• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 04:53:48
Алматы
+35°

29 Тамыз, 2018 Әлем

Сақ болыңыз! Суши жеген 71 жастағы қария қолынан айырылды

Суши жеген 71 жастағы қарияның 12 сағаттан кейін сол жақ алақаны ісіп кетіпті.

Оңтүстік Кореяда дәрігерлер сушиден уланған жергілікті тұрғынның қолын шынтағына дейін кескен. Себебі суши жеген 71 жастағы қарияның 12 сағаттан кейін сол жақ алақаны ісіп кетіпті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-тың дерегін негізге алып. Дәрігерлер мұны шикі балықта кездесетін етқоректі Vibrio Vulnificus бактерияларының ағзаға енуінен деп түсіндірді.

Оңтүстік кореялық дәрігерлер науқастың қолына дренаж жасап, залалданған ұлпаларды алып тастайды. Кейін арнайы антибиотик дәрілерді жазып берген. Өкінішке қарай бұл ем ешқандай нәтиже бермепті, тіпті қолы өліеттеніп кеткен. Сол себепті дәрігерлер қарияның алақаны мен қолынан шынтағына дейін кесуге мәжбүр болған. 

Айта кетсек, Vibrio Vulnificus бактериясы (вибриондар) – аса қауіпті ауру қоздырғыштар болып саналады. Адамның ағзасына шикі теңіз өнімдері арқылы немесе ашық жарақатпен теңіз суына шомылғанда түсуі мүмкін.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір