25Қыркүйек

Саят Ыбыраевтың босап шығуына заң бойынша еш кедергі жоқ – Абзал Құспанов

Саят Ыбыраевтың босап шығуына заң бойынша еш кедергі жоқ – Абзал Құспанов
Ⓒqamshy.kz

2011 жылы «экстремизм» бабы бойынша 12 жылға сотталған профессор Саят Ыбыраевтың мерзімінен бұрын босап шығуына еш кедергі жоқ. Бұл туралы Саят Ыбыраевтың ісімен айналысып жүрген адвокаты Абзал Құспан Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне айтып берді.

Адвокаттың дәл қазіргі уақытта көтеріп отырған ең маңызды мәселесі – Саят Ыбыраевты мерзімінен бұрын шартты түрде босату.

«Саят Ыбыраев заңсыз сотталды ма, заңды ма – бұл маңызды емес. Біздің қазіргі көтеріп отырған мәселе – профессорымызды мерзімінен бұрын шартты түрде босату. Оның жасы қазір 51-де. Ғылымға бергенінен берері көп.

Үкім шыққалы Семейдегі қатаң режимдегі колониясында жазасын өтеп жатыр. Осы жылдар ішінде мүлдем тәртіп бұзған жоқ. Қайта кітап жазып, ғылыми жұмыстармен айналысып жатыр», - деген адвокат Саят Ыбырайдың Қазақстанға керек тұлға екенін атап өтті.

«Бәрімізге белгілі, ол – техника ғылымдарының докторы. Қазір түрмеде екеніне қарамастан, айналысып жүрген бағыты – робототехника. Қазақстанда бұл саланың теориясын да, практикасын да жетік меңгерген ғалым ол. Дәл Саят Ыбырайдың деңгейінде ғалым жоқ. Саят Ыбыраевты түрмеден шығарғаннан ұтпасақ, ұтылмаймыз.

Әдетте қоғамға қауіпті адамдарды: адам өлтірген, бала зорлаған, ұрлық жасағандарды соттайды. Саналы ғұмырын ғылымға арнаған Саят Ыбыраевтың қоғамға тигізер пайдасы көп», - деді Абзал Құспан.

Адвокаттың айтуынша, заң бойынша ғалымды мерзімінен бұрын босатуға еш кедергі жоқ. Бұған дейін Саят Ыбырайды мерзімінен бұрын босату туралы өтінішке Семей қалалық соты қарсы жауап берген. Алайда Абзал Құспан қайта шағым жасады. Биыл сәуірдің ортасында ШҚО сотының аппеляция алқасы шағымды қарайтын болады.

Айта кетейік, бүгін қазақтың бір топ зиялысы жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановтың атына Саят Ыбыраевты мерзімінен бұрын босату мәселесін көтеріп, ашық хат жолдады. Онда Смағұл Елубай, Асқар Жұмаділдаев бастаған бір топ зиялы әлемдік деңгейде мойындалған қазақ ғалымының өлшеусіз еңбектерін айтып, сондай адамның бүгінде түрмеде отырғанына өкініш білдірген.

«Саят Ыбыраевтың ғылымда жаңалық ашар дер шағы. Ол ел игілігіне жарар талай ғылыми жаңалықтарға мұрындық болар еді, инновациялық бағытта көшіміздің түзелуіне ат салысар еді,  ұстаздың дәрісіне зәру жастарға тәлім берер еді», - делінген ашық хатта.

Ал 2017 жылдың соңында Qamshy.kz порталы өткізген халықтық сауалнама нәтижесінде Саят Ыбыраев тәуелсіздіктің нығаюына қосқан үлесі үшін халықтық «Алаш арыстарының ізбасары» құрметті атағымен марапатталды. Аталмыш медальмен бүгінде тар қапаста жатқан тағы бірнеше азамат марапатталды.

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


  • 5 ай бұрын

    Ой, ардақты бауырым, сілтеме берейін, прокуратураның тіл жөнінде масқара жазған мақаласын десем, өзің жарқ ете қалдыңғой! Ісің алға бассын! Ғалымдарға да, өзіңе де, Саят інімізді қорғаған/қолдаған, басқан Қамшыға да алғыс!

    • 5 ай бұрын

      Қайдағы экстремизм?Босап шығуына мұқым қазақ тілектес!

      • 5 ай бұрын

        Әділет салтанат құруға тиіс! Саят бостандыққа шығуға тиіс!

        1
        Балаларды діни бағытта тәрбиелеген балабақшалар анықталды
        25/09 17:16 0 179
        2
        Қазақстанның запастағы офицерлері әскери жиынға тартылды
        25/09 17:13 0 1683
        3
        NUR.KZ журналисін өлтіріп кетті
        25/09 16:54 0 608
        Алматыда «Ұлттық терминжасам ұстанымдары: теория және практика» тақырыбында семинар-кеңес өтті
        25/09 16:31 0 208
        АҚШ-тағы Әз-Жәнібек ханның дулығасын Қазақстанға әкелсек...
        25/09 16:24 0 1293

        Таныстырылғандар

        Әсет Исекешевтің ашуына кім тиді?
        Әсет Исекешевтің ашуына кім тиді?
        Әсет Исекешевтің ашуына кім тиді?
        Әкім барлық валидаторлардың жұмысын ретке келтіруге тапсырма берді.
        28/08/2018 17:07 0 1895
        Дүниежүзілік пошта одағы Қазпоштаға баға берді
        Дүниежүзілік пошта одағы Қазпоштаға баға берді
        Дүниежүзілік пошта одағы Қазпоштаға баға берді
        Өткізілген семинар арқасында Қазақстанның пошта саласындағы жетістіктері мен қолданылып отырған технологиялары шетелдік сарапшылардың көңілдерінен шықты.
        30/08/2018 09:26 0 978
        АҚШ-та сотталған Диас Қадірбаев түрмеден шықты
        АҚШ-та сотталған Диас Қадірбаев түрмеден шықты
        АҚШ-та сотталған Диас Қадірбаев түрмеден шықты
        Ол жақын арада Қазақстанға жеткізіледі.
        30/08/2018 12:22 0 2059
        Анасының лифтіде өлгенін көрген сәби "мама" деп айта алмайды
        Анасының лифтіде өлгенін көрген сәби "мама" деп айта алмайды
        Анасының лифтіде өлгенін көрген сәби "мама" деп айта алмайды
        Ақтөбеде лифтіде жаншылып өлген тележүргізуші келіншектің өліміне байланысты сот басталды.
        06/09/2018 10:28 1 1983
        Елорда тұрғындары қоғамдық көліктерде жол ақысын QR-код арқылы төлей алады
        Елорда тұрғындары қоғамдық көліктерде жол ақысын QR-код арқылы төлей алады
        Елорда тұрғындары қоғамдық көліктерде жол ақысын QR-код арқылы төлей алады
        Үш қосымшаның бірін смартфоннан ашыңыз да, автобус салонындағы QR-код жапсырмасын іздеп табыңыз
        06/09/2018 17:21 3 1067
        Елбасының арманы: Қарағанды миллионер қала болуы керек
        Елбасының арманы: Қарағанды миллионер қала болуы керек
        Елбасының арманы: Қарағанды миллионер қала болуы керек
        70 жылдары ССРО көмір өнеркәсібі министрлігі көмірді шығару үшін қаланы Оңтүстік Шығысқа көшіруді жоспарлаған.
        07/09/2018 12:28 7 1203
        Құрлық әскерлерінің Әскери институтының курсанттары әскери ант қабылдады
        Құрлық әскерлерінің Әскери институтының курсанттары әскери ант қабылдады
        Құрлық әскерлерінің Әскери институтының курсанттары әскери ант қабылдады
        Әскер қатарында қызмет етіп, Отан алдындағы парызды өтеуге әрбір азамат міндетті
        10/09/2018 09:50 0 898
        Алматы қаласында «31 арнаның» жаңа телемаусымының тұсаукесері өтті
        Алматы қаласында «31 арнаның» жаңа телемаусымының тұсаукесері өтті
        Алматы қаласында «31 арнаның» жаңа телемаусымының тұсаукесері өтті
        «31 арнаның» Бас директоры Бағдат Қожахметовтың айтуынша, арнаның жаңа маусымы көрерменді су жаңа премьералармен және төл тележобалармен...
        08/09/2018 13:21 0 316
        Алматыда «Үздік инновациялық жоба» байқауы өз жалғасын тапты
        Алматыда «Үздік инновациялық жоба» байқауы өз жалғасын тапты
        Алматыда «Үздік инновациялық жоба» байқауы өз жалғасын тапты
        2013 жылдан өткізіліп жатқан шараны Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысымен «Ел-шежіре» қоғамдық қоры ұйымдастырып отыр
        10/09/2018 17:21 0 1012
        Ақтөбе қаласының наиб-имамы жаяу жүргіншіні қағып кетті
        Ақтөбе қаласының наиб-имамы жаяу жүргіншіні қағып кетті
        Ақтөбе қаласының наиб-имамы жаяу жүргіншіні қағып кетті
        7 қыркүйек күні Ақтөбеде наиб-имам әйел адамды жаяу жүргіншілер жолағында қағып кетті
        14/09/2018 13:28 0 973
        Қырғызстан Қазақстан елшісіне наразылық нотасын берді
        Қырғызстан Қазақстан елшісіне наразылық нотасын берді
        Қырғызстан Қазақстан елшісіне наразылық нотасын берді
        Жұма күні Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі Қазақстан елшісіне нота берілгені туралы хабарлады.
        15/09/2018 11:10 0 2042
        "Алатау - алтын ұям" атты аламан айтыс өз мәресіне жетті (видео)
        "Алатау - алтын ұям" атты аламан айтыс өз мәресіне жетті (видео)
        "Алатау - алтын ұям" атты аламан айтыс өз мәресіне жетті (видео)
        Алматыдағы "Алатау" дәстүрлі өнер театрында өткен "Алатауым - алтын ұям" атты аламан айтыс өз мәресіне жетті
        17/09/2018 17:31 0 1996
        Нұрлан Окаұлы "Qazaqstan" телекорпарациясы төрағасының орынбасары атанды
        Нұрлан Окаұлы "Qazaqstan" телекорпарациясы төрағасының орынбасары атанды
        Нұрлан Окаұлы "Qazaqstan" телекорпарациясы төрағасының орынбасары атанды
        Белгілі тележурналистр Нұрлан Окаұлы «Qazaqstan» телекорпарациясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
        18/09/2018 19:18 0 1604
        Терроризм мен экстремизм - замануи өркениеттің басты қауіп-қатері
        Терроризм мен экстремизм - замануи өркениеттің басты қауіп-қатері
        Терроризм мен экстремизм - замануи өркениеттің басты қауіп-қатері
        Соңғы онжылдықта бүкіл әлемде терроризм мен экстремизмнің құбылысы, оның нысандары мен көріністері байқалуда
        21/09/2018 14:47 0 1046
        Балаларды діни бағытта тәрбиелеген балабақшалар анықталды
        Балаларды діни бағытта тәрбиелеген балабақшалар анықталды
        Балаларды діни бағытта тәрбиелеген балабақшалар анықталды
        Арнайы тексеріс барысында елімізде балаларды діни бағытта тәрбиелеп келген балабақшалар анықталды.
        25/09/2018 17:16 0 179