• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:53:09
Алматы
+35°

23 Мамыр, 2019 NEWS

Сайлау туралы сауалнама жүргізген азаматты қандай жаза күтіп тұр?

"ВКонтакте" әлеуметтік желісінде сайлау бойынша қоғамдық пікірге сауал салғаны үшін Алматы қаласының тұрғыны 37 875тг айыппұл төледі.

Қазақстанның Бас прократурасы қазақстандықтарды сайлау туралы заңның талаптарын бұзбауға шақырды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ел Президентінің кезектен тыс сайлауы барысында заңдылықты, оның ішінде "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңда көзделген қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу шарттарының сақталуын ерекше бақылауда ұстауда", - делінген хабарламада.

Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, осыған дейін әлеуметтік желілерде сайлауға қатысты сауалнама жүргізген бірнеше құқық бұзушылық фактілері тіркелген. Нәтижесінде, құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Атап айтқанда, 17 мамырда "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде сайлау бойынша қоғамдық пікірге сауал салғаны үшін (ӘҚБтК 120-бабы 3-тармағы) Алматы қаласының тұрғыны 15 АЕК мөлшерінде (37 875тг) айыппұл төлеуге тартылған. Осыған ұқсас "Facebook" әлеуметтік желісінде жасалған құқық бұзушылық үшін Алматы облысының тұрғыны әкімшілік жауаптылыққа тартылды", - деді прокурорлар.

Хабарлама соңында прокуратура өкілдері, азаматтарға мұқият болып, әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттарын үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы мақсаттарда пайдалануына жол бермеуге шақырды.

Ұсынған: Дәурен Сыбанбай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір