• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 12:16:29
Алматы
+35°

26 Қараша, 2018 Аймақтар

Сананы серпілтудің қайнар көзі

Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы оның қоғамдық сананы жаңғыртуға қатысты шыққан мақаласының логикалық жалғасы болып табылады

Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы оның қоғамдық сананы жаңғыртуға қатысты шыққан мақаласының логикалық жалғасы болып табылады. Мақала «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт», «Тарихи сананы жаңғырту» атты бөлімдерден тұрады. Президент аталмыш мақаласында ұлттық болмысымызды сақтап, тарихымызды жаңғырту мәселесіне кеңінен тоқталған. Жаппай жаһандану жүріп жатқан қазіргі уақытта жер бетіндегі халықтардың көбі өзіндік төлтума ұлттық, көркем ерекшеліктерінен айырылуда. Осы тұста, қазақ этносының тілі мен ділі, психологиясы мен дүниетанымы, мәдени қазынасы, ұрпақтар қадірлейтін мұрасы болып дамуы қазіргі кезеңнің басты мәселесі болып отыр.

Жаһандық сұхбатта еліміздің бейнесін танытатын ұлттық діліміз, ұлттық болмыс пен дүниені тану ерекшеліктері, салт-санасы мен абыройлы дәстүрі, ұлттық тілі мен діни сауаты, ата тарихы, жер қойнауындағы байлықтары болмақ. Ең негізгісі, әлемдік сан салалы тартыста тәуелсіз елдің қадірі оның тарихы, тілі, көне ата-баба дәстүрінің қолдану аясы және маңыздылығымен өлшенеді. Толеранттылық, ашықтық, дәстүрге деген құрмет, жаңашылдықты қабылдай алу, табиғатқа жақындық сияқты түркі мәдениетінің дәстүрлі құндылықтары заманауи әлемдік өркениетке ауадай қажет. Міне, Елбасының патриотизм мен туған елге деген сүйіспеншілікті, ұлтаралық қатынасты нығайту, өз мәдениетіміз, дәстүріміз бен тілімізді сақтап қалу, әлеуметтік және саяси тұрақтылықты орнату, оның тарихын зерттеу мен насихаттауға бағытталған аталмыш мақаласы осы тұрғыдағы алға қойылған біраз міндеттерді мүдірмей орындап, мемлекеттің халықаралық аренадағы беделін арттыруға өз үлесін қосады.

Динара ЖАҢАБАЕВА

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір