араб әлемімен Моңғол елінің арасында  достық көпір болған тұлға. Монғолядағы қазақ жастарының шетелде оқуына мүмкіндік тудырып отырған ұлтжанды азамат. Сайраның осы бастамасымен Моңголядағы  қазақ жастары әлемдік үздік оқу орындарынан білім алуда. Сондай-ақ, «тіріге намаз, өліге жаназа бұйырмай» қалған заманда Ислам елдерінен діни кадырлар дайындатып, мешіт салдырып, Моңғолиядағы ислам дінінің қанат жаюына барынша атсалысқан да осы Сәкең. 1988 жылдан бері Моңголя қазақтарына қажы парызын өтеуіне жол ашып, тиісінше қаражат жағынан да көмектесіп, үлкен сауапты істерге мұрындық болды.

Ол ұлттық спорттың дамуына да айрықша ден қойған атымтай азамат. Қазақтың саят өнерін әлемге паш ету мақсатында Ұланбатырдың орталығында арнайы шара ұйымдастырып, тіпті, Араб елінеде Алтайдың құсбегілерін апарып,   саят өнерінің абыройын асқақтқан игі істерін елі мақтанышпен айтады.                              Сайран Қадыр 1990-2000 жылдар аралығында  парламент депудаты болды. 1997 жылы Моңғолдың алғашқы Президенті П.Очирбаттың жарлығымен  Моңғол елінен Египет, Араб Ресбуликасына  Төтенше  және Өкілетті елші ретінде тағайындаған. Ол ілгерінді-кейінді Израиль, Катар, Кубеит, Оман, Бахрейн, Эмиратта Төтенше және Өкілетті елші болып қызмет атқарған. Президент Н.Энхбаяр кезінде Президент жанындағы діни кеңес мүшесіне, сондай-ақ  Араб елдеріне Президенттің ерекше тапсырмасын орындайтын уәкілі болып тағайындалған. Сайран Қадырұлы қазір Кувейтте Моңғол елшісі қызметінде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір