• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:57:55
Алматы
+35°

29 Тамыз, 2018 Ғылым-білім

Сағадиев 0-ші сынып тәрбиешілерін мен мұғалімдерін дайындауға кіріспекші

Латынша «Әліппе» және кирилицада «Букварь» базалық оқулықтарын дайындау жұмысы жүріп жатыр.

Сағадиев: 3-6 жастағы балаларды балабақшамен қамтуды 93%-ға жеткіздік

Астанада 2018-2019 оқу жылы қарсаңында баспасөз мәслихатын өткізген ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мектепке дейінгі балаларды балабақшамен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан істер туралы айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Baq.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Оның айтуына қарағанда, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік осы деңгейде ең жақсы дамыған.

"Жекеменшік балабақшалар үлесі 30%-дан асты. Ал 3-6 жастағы балаларды балабақшамен қамтуды 93%-ға жеткіздік. «Балапан» бағдарламасы арқылы балабақшалардағы жалпы орын саны халықтың сұранысынан асты. Бірақ бұл республика бойынша. Аймақтарда дисбаланс бар. Ол миграцияға байланысты. Ірі қалаларда, әсіресе Алматы мен Астанада балабақшаның жетіспеушілігі жоғары деңгейде" - дейді министр.

Сонымен қатар, ол балабақшаға тіркелу мәселесін электронды түрде жүргізуге көшу керектігін айтты.

"Тағы бір маңызды жұмыс – балабақшаға кезекке тұру мен жолдама беруді толығымен электронды форматқа ауыстыру. Сонда кезек жария түрде және тез жылжитын болады" - дейді ол.

Министр 0-ші сыныптардың оқушылары мен ұстаздарын даярлау мәселесі туралы айтты.

"Келесі жылдан бастап 0-ші сынып тәрбиешілері мен мұғалімдерді дайындауға кірісеміз. Латынша «Әліппе» және кирилицада «Букварь» базалық оқулықтарын дайындау жұмысы жүріп жатыр. Оқулықтар 2020-2021 оқу жылына дайын болады" - дейді Ерлан Сағадиев.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір