• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:14:48
Алматы
+35°

06 Қазан, 2018 Әлем

Салмақ өлшеу рәсімінен кейін Конор Хабибті ұрып жіберді (видео)

Аралас жекпе-жектің хас шеберлері Хабиб Нұрмағамедов пен Конор Макгрегор кездесу алдында салмақ өлшеу рәсімінде кездесті.

Аралас жекпе-жектің хас шеберлері Хабиб Нұрмағамедов пен Конор МакГрегор кездесу бір күн бұрын салмақ өлшеу рәсімінде кездесті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Салмақ өлшеу рәсімінен кейін Конор Макгрегор әдеттегідей Хабибті ұрып жіберді. Кейін оларды UFC президенті Дана Уайт ажыратты. Қос спортшы жекпе-жекке қатысты пікір білдірді.

«UFC чемпионатына қайта оралу керемет сезім. Кароль қайтадан өз үйіне оралды», деді Конор Макгрегор.

UFC жанкүйерлері Хабиб Нұрмағамедовты қуана қарсы алмады. Алайда жанкүйерлердің жағымсыз реакциясына спортшы күліп қана жауап берді.

«Мен біріншіден шүкір дегім келеді. Себебі Құдай маған барлығын берді. Шүкір! Сіздерге мұның ұнамайтынын білемін. Ертең түнде мен сендер жанкүйер болған жігтті тәубесіне келтіремін. Сонымен бірге сіздерге рақмет айтқым келеді. Ирландиялық жанкүйерлерге ерекше алғыс айтқым келеді. Себебі сіздердің арқаларыңызда осы жекпе-жек өткелі тұр. Құдай қаласа ертең өздеріңіз жекпе-жекті көресіздер», деді шетелде «Бүркіт» лақап атымен танымал Хабиб Нұрмағамедов.

Айта кетсек, «QAZSPORT» телеарнасы   2018 жылдың 7 қазанында Лас-Вегаста (АҚШ) UFC 229 турнирі аясында ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық Конор МакГрегор арасында өтетін жекпе-жекті тікелей эфирде көрсетеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір