• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 21:47:25
Алматы
+35°

04 Қазан, 2017 NEWS

Салық органдары заңсыз ойын бизнесінің мәселесін көтерді

Департамент басшысы бюджетке түсетін салық пен өзге де төлемдердің болжанған көрсеткішін де баяндады

Салалық қауымдастықтар мен компанияларға жалған лотореялар мен ақша ұтысы бар интернет-ойындарының зиянды әсері туралы, сондай-ақ заңсыз ойын бизнесімен айналысатын тұлғалардың, жалпы аумақта сондай ойын автоматтарын орналастыру үшін орынжайды жалға берушілер мен олардың иелерінің қылмыстық жауаптылығы туралы кезекті рет хабарланды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл мәселелер Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының алаңында Консультациялық кеңестің отырысында айтылды.

«Экономикалық тергеу қызметінің мәліметі бойынша 2017 жылдың 8 айы ішінде 50 ойын мекемесінің заңсыз жұмысы тоқтатылды. Оның ішінде 43 мекеме электронды казиномен айналысса, 7 – ойын аппаратының залы. 617 компьютерлік техника, 246 теледидар, 117 электронды терминал, 21 ойын автоматы мен шамамен 6 млн теңге ақшалай қаржы алынды», – деп хабарлады Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Асқар Тынысбеков.

Департамент басшысы бюджетке түсетін салық пен өзге де төлемдердің болжанған көрсеткішін де баяндады. Алматыда 183 754 кәсіпкер (жұмыс істемегендерді есептемегенде)  жұмыс істейді, оның ішінде 74,9 мыңы заңды тұлға және 108,9 мың – жеке кәсіпкерлік. Осы жылдың 27 қыркүйегінде мәлімет бойынша Алматы қаласы бюджетінің кіріс бөлігінде 103%-ға орындалған, яғни 1 206 058 млн теңге жоспарында 1 246 762 млн теңге түсім есептелген. Өткен жылмен салыстырғанда 112% немесе 132 533 млн теңгеге артық.

«Консультативтік-кеңес беруші органның алдыңғы отырысының қорытындысы бойынша бизнестің сауалына қатысты «Қазақтелеком» АҚ электронды шот-фактура ақпараттық жүйесі каналы операторының өткізу қабілетін арттыру туралы ұсыныс жолдады. Нәтижесінде каналдың жүгі тұрақталды және 500 мбит/с дейін реттелді. Заңнамаға кедендік тазалау кезінде шетелдік валютада операцияны қайта есептеуде пайда болатын тиын айырмашылығын есептеуге қатысты өзгерту енгізу ұсынысы бойынша жоғарыда аталған жағдайларды заңнаманың бұзылғаны деп қарамау және камералдық бақылау жүргізгенде әкімшілік жауапкершілікке тартпау шешімі қабылданды», – деп атап өтті Асқар Тынысбеков.

Кездесу барысында электронды шот-фактураны беру кезінде қайталанатын қателіктер, АСТАНА-1 ақпараттық жүйесін енгізу мәселелері қаралды.

Консультативтік кеңес отырысының мақсаты – кәсіпкерлік субъектілері мен салық және кеден істері саласында қызмет атқаратын тұлғаларға көмек беру, салық және кедендік реттеуді жетілдіру, әкімшіліктендірудің тиімді тәсілдерін енгізу, елімізде бизнес жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасау.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір