• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:57:50
Алматы
+35°

14 Мамыр, 2019 Әлем

Сайлау туралы қызықты 15 факт: Үндістанда сайлау бір апта болады

1967 жылы Эквадорда өткен қала әкімі сайлауындағы жеңімпаз – аяққа арналған танымал опа маркасы болған.

Демократия — деген әмбебап кәсіпорын емес. Және оның негізгі механизмі — сайлау да әмбебап дүние емес. Күллі әлемдегі кейбір адамдар дәл сайлау күні не істейтіндерін, өздерінің азаматтық міндеттерін қаншалықты орындайтынын осы мақаладан оқи аласыздар.

  1. Көптеген елде сайлау жексенбі күні өткізіледі

АҚШ сайлаушылары дауыс беруге сейсенбі күні баруы мүмкін. Бірақ жер шарының қалған тұрғындары өз дауыстарын жексенбі күнге сақтап қояды. Мынандай бір қызық жайт: негізгі тілі ағылшын болып саналатын елдерге бұл ереже мүлдем әсер етпейді. Мысалы, Канада азаматтары дүйсенбі күні дауыс берсе, британдықтар бейсенбі күнді таңдапты. Ал австралиялықтар пен Жаңа Зеландия азаматтары сенбі күні дауыс бергенді жөн көреді екен.

  1. Үндістанның үлкендігі сонша, ол елде сайлау бір аптаға созылуы мүмкін

Үндістан — 800 миллион сайлаушының үйі. Мұндай саны көп сайлаушыларды қабылдау үшін билік сайлауды бір апта, кейде тіпті бір ай бойы жүргізеді. Ең соңғы ірі жалпыхалықтық сайлау 2014 жылы жүргізілген. Ол кезде үндістандықтар парламенттің 543 мүшесіне дауыс берген. Сайлау бес апатға созылып, жеке-дара тоғыз күн бойы жүргізілген.

  1. Шведтік және француздық сайлаушылар автоматты түрде тіркеледі

Франция мен Щвеция халқы сайлау күніне дейін тіркелу керек деп алаңдамайды. Билік сайлаушыларды автоматты түрде тіркейді. Ол үшін Франция тұрғыны 18 жасқа толса, сайлауға қатысуға құқылы болады. Швеция билігі сайлауға құқы бар азаматтарды тіркеу үшін салықтағы тізімді пайдаланады.  

  1. Австралияда дауыс беру міндетті болып саналады

18 жастан асқан әрбір австралиялық сайлауға қатысу үшін заң бойынша тіркелуге міндетті. Сайлау күні бойын көрсетпеген әрбір азаматқа AU$20 (шамамен 15 доллар) көлемінде айыппұл салынады. Бұл айыппұлды төлемесе, айыппұл көлемі одан ары өсіп, шамамен AU180 долларға дейін жетіп, тіпті қылмыстық айыптауға дейін апаруы ықтимал.  

  1. Бразилияда 16 жастағы балалар сайлауға қатыса алады

1988 жылдан бастап Бразилия азаматтары 16 жастан бастап сайлауға қатыса алады. Ал жалпы сайлауға 18 жастан 69 жасқа дейінгі әрбір Бразилия азаматы қатысуға міндетті. Дауыс бермеген жағдайда айыппұл төлейді.

Австрия, Никарагуа мен Аргентинада да 16-17 жасар балалар дауыс беруге құқылы. Ал Индонезия мен Суданда 17 жасар жасөспірімдер дауыс бере алады.

Германияның кейбір аймақтары 16 жастағы азаматтарына жергілікті сайлауға қатысуға рұқсат берген.

Ал 2014 жылы ең алғаш рет 16-17 жасар шотландық жасөспірімдерге референдумда дауыс беруге рұқсат етілді.

16 – 17 жасар жасөспірімдер қатысатын сайлауды зерттеу нәтижесі жастарға дауыс беруге мүмкіндік беру сайлаушылардың қарттық кезде де белсенді азамат болып қалуларына септігін тигізетінен көрсетті. Сонымен қатар, сайлауға қатысуға бел буған жасөспірімдер өздерінен жасы үлкен ел азаматтары секілді үміткерлер мен қиындықтар туралы ақпаратқа қанық болады екен.

  1. Эстонияда онлайн түрде дауыс бере аласыз

2005 жылдан бастап эстондықтар жергілікті сайлау бөлімшелеріне барып, кезекке тұрмай-ақ, онлайн түрде дауыс бере алады. Дегенмен, жеке барып дауыс беру әлі де танымал. 2015 жылы эстондық сайлаушылардың 30 пайыздан көбі онлайн түрде дауыс беру жүйесін пайдаланған. Эстондық жүйе жұмысқа қабілетті. Себебі, әрбір азамат жеке куәлігінің сканерлерген нұсқасы мен PIN-кодқа ие болады. Соның көмегімен бірқатар азаматтық міндеттемелерін орындауға мүмкіндік алады. Мысалы, салық төлеуден бастап, кітапханадағы айыппұлын төлеуге дейін. Дегенмен, жеке куәлік пен PIN-кодты эстондықтар  сайлау күні тек жеке өзін таныстыру үшін пайдалады. Ал жалпы сайлау аноним түрде өтеді.  

  1. Өзге дамыған елдермен салыстырғанда АҚШ-та сайлаушылардың сайлауға келуі өте төмен дәрежеде

Дамыған елдердегі сайлаушылардың келуінің 2016 жылғы есебіне сенсек, американдықтардың тек 53,6 пайызы ғана өз азаматтық міндетін орындаған екен. Нәтижесінде, АҚШ ЭБДҰ (Экономикалық бірлестік және даму ұйымы) құрамындағы 35 елдің 31-інші орнына жайғасты.

Мұнымен салыстырғанда, Бельгия 2014 жылы өткен сайлауда сайлаушылардың ең жоғары деңгейдегі белсенділігіне куә болды. Бельгия азаматтарының шамамеен 87,2 пайызы өз дауыстарын берген екен.

  1. Чилиде 2012 жылға дейін ерлер мен әйелдер екі бөлек дауыс берген

Чилиде 1930 жылдан бастап жергілікті сайлау кезінде әйелдерге де дауыс беруге рұқсат етілген кезде, ер адамдар мен әйелдер адамдар екі бөлек сайлау бөлімшелеріне баратын болған. Сайлау күні ер мен әйелді бөліп тастау салты тіпті 1949 жылы жалпыұлттық сайлауға рұқсат берілгеннен кейін де сақталып қалған. Соңында сайлаушылар тізімі біріктірілетін болған. Алпыс үш жылдан кейін билік сайлауды жынысқа қарай бөлектеуге болмайды деген шешім шығарған. Дегенмен, екі бөлек дауыс беру әлі күнге дейін қолданыста. 

  1. Иә, Солтүстік Кореяда да сайлау болады

Бірақ олар демократиядан тым алыста. Дегенмен, 2015 жылғы сайлауда сайлаушылардың бақандай 99,7 пайызы дауыс берген. Кімге дауыс береміз дегенге келгенде, ел азаматтарының айтарлықтай таңдауы болмаған. Сайлаудың барлық қатысушыларын Солтүстік Кореяны басқаратын партия таңдап қойған. Дауыс беретін күні солтүстіккорейліктер өз қолдауын білдіру үшін сайлау парақшасының есім жазылатын жеріне есімін жазса болғаны. Сайлау бөлімшелерінде сайлаушы үміткерден бас тартқаны туралы өтінішін тіркейтін арнайы жәшік болады. Дегенмен, барлық таңдалған үміткерлер 100 пайыз дауыс жинайтын болған. Бұл, демек, ешкім қарсылық танытпады деген сөз, не олардың дауысы саналмады дегенді білдіреді.

10.Ұлыбритания патшайымы дауыс бере алады

Біріккен Патшалықта Елизабета ІІ сайлауға қатыспасын деген заң жоқ. Алайда, патшайым мұндай мүмкіндікті пайдаланбайды. Ұлыбританиядағы маусым референдумы қарсаңында Букингем сарайының өкілдері журналистерге "Патшайымның саясаттан да жоғары тұлға екенін алға тартып, атша отбасы мүшелері жалпыхалықтық сайлауға қатыспайды" деген.

11.Билік халық сауаттылығы ақсап тұрған жерлерде шығармашылық тәсілді пайдаланады

Гамбияда азаматтар түрлі-түсті барабанға үміткерлердің суреті бар кішкене шарларды лақтыру арқылы дауыс береді.  Барабандар кішкене шар түскен бойда шырылдай жөнелетін арнайы қоңыраумен жабдықталған. Егер қоңырау біреуден артық шырылдаса, сайлау қызметкерлері әлдекімнің ережені бұзғандығын біледі.

  1. Жаңа Зеландия сарапшылары сайлау күні үнсіз қалады

Себебі, нәтижеге әсер етуі мүмкін деген БАҚ немесе әлеуметтік желідегі түсіндіру жұмыстары сайлау күні кешкі жетіге дейін заңсыз деп саналады. Есептердің біріне сүйенсек, «телеарнада ақпарат тарататындар үміткердің киімі деген сияқты әдеттегі нәрселер мен жеңімпаз кім болуы мүмкін» деген болжамды да айтуына тыйым салынған. Саяси партиялар тіпті билікке «өз әлеуметтік желілерін» жаһанға жариялмауға өтініш білдіреді. Сайлау күнгі ережені бұзған кез келген адамға жаңазеландиялық 20 000 долларға дейін айыппұл салынады (шамамен 14 000 доллар).

  1. Ғарышкер де дауыс бере алады

Халықаралық ғарыш станциясының бортындағы ғарышкерлер 1997 жылдан бастап дауыс бере алады. Техастың заң шығарушылары Техас штаты, Хьюстондағы ұшуды басқару Орталығының көмегімен ғарышқа бюллетеньдерді қауіпсіз түрде жеткізу шараларын қолданған. Ғарышкерлер таңдауын жасағаннан кейін пошта арқылы алған  PDF  түріндегі қағаз бюллетеньдер қайтадан жерге қайтарылады. Жерде кеңсе қызметкерлері кодталған құжатты ашып, санақ үшін ғарышкер бюллетенінің қағаз көшірмесін ұсынады.

  1. Лихтенштейн сайлаушылары азаматтықты «таразылайды»

Еуропадағы 37 000 ғана адамы бар шап-шағын Лихтенштейн атты ел бар. Бұл князьдықта он жыл көлемінде тұрғаннан кейін өтініш білдірген тұрғындарға азаматтық берген-бермегеніне қарамастан, ел тұрғындары саясаткерлерге, референдумдарда дауыс бере алады.

  1. Эквадордағы бір сайлау сәтсіз аяқталған

1967 жылы Эквадорда өткен қала әкімі сайлауындағы жеңімпаз – аяққа арналған танымал опа маркасы болған. Сайлау алдындағы күндері компания сайлауалды тақырып таңдап, «егер амандық пен гигенаны қаласаңдар» деп тұтынушыларға ұнтаққа дауыс беруге ұсыныс тастаған. Нәтижесінде, көп дауыс жинаған аяққа арналған ұнтақ жеңіске жеткен.

Дереккөз: mentalfloss.com

Аударған: Мақпал Сембай

Мақпал Сембай

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір