• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 17:41:44
Алматы
+35°

12 Қазан, 2017 NEWS

Сауд Арабиясы Йемен жұртын аштықтан қырды (фото, видео)

Йеменге азық-түлік жеткізуге тиым салған Сауд Арабиясы йемендіктердің аштан қырылуына себепкер болды.

Йеменге азық-түлік жеткізуге тиым салған Сауд Арабиясы йемендіктердің аштан қырылуына себепкер болды,- деп Qamshy.kz ақпараттық агенттігі Reuters мәліметіне сүйене отырып жазады.

Өткен жылдың соңында cингапурлық «Кота Назар» атты 636 контейнері бар: болат, қағаз, медицина және басқа да тауарларымен Йемендегі соғыстан зардап шеккен ең үлкен жүк порты Ходейдаға беттеген.

reuters

Алайда, соңғы 30 айда Йеменді азық-түлікпен қамтамасыз еткісі келген басқа кемелер сияқты «Кота Назар» да онда жеткен жоқ. Өйткені, Сауд Арабиясының әскері кемелерді Қызыл теңіздегі Йемен порттарына өткізбей, жолды жауып тастады.

Сауд Арабиясы және оның басқа да араб одақтастары 2015 жылдан бастап Йемен суында және оның айналасындағы теңіз порттарына әскери күштерін орналастыра бастаған. Ал батыс елдері болса, Сауд Арабиясы Йеменнің танылған халықаралық үкімет екендігін жоққа шығарғысы келетіндігін мойындайды.

Бұл блокада өте маңызды мәселе, тіпті, қару-жарағы жоқ, тек азық-түлік қана тасымалдайтын кемелердің өзі Йеменге жіберілмей отыр.

A U.N. атты  2016 жылдың мамырында сауда-саттық тауарларының кейбірін тосқауылдан шығару үшін құрылған жүйенің өзі Йемен халқына қажетті тұрмыстық заттармен қамтамасыз етуді де іске асыра алмады.

reuters

Біріккен Ұлттар Ұйымына сүйенсек, 28 миллион халқы бар Йеменді оқшаулатудың салдарынан халқының төрттен бір бөлігі аштан қырылуда. Соғыс елдегі 10 000 адамның өмірін қиды. Жарты миллионға жуық бес жас шамасындағы балалар тамақтанбаудың салдарынан ауруға шалдығуда. Мәселен, соңғы алты айда 2 135 адам, ішінде көбіне балалар бар йемендіктер тырысқақ ауруынан қаза тапқан.  

Көмек көрсету агенттіктері осы жылы Йеменге зат тасымалдауды ұлғайтқанмен, ол халыққа түк те болмайды. Себебі, Йемен 85% азық-түлік заттары мен дәрі-дәрмектерді шетелден тасымалдайды, бірақ соңғы кезде тауар тасымалдау мүлдем азайып кетті. Салыстыру үшін 2014 жыл мен биылғы жылды алайық: осы жылдың өткен 8 айында Йеменге небары 21 контейнер жеткізілсе, 2014 жылы алдыңғы сегіз айда 129 контейнер қаншама есе көп зат тасымалдаған.

Сауд Арабиясының АҚШ-тағы елшісі Абдулла Аль-Моалими өткен аптада Йеменге азық-түлік пен медициналық заттардың жолда өткізілмей, тыйым салынып жатқандығын жоққа шығарды. Ол «Йеменге барлық тауарлар жеткізілуде» деді.

reuters

Көмек көрсету кемелері жолда ұсталған. Олардың біреуі 300 мың адамға жететін антибиотиктерді, хирургиялық құралдарды және тырысқақ пен безгекке қарсы дәрі-дәрмектерді жеткізбек болған. Бұл кеме үш айға жуық тұрып қалған, оның барысында $20,000 қаржыны құрайтын дәрі-дәрмек мерзімі аяқталып, зақымданған.

Ал өткен шілде айында Йеменнің айлық қолданысының 10 пайызын құрайтын 71,000 тонна отын елге тағы да жіберілмеді. Ал олардың екеуі тек екі аптадан кейін ғана Йеменге кіруге рұқсат алған.

Осындай тыйым салулардың салдарынан Йемен халқы аштықтан қырылуды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір