• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:52:27
Алматы
+35°

06 Қазан, 2018 NEWS

Самал Еслямова «Үздік актриса» атанды

Анталияда өткен 55-ші Халықаралық кинофестиваль жеңімпаздарының есімдері жарияланды

Анталияда өткен 55-ші Халықаралық кинофестиваль жеңімпаздарының есімдері жарияланды, деп хабарлайды  Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Биылғы Анталия Халықаралық кинофестиваліне 10 фильм, соның ішінде 2 түрік фильмі ұсынылған, оларды 34 мың көрермен тамашалады. Кеше, 5 қазан күні фестиваль марапаттарын табыстау салтанаты өтті. «Үздік фильм» аталымында ирандық режиссер Джафар Панахидің «Үш Тұлға (Three Faces)» фильмі жеңіске жетті.

Режиссердің өзі үйқамақта болуына байланысты, жүлде оның қызына тапсырылды. «Үздік актриса» аталымының жеңімпазы атағына - «Айка» фильміндегі рөлі үшін Самал Еслямова лайықты деп табылды. «Үздік актер» наградасы «Капернаум» фильміндегі рөлі үшін Заин әл-Рафеаға берілді.

Жапон режиссері Хирокадзу Корээда «Дүкен ұрылары (Shoplifters)» фильмі үшін «Үздік режиссер» атанды. Америкалық актер Эрик Робертске «Құрметті награда» табысталды. Айта кетейік, фестиваль 29 қыркүйек пен 5 қазан аралығында өтті. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір