• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 18:30:43
Алматы
+35°

29 Маусым, 2017 NEWS

САРАПШЫЛАР ӘЗІРБАЙЖАН БАНКІНЕН ҚАРЖЫНЫ ҚАЙТАРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫН ТАПТЫ

Осыдан біраз уақыт бұрын зейнетақы қоры Әзірбайжан банкіне 71 млрд. 300 млн. инвеститция құйып, қыруар қаржыны қайтара алмауы мүмкін екені айтылған. Әзірбайжан...

Осыдан біраз уақыт бұрын зейнетақы қоры Әзірбайжан банкіне 71 млрд. 300 млн. инвеститция құйып, қыруар қаржыны қайтара алмауы мүмкін екені айтылған. Әзірбайжан банкі банкрот болып, қарызды қайтара алмау туралы пікірлер айтылды. Бұл хабар қоғамда қызу талқыланып, БАҚ өкілдері оны жарыса жазған еді.

Содан бері біраз уақыт өтті.  Банкротқа ұшарыда деген Әзірбайжан банкі қаржыны қашан қайтарады? Қазақстан жұмсалған қаражатты қандай жолмен алмақ? Осыған байланысты өткен жағдайға көз жүгіртіп аталмыш мәселенің шығу тегіне үңіліп, шешімі қандай болуы мүмкін екеніне Қамшы ақпараттық агенттігі болжам жасап көрдік.

Зейнетақы қоры төңірегіндегі мәселені шешу үшін ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Әзірбайжанның Үкімет басшысымен кездесті. Іс барысында Әзірбайжан банкінің  Қазақстанға ғана емес басқа да елдерге қарыз екені анықталды.

Әзірбайжан банкі қарыз елдердің өкілдері Лондонда кездескен болатын. Оған  ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев те қатысты. Лондондағы бас  қосудан кейін  Әзірбайжан тарапы Қазақстанға қарызын қайтаратынын айтып, үш түрлі жолын ұсынғанын жеткізді.

Атап айтсақ, Әзірбайжан банкі 250 миллион долларды, құны 200 миллон доллар болатын Әзірбайжанның мемлекеттік құнды қағаздарына айырбастауды ұсынған. Бастапқы уақытта 10 жылда қайтарамыз деген Әзірбайжан банкі өкілдері, енді 12 жылда өтеп береміз деп отыр.  Бұл қағаздардың жылдық ставкасы 5% шамасында. Екінші нұсқа да тура осындай. Айырмашылығы мемлекеттік құнды қағаздардың бағасы 250 миллион долларға тең. Алайда оны қайтару мерзімі 15 жыл және жылдық ставкасы бар болғаны 3,5% дейін азаяды.

Қарызды қайтарудың 3-ші жолы -  250 миллион долларды, Әзірбайжан халықаралық банкінің құны 250 миллион доллар болатын жаңа облигацияларына айырбастау. Көршілес ел жылдық  ставкасы 3,5 % болатын бұл берешектерін 7 жылда өтеп береміз деп уәде еткен болатын.

ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев ұсынылған үш жолдың да Қазақстан үшін тиімсіз екенін айтып, қаржыны қайтарып алудың оңай болмайтынын да айтып отыр.

Тиімді әрі сенімді жолын таңдау барысында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов үш ұсыныстың Қазақстан сарапшылары арасында талқыланып жатқанын хабарлады.

Сарапшылар Қазақстан үшін ең тиімді жол ретінде Әзірбайжанның Халықаралық банкі ұсынған 3-ші жолды таңдап отыр. Нақтылай түссек, 250 миллион долларды, Әзірбайжан халықаралық банкінің құны 250 миллион доллар болатын жаңа облигацияларына айырбастау. Көршілес ел жылдық  ставкасы 3 жарым пайыз болатын бұл берешекетерін 7 жылда өтейді.

Әзірбайжан банкі ұсынып отырған үш жолдың қайысысы мемлекет үшін тиімді деген сауалмен "Pro gente" экономикалық зерттеу орталығының жетекшісі, экономист Мақсат Халықтың сарапшы ретінде пікірін білген едік. Мақсат Халықтың айтуынша, 250 миллион долларды, Әзірбайжан халықаралық банкінің құны 250 миллион доллар болатын жаңа облигацияларына айырбастау 3,5%-бен  7 жылда қайтарылуы тиімді. Халықтың қаржысы қаншалықты тез қайтарылса, соғұрлым жақсы.

ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Әзірбайжан банкіне 71 миллиард теңге инвестиция 2014 жылы салынғанын айтып, ол тұста Ұлттық банкті Қайрат Келімбетов басқарып тұрғанын жеткізді. Қыруар ақшаны Зейнетақы қорынан инвестициялау сол кездегі басшылардың шешімі екенін айтып өткен. Бір сөзінде Данияр Ақышев: «Менің Әзірбайжан банкімен болған келісімге қатысым болуы мүмкін емес» деп ат тонын ала қашқан.

Бір деректерде Әзірбайжан тарапы қарызды мезгілінен бұрын қайтаруға келіспегені туралы айтылса, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басшысы Қайрат Келімбетов Әзірбайжан банкі БЖЗҚ ақшасын түгел қайтаратынын және бұл мәселе халықтың бұған алаңдамай-ақ қойса да болатынын айтты.

Қайрат Келімбетовтың айтуы бойынша, шілде айының соңында Әзірбайжан банкі ұсынған үш варианттың бірін таңдау үшін жүргізілген сайлау аяқталып, барлық қаржы Зейнетақы қорына қайтарылады.

Сонымен қатар, Қайрат Келімбетов дамушы нарыққа инвестицияланған Зейнетақы қорының қаржысына тоқталып өтті. Олардың қатарында Әзірбайжанмен қатар Ресей мен Түркия да бар. Дамушы нарыққа қор қаржысын инвестициялау табысты жоғарылатады деп жоспарланған. Активтердің 80 пайызы Мемлекеттік қысқа мерзімді облигацияларға, банк облигацияларына теңге есебінде инвестицияланған болатын. 2015 жылы инвестициялау негізінде 15 % пайда кірген. Әзірбайжан банкіне инвестицияланған 45 млрд. теңгенің (доллар 180 теңгеге тең) 17 миллиарды қайтарылды.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Сәуле Егеубаеваың мәлімдеуінше, 2016 жылдың 1 маусымында проблемалық салымдардың үлесі номиналдық құны бойынша 45 млрд теңге болған.

Ал 2017 жылдың 1 маусымынан бастап жалпы зейнетақы қорының өлшемі 6,99 трлн теңгеге жеткен. Жылдың басындағы есепке қарағанда 309,6 млрд теңгеге (4.6%) көтерілген. Айлық орта төлем  бір адамға 11 264 теңгені құрап отыр. 

Айгерім ТАУБАЙ

Aigerim Taubay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір