• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 13:04:28
Алматы
+35°

18 Наурыз, 2019

Самал Еслямова «Азияның үздік актрисасы» атанды

«Бұл өте ірі жетістік. Шығармашылық команданы шын жүректен құттықтаймын!»

Қазақстандық актриса Самал Еслямова Гонконгта өткен Азия киноакадемиясында (Asian Film Awards Academy) «Азияның үздік актрисасы» сыйлығына ие болды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы фейсбук парақшасында жазды.

«Жаңа ғана режиссер Сергей Дворцевойдан керемет жаңалықты естідім. Гонконгта өткен Азия киноакадемиясында (Asian Film Awards Academy) Самал Еслямова «Азияның үздік актрисасы» сыйлығына ие болды», - деп жазды министр.

Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, Asian Film Awards Academy - «азиялық Оскар» саналады.

Азия киноакадемиясы номинанттардың тізімін 11 қаңтарда белгілеген. 

«Бұл өте ірі жетістік. Шығармашылық команданы шын жүректен құттықтаймын!», - дейді министр. 

Самал Еслямова

Ақын Мақпал Мыса да фейсбук парақшасында актрисаны құттықтап: "... Ол Мағжан туған топырақтан. "Батыр Баянды" жаттап өстiм дейдi. Бойынан тазалық есiп тұр. Мөлдiр... Өмiр мен өнер жайлы көп әңгiмелестiк. Жаңа ғана жақсы жаңалығын жеткiздi. Бұл оның - кезектi жеңiсi!
Кореяда өткен "13 Asia Academy award" кино фестивалiнде бiздiң Самал Азияның үздiк актрисасы атанды. Елбасы сыйлаған әшекей ажарын ашa түсiптi. Қазақтың қызы әдемi! Құтты болсын!" - деп ақжарма тілегін жеткізіпті.

Мақпал Мыса Самал Еслямова

Еске сала кетсек, Самал Еслямова былтыр 71 Канн кинофестивалінде өз аталымы бойынша және Түркияда өткен кинофестивальде үздік актриса деп танылған болатын. Актриса ресейлік режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» атты картинасында басты рөлді сомдаған.

Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір