• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 18:16:48
Алматы
+35°

19 Маусым, 2017 NEWS

Сарапшылар пікірі: Қазақстан криптовалютаға өтуі тиіс пе?

Экономист Арман Байғанов криптовалютаның Қазақстандағы маңызы мен оның елімізге қажеттілігі туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды

Экономист Арман Байғанов криптовалютаның Қазақстандағы маңызы мен оның елімізге қажеттілігі туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев валюталық дағдарысқа "бірегей жауап" ретінде криптовалютаны атады. Astana Best Consulting Group экономисті Арман Байғанов мемлекет басшысымен келіседі, алайда виртуалды валютаға өту процесін ұзақ әрі бейнетті болады деп есептейді.  Криптовалюта – бұл қолдан жасаудан толық қорғалған және абстрактылы сенімге емес, нақты активтермен қамтамасыз етуге негізделген виртуалды валюта. Астана экономикалық форумның жабылу салтанатында сөз алған ел президенті "бұл ақша демократиялық, яғни бүкіл дүниежүзінің тұтынушыларымен қабылдануы тиіс, сондықтан бұл істе мемлекеттер барынша көптеп қатысқандары жөн", деп атап өткен.

Расында, әлемдік экономиканың "санға" кіріп кеткеніне біраз болды. Виртуалды биткоин мен оның көптеген туыстарының сенімділігі мен бақыланбауына қатысты мәселе бүкіл әлемде қызу талқыланып жатыр. 

Кейбір сарапшылардың пікірінше, криптовалюта – санаспауға болмайтын факт, бұл ретте одан бүкіл валюталық дағдарыстан құтқаратын панацеяны көреді, ал өзгелер керісінше сенбейді және виртуалды валютадан "аулақ жүруге" кеңес береді. Ал енді бір сарапшылар виртуалды валютаның бүгін болмаса ертең қолданысқа енетініне сенімді.  "Криптовалюта енгізуге сақтықпен қарау керек, — деп санайды Байғанов. – Әлемде қазір әртүрлі криптовалюта бар, олардың арасында ең кең таралғаны – "биткоин". Валютаның бұл түрі ешкіммен реттелмейді және ештеңемен қамтамасыз етілмеген. Яғни оның бағасы нарыққа қатысушылардың бұл активке деген сенімділігінен шығады. Бұл атышулы МММ қаржы пирамидасы секілді: бағасы бірден өсіп кетуі мүмкін, сондай-ақ кенеттен түсіп кетуі де мүмкін". 

Сарапшының түсіндіруінше, әрекеттегі криптовалюталардың котировкалары қатты құбылмалы болып табылады, сондықтан қаржылық тәуекелділігі жоғары және табиғаты бойынша көбіне саудагерлікке келеді.

Сондай-ақ виртуалды валюталар әртүрлі манипуляциялар мен хакерлік шабуылдардан сақтандырылмаған. "Егер Қазақстанда енгізу туралы айтар болсақ, ол қолма қол ақша айналымынан бас тартуды білдіреді, бұл ретте әрекеттегі блокчейн жүйесінің тәжірибесін пайдалану", — дей келе Байғанов қазір Ресей Орталық банкі жасап жатқандай өз елінде виртуалды валюта жасап көру қажет деген пікір білдіреді.  "Криптовалютаның қызмет ету жүйесінің өзі Ұлттық банк тарапынан реттелуге тиіс, сонымен бірге әрине алтынмен және Қазақстан экономикасымен қамтамасыз етілуі қажет. Блокчейн жүйесін енгізуде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге назар аудару қажет", — деп есептейді экономист.   Жалпы, оның пікірінше, блокчейн негізінде криптовалюта енгізумен қолма қолсыз ақша айналымына өту қаржы ағындарын ашық етіп, жемқорлық пен көлеңкелі экономиканы жоюға көмектеседі. Бірақ бірден емес. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір