• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 10:16:03
Алматы
+35°

16 Наурыз, 2018 NEWS

Сарыағаштағы зорлыққа қатысты күмән тудыратын сәйкестіктер пайда болды

ОҚО, Абай ауыында жоғары сынып оқушылырынан жәбір көрген 7 жасар бала Астанаға жеткізілді. Желі белсенділері бірінші сынып оқушысының ...

Желі белсенділері бірінші сынып оқушысының ісіне қатысты айыпталушылар туралы күмән тудыратын сәйкестіктерді анықтады. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасай отырып хабарлады.

Бірінші сынып оқушысын зорлады деген жеткіншектің тегі мектеп директорының тегімен сәйкес, Селтановтар екені белгілі болды. Тағы да айта кетерлігі аудандық мәслихат депутаты, жәбір көрдім деген балаға алғаш тексеріс жүргізген дәрігер-уролог және ОҚО ІІД криминалды полиция бастығы да Селтановтар болып шықты.

Ашық деректер қоры да бұл мәліметті растап отыр. 7 жастағы бірінші сынып оқушысы Нұрсұлтан оқитын №74 мектеп директоры Бейбігүл Селтанова, ОҚО ІІД криминалды полиция бастығы Бауыржан Селтанов және Сарыағаш аудандық мәслихат депутаты Сапарғали Селтанов та бір мекен-жайда тіркелгені белгілі болды.

Айта кететін болсақ, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Сарыағаш ауданы Абай ауылында орын алған келеңсіз жағдайға байланысты жауапты тұлғаларға ескерту мен сөгіс берген еді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір