• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 19:00:53
Алматы
+35°

Бүгін  кәсіпқой бокста Садриддин Ахмедов бірінші орта салмақта WBC жастар чемпионы атанды. Өзін «нағыз қазақпын» деп есептейтін Ахмедов бос тұрған белбеуге  жекпе-жекте мексикалық Абрахам Хуарестен айласын асырды. Мықтының аты мықты ғой, Канаданың Монреаль қаласындағы өткен кездесу 10 раундқа жоспарланған еді. Бірақ жеңімпаз  төртінші раундта анықталды. Мексикалық боксшы екі рет нокдаунға түскеннен кейін төреші кездесуді тоқтатты.

Садриддин Ахмедов осымен кәсіпқой бокстағы жетінші кездесуін өткізіп отыр. Ол 2018 жылы дебют жасап, қарсыласын бәрін уақытынан бұрын жеңгені белгілі.

«Шойын қолғап» Садриддин – Мәулет Мұстафиннің шәкірті

Ал әуесқой бокста Ахмедов 2016 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз болған. Оның мүддесін Eye of the Tiger Management атты канадалық промоутерлік компания қорғайды. Сонымен Канада жерінде өткен кездесуде жерлесіміз Садриддин Ахмедов тағы да мықтылығын көрсетті.

Жасаған берген, жүрегі "қазақ" деп соққан бауыр "Жеңісімді қазақтың көз жасына арнаймын" деді". Бұдан артық не деу керек?! 

Жерлесімізді жеңісімен құттықтаймыз!

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Видео победы нокаутом от Ахмедова! ⠀ Победитель молодежного чемпионата мира из Казахстана Садриддин Ахмедов завоевал титул "молодежного" чемпиона мира по версии WBC в первом среднем весе, сообщает @Vestikzgram. ⠀ Его соперником по поединку за вакантный пояс был мексиканец Абрахам Хуарес. Бой завершился в четвертом раунде, хотя был рассчитан на десять. ⠀ #WBC #boxing #kaz #kzboxing #Ахмедов #Kazakhstan #kz #kazboxing #Казахстан #WBCYouth #Mexico #Мексика #kazteam #teamkz #vestikz

Публикация от Vestikz (@vestikzgram)

Берік Бейсенұлы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір