• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 19:39:07
Алматы
+35°

23 Мамыр, 2019 Әлем

Сән индустриясының сұмдығы

Қазіргі уақытта "Fashion victim" (ағыл. сән құрбаны) термині танымал. Оны ғылымға Оскар де ла Ринс атты дизайнер енгізген.

XVIII ғасырдағы сән қуғандар қақаған қыста шифон киімдер киіп, пневмониядан қайтыс болған. Жынды ма дерсің, бірақ бұл сол кезде сән болған. Алайда оларға заманауи сән қуғандардың есуастығына жету қайда! Сүйегі көрінгенше салмақ жоғалтып, жүйкелері бұзылғанша дүкен аралап, сән үшін денесін тілімдеген сәнгерлерге не дерсің деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Мысалы, израильдік әйел шекесіне Swarovski кристалды тастарынан жұлдыз бейнесіндегі тату жасатқан. Қыздың сөзіне қарағанда, операциядан кейінгі алғашқы күндерде шекесіндегі тас кристалдар алақанын талай рет жаралаған. Суретті жасаған шеберлердің айтуы бойынша, кристалды татуировканы алып тастау мүмкін емес. Алып тастаған күннің өзінде, одан қалған із ешқашан кетпейді. Осындай жұлдызды салдыру үшін супермодель 34 000 доллар ақша жұмсаған.

Қазіргі уақытта "Fashion victim" (ағыл. сән құрбаны) термині танымал. Оны ғылымға Оскар де ла Ринс атты дизайнер енгізген.  

Сән құрбаны - сәнге деген тым артық сүйіспеншілігі мен оның заңдарына шектен тыс мойынсұнатын адам. Ыңғайсыз киімдер киіп, үнемі диета ұстап, пластикалық операция жасатып, сән үшін өздерін аямайтындар дәрігерлер мен психологтардың, психиатрлардың алаңдаушылығын тудырып отыр.

Сарапшылардың пікірінше жұлдыздардан бөлек жасөспірімдер, 45 жасқа дейінгі әйелдер, мегаполис тұрғындары және жарнама бизнесі, сән индустриясындағы және PR саласындағы  мамандар жиі сән құрбанына айналады. Кәсіби мамандардан басқа психологиясы әлсіз немесе көптің назарында болуды ұнататындар сұмдық қадамдарға барады.

Осылай сән қуғандар түрлі ауруларға шалдығады:

  1. Анорексия

1

Салмақ жоғалтуға болмайтын жағдайдың өзінде тамақ жеуден бас тартатын сән құрбандары арасындағы ең танымал ауру. Осындай ауру түрлерінің арасында анорексия өлім саны бойынша бірінші орында тұр. Ауру алғаш рет өткен ғасырдың 80 - жылдары атақты әнші Карен Карпентер анорексиядан қайтыс болған кезде айтылды. Бұл ауру актриса Эдди Седжвик, Изабел Каро, апалы-сіңілі Люсель және Элиана Рамос атты модельдердің өмірін алған.

  1. Бұлшық ет дисморфиясы

1

Бұл – өздігінен бұлшық ет массасын көбейтуге ұмтылу. Бұлшық ет дисморфиясы анорексияның еркек нұсқасы деп аталады. Психологтардың пікірінше, жасөспірімдер мен жастардың 30-дан 75 пайызына дейін өз денелеріне қанағаттанбайды. Сондықтан психологиялық зардап шегеді. Жас жігіт өзінің әлсіз, нәзік көрінетініне ызаланып, жаттығу залдарынан шықпауы мүмкін. Ол диета ұстап, ауырсынуды сездіртпейтін дәрілерді қолданады. Бұлшықет дисморфиясынан зардап шеккен адамдар арасында өлім саны өте жоғары. Олардың өмірі қауіпті препараттарды қабылдаудың салдарынан және депрессия негізінде өз-өзіне қол жұмсаумен аяқталады. 

  1. Танорексия

4

Бұл термин ультракүлгін сәулелерге психологиялық тәуелділік дегенді білдіреді. Олар барлық уақытын күнге қыздырғыш машиналарға жұмсайды, денесін күйдіру үшін ультракүлгін сәулелерді шеттен тыс қабылдайды. Бұл ауруға әсіресе күн көп түспейтін елдердегі 13-16 жастағы қыздар ұшырайды. Жақсы көрінуге деген ниет, әрине, әйел заты үшін жақсы. Алайда күніне бір рет ультракүлгін сәулелерді қабылдау мақсатына айналғанда, жағдай бақылаудан шығады.

«Егер солярийге кем дегенде бір күн бармасам, өзімді ақшыл және мөлдір сезінемін», - дейді танорексимен ауыратын жасөспірім қыз.

Жыл сайын тек Ұлыбританияда 100-ге жуық адам осындай машиналарды көп қолданғаннан өмірден өтеді. Дәрігерлер қазірдің өзінде 16 жасқа толмаған балаларға тотығу салондарына баруға ресми түрде тыйым салған. Америка Құрама Штаттарының 27 штатында солярийге бару үшін жасөспірімдер ата-аналарынан рұқсат алуы керек. Австралияда дерматологтар ультракүлгін сәулелердің және жасанды бояулардың қауіптері туралы студенттерге үнемі  хабарлап отырады. Бұл тері ауруына әкеліп соғады. Австралиядағы тері рагының жиілігі әлемде ең жоғары көрсеткіштердің бірі.

  1. Лейбломания

4

Бұл психологиялық тұрғыдан бұзылу болып табылады. Адам тек қана сәнді брендтерді киеді. Сәннен бір сәтке де артта қалмайды. Әр маусым сайын гардеробын жаңартып отырады. Мұндай адамдар ол киімнің өзіне жарасып-жараспайтынына да қарамайды. Үлкен ақшалай шығынға батып, алған киімдерінің қаншалықты денсаулыққа зиян екенін түсінбейді. Өте тығыз джинсылар қан айналымын азайтады. Асқазаны ашық қысқа юбкалар мен футболкалар пиелонефриттің шиеленісуін тудырады. Үлкен, тығыз белдіктер жүректің жұмысын күрделендіреді: еркін қан беруі бұзылады, тыныс алуы қиындайды, ішкі ағзалардың жұмысы бұзылады  және т.б.

Француздарда "Сұлу болу үшін сұлу болып туылу керек, ал әдемі көріну үшін сізге азап шегу керек" деген сөз бар. Дегенмен, сұлулыққа жету жолын әрбір әйел өзі таңдайды, ал бұл ізденісте көп адам абсурдтық күйге жетуі мүмкін. Осыдан әдемі болғысы келетін қарапайым ермек  үлкен зардапқа, психологияға, денсаулыққа тіпті өз өміріне қол жұмсауға әкеліп соғады.  

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір