Сауда капиталына неге мемлекет араласпауы керек?

Сауда капиталына неге мемлекет араласпауы керек?
ⒸVox Populi

Еліміздегі сауда жүйесіне қатысты отандық сарапшылар «әлеуметінің жағдайын ойлаған ел саудасының әлеуетін жақсартады» дейді. Енді бір қауым кез келген дамушы елде қарапайым халыққа қызмет көрсететін тауар бағасы арзан сауда нүктелері болуы керектігін алға тартады. Сарапшылардың пайымдауынша, мұндай жүйе халыққа да, нарыққа да тиімді. Жалпы, тауарлары арзан сауда нүктелері дегенде бізде біраз саусақпен санамалайтын азық-түлік дүкендері бар. Ал киім-кешегіңді тағы басқа қажеттілігіңді өтейтін арзан сауда орны қарапайым халық үшін «барахолка» атанып кеткен Алматының қара базары. Бірақ бүгінде елде жүріп жатқан «базар реформасына» қатысты сол қара базардың өзінде тауар бағасы құбылып ырыққа көнбей тұр. 

Бұл ретте сарапшы-маман, Айзада Халықова:

«Бүгінде біздің Үкімет банк секторының жұмысына араласуда, біршама компаниялардың да тыныс-тіршілігіне мемлекеттік бақылау күшейтілді. Осындайда «сауда капиталына неге мемлекет араласпауы керек?» деген ой туындайды. Өз басым бұл тұрғыда «елде жеңіл өнеркәсіп өнімдерін арзандатылған бағамен халыққа ұсынатын мемлекеттік сауда дүкендерін ашу керек» деп ойлаймын. Әрине, біздің елімізге киім-кешек атаулы шеттен келетіні белгілі. Осы тұрғыда мемлекеттік бақылау орнатылып, сол шеттен келетін тауарларды ешбір делдалдарсыз бірден мемлекеттік дүкендерге әкеліп түсіріп отырсақ, сонда халықтың арзан тауарға қолы жетер еді. Бұлай етпесек біздің елдегі сауда нүктелерінің дені жекеменшіктің қолына өтіп кетті. Олар ойына келген бағаларын аспандатып тұр. Бұл үрдіс сауда жүйесінің мінін көбейтпесе, азайтқан жоқ. Сауда нүктелерінің, сауда-саттықтың түгелдей жекеменшіктің қолына өтуі сауда саласындағы сауатсыздықты ұлғайтып отыр. Сондықтан елде мемлекеттік сауда дүкендері ашылуы керек. Бұл салаға жаңаша серпін қажет», – дейді. 

Ертерек қамдану да маңызды

Негізінен сауда-саттық хақында сөз еткенде мамандардың дені «ертерек болжам жасауға, жоспар құруға және қажетті нәрсені мезгілінен бұрын алуға қамданған жөн» деседі. Бұл пікірлер, әрине, «қыс қамыңды жаз сайла» деген нақылды нақтылай түспек... 

Бұған қатысты экономист-ғалым Жаңабай Алдабергенов:

«Жалпы, қазақ қауымы жанталасып сауда жасауға бейім. Кез келген затты нақ сол қажетті күні алуға даярмыз. Мысалы, оқу жылы басталардағы жағдайды ғана айталықшы, сол мерзімде қара базарға барсаңыз, мектеп қажеттілігін өтеуге қарбаласқан халық. Бұқараның бір парасы баласын мектепке даярлау үшін қолындағы бар қаржысы жетпей малын сатып жатса, енді бірі қарызданып-қауғаланып оқу құрал алып, мектеп формасын түгендеп әлек болады. Сауданың қызған шағы екенін сезініп, алдын-ала болжап отыратын саудагер қауымы бұл мезетте мектеп формасының бағасын аспандатып қояды. Халық амалсыз, қажеттілік болған соң саудаласпай-ақ алып жатады. Енді орташа есебін шығарып көрелік: 1 мектеп формасы орта есеппен 15 мың теңге болса, бір баланың оқу құралдар жиынтығы 20 мың теңгені құрасын; ал мектепке қажетті оқулық кітаптары сөз жоқ 25 мың теңгеден айналары сөзсіз. Сонда бір баланы мектепке даярлау үшін орташа есеппен жоқ дегенде бір отбасына 50-60 мың теңге қажет. Ал бір отбасында үш-төрт бала болса еріксіз несие аласыз немесе қолдағы малыңызды сатасыз болмаса біреуден қарыз сұрайсыз»,-дейді. 

Біздегі мерзімдік сауданың сипатын осылай тізбелеген маман ақша жаратуда жалпы, сауда-саттық жасауда өзіндік жоспар, болжам, қосымша жинау қажеттігін құлаққағыс жасауда... 

Сауатты сауда көңілді сергітеді

Жалпы, сауда-саттыққа қатысты саудада сатушылардың амал-айласын және маркетингтік жүрістерді бақылап тұру керек. Сондай-ақ сауда жасауға қомақты қаржымен барудың да қажеті жоқ. Ал бізде бұл үрдіс керісінше, қазақтардың басым бөлігі мыс-мыс ақшаны қалтаға басып алып базар аралауға, дүкенге барса жалақысының кем дегенде 20 пайызын сол дүкенге қалдырып кетуге бейіл. Осыдан барып қомақты қаржыны базарда ұрлатып алу; айлықтан айлыққа әрең жету үрдісі көбеймек. Ал мұндайда «сауданы қалай сауатты жасауға болады» деген сауал еріксіз туындайды. Ол үшін мынадай ұстанымдарды жадымызда ұстаған жөн көрінеді:

• Бірінші, жоспарсыз сауда жасаудан сақтану үшін әмиянға көп ақша салып жүрудің қажеті жоқ. Бұл – үнемділікке және қаржыңыздың қолды болуынан сақтайтын алғашқы жол.

• Екінші, жалақы алған күні дүкендерге әсіресе киім дүкендеріне, базарға барудан бас тарта тұрыңыз. Себебі сіз қолыңызға тиген ақшаның буымен ертеңгі күніңізді ойламай, өзіңізге қажетсіз нәрселерді көптеп алып қоюуыңыз мүмкін.

• Үшінші, қолыңызға қаржы тиген соң алдымен өзіңізге қажетті азық-түліктің легін жазып, тізіп алыңыз. Бұдан соң қандайда бір зат алуға барғанда әрқайсысының тұсына қанша мөлшерде ақша кеткенін белгілеп қойыңыз. Бұл да кеткен ақшаның есебін шығаруға өте қолайлы дүние. 

• Бұдан соң күнделікті жұмсаған қаржыңызды дәйім белгілі бір дәптерге есептеп жазып отырыңыз. Бұл да шығыс пен кірісті есептеуге, үнемдеуге таптырмайтын – тәсіл. 

• Мерзімдік саудада сақ болыңыз. Абзалы мерзімдік саудаға ұрынғаннан гөрі ертерек қам жасауға талпыныңыз.

«Осы қағидаларды меңгерген адам сауда жасауда ұтылмайды, бұлай еткен жанның саудасы базарлы болады. Міне, арзан саудаға осылай қол жеткізуге болады» деседі мамандар...

Қарлығаш Зарыққанқызы

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Ардақ Әшім: “Әблязов қазақстандықтардың саяси білімін ашты”
    26/05 04:31 0 159
    2
    Қарағандыдағы оқыс оқиға: қала әкімі қаза тапқан баланың жанұясына көңіл айтты
    26/05 03:44 0 594
    3
    Илон Маск әлемге тегін интернет тарату жұмысын бастады(видео)
    26/05 02:19 0 210
    Биылғы Канн фестивалінің жеңімпаздары анықталды. Жүлдегерлер қатарында кімдер бар?
    26/05 01:49 1 207
    Ғалымдар Мона Лизаны тірілтті(видео)
    26/05 01:47 0 351

    Таныстырылғандар

    Атырауда жаңа кәріз-тазарту кешенінің құрылысы тыңғылықты жүргізілуде
    Атырауда жаңа кәріз-тазарту кешенінің құрылысы тыңғылықты жүргізілуде
    Атырауда жаңа кәріз-тазарту кешенінің құрылысы тыңғылықты жүргізілуде
    Құрылыстың мақсаты – экологиялық жағдайды жақсарту, сол жағалау дренаждарының үзіліссіз кетуін қамтамасыз ету.
    Аудио тыңдау
    21/05/2019 18:08 0 194
    Cайлау бюллетеньдерін басып шығаруға қанша қаражат кетеді?
    Cайлау бюллетеньдерін басып шығаруға қанша қаражат кетеді?
    Cайлау бюллетеньдерін басып шығаруға қанша қаражат кетеді?
    Бұл туралы 21 мамырда Нұр-Сұлтанда өткен ОСК жиынында айтылды
    Аудио тыңдау
    21/05/2019 18:56 0 292
    Орта есеппен 2,5 млн теңге жалақы төлейтін қаланы білесіз бе?
    Орта есеппен 2,5 млн теңге жалақы төлейтін қаланы білесіз бе?
    Орта есеппен 2,5 млн теңге жалақы төлейтін қаланы білесіз бе?
    Бұған дейін осы тізімде Цюрих қаласы бірінші болып тұрған. Қазір ондағы орташа жалақы Сан-Францискоға қарағанда 400 долларға кем.
    Аудио тыңдау
    22/05/2019 01:48 0 359
    Лондон мен Нью-Йорк қалалары жер бетінен жойылуы мүмкін. Неге?
    Лондон мен Нью-Йорк қалалары жер бетінен жойылуы мүмкін. Неге?
    Лондон мен Нью-Йорк қалалары жер бетінен жойылуы мүмкін. Неге?
    Бұл үдеріс теңіз деңгейінің 62 сантиметрден 238 сантиметрге дейін көтерілу қаупін төндіреді.
    Аудио тыңдау
    22/05/2019 09:35 0 2538
    "Головкиннің әрекеті оның деңгейіне сәйкес келмейді…" – Елеусінов арадағы дауға нүкте қойды
    "Головкиннің әрекеті оның деңгейіне сәйкес келмейді…" – Елеусінов арадағы дауға нүкте қойды
    "Головкиннің әрекеті оның деңгейіне сәйкес келмейді…" – Елеусінов арадағы дауға нүкте қойды
    Рио Олимпиадасының чемпионы, кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов сұхбатында бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкинге қатысты дау неден туындағанын түсіндірді.
    Аудио тыңдау
    22/05/2019 11:55 0 812
    Аңызға айналған  Марадонаны полиция  неге тұтқындады?
    Аңызға айналған Марадонаны полиция неге тұтқындады?
    Аңызға айналған Марадонаны полиция неге тұтқындады?
    Олива ханым, әйгілі футболшыдан әлгі ақшаны өндіріп алу үшін сотқа шағымданған.
    Аудио тыңдау
    23/05/2019 06:05 0 1605
    Димаш Құдайберген алғашқы жеке альбомы қашан шығатынын хабарлады
    Димаш Құдайберген алғашқы жеке альбомы қашан шығатынын хабарлады
    Димаш Құдайберген алғашқы жеке альбомы қашан шығатынын хабарлады
    Альбомның атауы қандай болатыны әзірге белгісіз.
    Аудио тыңдау
    24/05/2019 09:23 0 93
    Түркістандағы тек Маминге арналған "мәр-мәр тас" (видео)
    Түркістандағы тек Маминге арналған "мәр-мәр тас" (видео)
    Түркістандағы тек Маминге арналған "мәр-мәр тас" (видео)
    Мамин келеді деп салады, Мамин кеткен соң қайта жинайды
    Аудио тыңдау
    24/05/2019 10:40 1 3625
    Тасмағамбетов жаңа қызметке тағайындалды
    Тасмағамбетов жаңа қызметке тағайындалды
    Тасмағамбетов жаңа қызметке тағайындалды
    Атырау облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті бастығының орынбасары болып Құрманғали Тасмағамбетов тағайындалды
    Аудио тыңдау
    24/05/2019 11:48 0 14395
    Зеленский отставкаға кете ме?
    Зеленский отставкаға кете ме?
    Зеленский отставкаға кете ме?
    Украиналықтар Зеленскийдің отставкаға кетуін талап етуде
    Аудио тыңдау
    24/05/2019 15:10 0 3804
    14 жыл бұрынғы құпия өлім: Алматыда ресейлік бизнесменді өлтірген киллер-әйел кім?
    14 жыл бұрынғы құпия өлім: Алматыда ресейлік бизнесменді өлтірген киллер-әйел кім?
    14 жыл бұрынғы құпия өлім: Алматыда ресейлік бизнесменді өлтірген киллер-әйел кім?
    Ресейлік ірі бизнесмен Рамазан Чаркселианиді Алматы-1 маңында 2005 жылы атып кеткен болатын.
    Аудио тыңдау
    24/05/2019 18:54 0 3077
    "Славян базары - 2019" өнер фестиваліне Қазақстан атынан баратын үміткер анықталды
    "Славян базары - 2019" өнер фестиваліне Қазақстан атынан баратын үміткер анықталды
    "Славян базары - 2019" өнер фестиваліне Қазақстан атынан баратын үміткер анықталды
    Әділқазылар алқасы ақтық сынға жіберген 18 әншінің арасынан ең көп ұпай жинаған үміткер...
    Аудио тыңдау
    25/05/2019 13:41 0 814
    Трамп Жапонияға не мақсатпен бара жатыр?
    Трамп Жапонияға не мақсатпен бара жатыр?
    Трамп Жапонияға не мақсатпен бара жатыр?
    АҚШ президенті Дональд Трамп жақын арада жұбайы Меланья екеуі бірге Жапонияға баратынын жариялады
    Аудио тыңдау
    25/05/2019 16:00 0 789
    Бұлар ... өмірде жоқ...
    Бұлар ... өмірде жоқ...
    Бұлар ... өмірде жоқ...
    Кезінде атом бомбасын жасаушылар да осылай толғанған. Бірақ бәрібір жасаған.
    25/05/2019 17:39 0 1718
    Жаңаөзенде балалар ойнайтын батутты жел ұшырды (видео)
    Жаңаөзенде балалар ойнайтын батутты жел ұшырды (видео)
    Жаңаөзенде балалар ойнайтын батутты жел ұшырды (видео)
    Облыс әкімінің баспасөз хатшысы Самат Сүлей атап өткендей, оқиға бүгін таңертең болған...
    25/05/2019 21:43 0 168