• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 23:07:23
Алматы
+35°

17 Мамыр, 2019 NEWS

Сатқын саясаткер түрмеге тоғытылғалы жатыр

ҰҚК мәлімдеуі бойынша, "БАҚ туралы заңның" талаптарына сәйкес, мекеме сотқа дейінгі жасалатын амалдар туралы мәлімет бермеуге құқылы-мыс.

Саясаткер Константин Сыроежкин қазіргі уақытта мемлекеттік құпияны ашқаны үшін, яғни, сатқындығы үшін тұтқында отыр. Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық Қауіпсіздік комитеті мәлімдеді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"2019 жылдың 15-қаңтарында ҰҚК-да 1956 жылы туған ҚР азаматы Константин Сыроежкин Львовичтің тарапына 175-баптың 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған", - делінген мәлімдемеде.

Аталмыш бап бойынша істі болған азаматтарға 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төнеді. Сондай-ақ, азаматтығын алып қоюы да мүмкін.

"Үстіміздегі жылдың 19-ақпанында Алматы қаласының тергеу соты қамаққа алу туралы үкім шығарған. Қазір тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде", - дейді ҰҚК баспасөз қызметі.

ҰҚК мәлімдеуі бойынша, "БАҚ туралы заңның" талаптарына сәйкес, мекеме сотқа дейінгі жасалатын амалдар туралы мәлімет бермеуге құқылы-мыс.

Константин Сыроежкин – қазақстандық саясаткер, шығыстанушы, синолог. 2006 жылдан бастап ҚР Президентінің қол астында Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында жұмыс жасаған.

Аударған: Әділет Мәдениет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір