• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 14:03:25
Алматы
+35°

24 Сәуір, 2019 Саясат

Сәдібек Түгел емтиханда сүрінді: ол пунктуациялық қателер жіберген

"Үміткердің сөз саптау мәнері көңіл көншітерліктей", - деді комиссия мүшесі.

Бірнеше тыныс белгіден жіберген қателеріне қарамастан, үміткер өзінің мемлекеттік тілді еркін меңгергенін көрсете алған. Бұл туралы лингвистикалық комиссияның мүшесі Есім Ғарифолла мәлімдеді.

Қазақстан Республикасының президенттігіне "Ұлы Дала Қырандары" қоғамдық ұйымының атынан ұсынылған үміткер Сәдібек Түгел мемлекеттік тілді меңгеру дәрежесін анықтайтын емтиханды сәтті тапсырып шықты.

"Лингвистикалық комиссия Сәдібек Түгелдің мемлекеттік тілді еркін меңгеретінін растады", - деді Есім Ғарифолла.

Оның айтуынша, президенттікке үміткер азамат бірқатар пунктуациялық қателер жіберген.

"Үміткерге үш тапсырма берілді: екі беттен аспайтын шығарма жазу, мәтін оқу және берілген тақырып бойынша сөйлеу. Пунктуация бойынша бөлек ескертпелер болды. бірақ ол мәтін оқу барысында қазақ тілін еркін меңгергенін дәлелдеді. Шешен сөйлеу тапсырмасынан да тосылған жоқ. Үміткердің сөз саптау мәнері көңіл көншітерліктей", - деді комиссия мүшесі.

Президенттікке үміткер азаматтарға қойылатын ең алғашқы талап – қазақ тілін еркін меңгеруі. Күні кеше бұл сыннан бас партияның атынан ұсынылған үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев та өткен еді. Оның көрсеткіштері жүз пайызды көрсетті.

Сәдібек Түгел үміткер ретінде ОСК-на құжаттарын алғаш болып тапсырды. Оның кандидатурасын "Ұлы Дала Қырандары" қоғамдық ұйымы ұсынған еді.  

Ұсынған: Әділет Мәдениет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір