• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 06:52:46
Алматы
+35°

28 Қаңтар, 2019 Саясат

Сакаашвили 72 сағатта Грузияда мемлекеттік төңкеріс жасай алатынын айтты

"Біз ешқандай құрбандыққа бармай билікте жүрген «жындыларды» оқшаулауымыз қажет".

Михаил Сакаашвили іздеуде жүр. Бүгінгі грузин билігі оған айып таққан. Оның Украинадағы саяси белсенділігі де нәтижесіз аяқталды. Петр Порошенко оны елден аластатты. Қол-аяғын, көзін байлап, Нидерландыға қарай шекара асырып жіберді. Бірақ...

Оның Грузияға қайта оралғысы келеді. Дегенмен, қазір өз еліне келуіне еш мүмкіндігі жоқ. Өйткені қазіргі билік оған қатысты қылмыстық  іс қозғаған. Бұл қолдан жасалынған болуы да мүмкін. Ақиқаты, грузин президентінің маңайындағылар оның елге оралуын қаламайды. Ал Сакаашвили елге оралса, оны халық тағы да қолдап кетуі мүмкін. Өйткені...

Грузияда өткен былтырғы қарашадағы президенттік сайлауда биліктің өкілі Саломе Зурабишвили ханым жеңіске жетті. Орталық сайлау комиссиясының есебі бойынша ол 59,52 пайыз дауыс жинап, ел президенті атанды. Ал онымен бәсекеге түскен Григол Вашадзе 40,40 пайыздан артық дауыспен екінші орын алды. Ал Вашадзе – Михаил Сакаашвилидің адамы. Сондықтан да Миша егер елге келетін болса, міндетті түрде оның партиясы жеңіске жететіне өзі де  аса сенімді. Сондықтан да болар, шетелде жүрсе де, грузин халқының басым көпшілігі өзін қолдайтынын біледі. Шекара сыртында жүріп батыл мәлімдеме жасауының сыры да осы.

–Мені грузин халқының басым бөлігі және оппозиция өкілдері қолдайтынын білемін. Егер елде маған еркін жүруге мүмкіндік жасалса, 72 сағаттың ішінде бүгінгі билікті бейбіт жолмен ауыстыруға күшім жетеді. Қазіргі Грузия билігі жындылардың жүйкесі бұзылғандар тұратын ғимаратта  дәрігерлерді қамап ұстап отырғанын  еске түсіреді. Сондықтан да біз ешқандай құрбандыққа бармай билікте жүрген «жындыларды» оқшаулауымыз қажет, – деді экс-президент Руставели-2 телеарнасына берген сұхбатында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір