• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 04:17:14
Алматы
+35°

08 Мамыр, 2017 Фото-баян

Сәбиі айықпас дертке шалдыққанын естіген анасы күтпеген шешім қабылдады (ФОТО)

Кэри Янг жүкті екенін білгенде күйеуі Ройсом екеуінің қуанышында шек болмады. Олардың Гарисон есімді 2 жасар  ұлдары болды. Уақыт өте келе Кэри қызға...

Кэри Янг жүкті екенін білгенде күйеуі Ройсом екеуінің қуанышында шек болмады. Олардың Гарисон есімді 2 жасар  ұлдары болды. Уақыт өте келе Кэри қызға жүкті екенін білді. Мұндай қуанышты жаңалықты естігенде Кэри мен Ройсом бақытты еді. Алайда қуаныштары ұзаққа созылмады. Белгілі болғандай, сәби анэнцефалия ауруына шалдыққан. Аталмыш дерт шарананың ана құрсағында миының дамуына кедергі келтіреді.

Дәрігерлер нақты диагнозды қоймас бұрын, бірнеше мәрте тексеріп, суық хабарды Кэри мен Ройсомға жеткізген. Дәрігерлер жасанды түсік жасауға кеңес берді. Алайда Кэри мен Ройсом ақылдасып баланы қалдыруға шешім қабылдайды.

Сәбидің денесі сау болғандықтан Кэри баланы дүниеге әкеліп, бір күн болса да онымен бірге болғысы келді. Отбасылық жұп бала дүниге келгенше бір ғажайып болып, қызы тірі қалады деп үміттенді. Алайда ғажайып болмады.

Ева жарық дүниеге келісімен шетінеп кетті. Оның ата-анасы ешкім күтпеген қадамға барды. Кэри мен Ройсом сәбиінің сау мүшелерін беруді ұйғарды. Отбасылық жұп мұндай қадамға басқа сәбилердің өмірін сақтап қалу үшін жасағанын жеткізеді. Десек те, мұндай шешім қабылдау оңайға соқпағанын айтады. 

Дайындаған: Әсем ӘЛМҰХАНБЕТ

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір