• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 20:53:53
Алматы
+35°

25 Қаңтар, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Ринат Зайытовқа кезекті өкпе: Айтыскер ақын кім? Димаш кім?

«Бояушы, бояушы дегенге сақалын да бояпты» дегендей айтыскер ақын кім? Әлемге әйгілі Димаш Құдайберген кім?

Көптен бері көкейімде жүр еді. «Бұл өзі біздің қазақтың қанында бар. Болсын демейміз, етектен тартамыз. Димашқа мүлдем қатысы болмаса да аузына келгенді айтып жатыр. Ал оған қара халық «бетке айтты» деп қол соғады. Кейбіреу оның сөзін де түсініп жатқан жоқ. «Ринатқа ондай сөз айту ұят!» деп жазды белгілі әнші Майра Ілиясова. Мұнысы, Димашты сынға алған Ринат Зайытовты «дыхалкадан» бір ұрғандай болды, менің  де делебем қозып кетті.

Шынында «бояушы, бояушы дегенге сақалын да бояпты» дегендей айтыскер ақын кім? Әлемге әйгілі Димаш Құдайберген кім?  Арасы жер мен көктей ғой. Билікке қарсы шындықты шырылдап айтып жүргені жақсы, онда да, қызды-қыздымен қия шауып кететін тұстары да жетірлік.  Жарайды, бетке айтып, бетіңді «жырта салатындай» жылдам ауыз екенін ескерсек те, өзіне үш қайнаса сорпасы қосылмайтын , білімі жетпейтін жағдайлардың жағасына жармасып, өзінше кірпияз пікірлерді лақ еткізе салатын мінезін түсіне алмайды екенмін.  Кезінде «Шыңғырғанның бәрі әнші емес» деп ықылық атқанын кешірдік, ал енді келіп  «Талқылайық» бағдарламасына сұхбат бергенде: «Димаш Қытай саясатының құрбаны» дегені қай сасқаны? «Талант пен ұлтқа қызмет ететін адамды ажырата білу керек. Екеуі мүлде екі бөлек. Мен Димашты «Сендей әншілерден қорқамын» деп сынағанда, біздің жастардың оның соңынан еретінін білдім. Ал Димаштың қазіргі образын кім қалыптастырды? Қай ұлт қалыптастырды? Қытай қалыптастырды ма? Олар біздің баланы бізге қарсы пайдаланып жатыр. Мен осылай болатынын білгенмін» деп сәуегейлік танытқанын түсіне алмай жүрмін."Бізге қарсы пайдаланып жатса", дәлелдері қайсы?  Соншама Димаштың соңына түсіп алатындай, ол не істеп қойды екен? Әлде, өнердегі қызғаныш па? Қол соғып, қуанудың орынына сыймайтын басын әр жерге тыға береді келіп!  Ал неге Ринат інім тыржалаңаш шешініп, сәукелемізді  масқаралаған Шырын  деген  біреудің соңына шам алып түспейді? Халықтың сауабын алар еді ғой? Неге кеудесін мақтан тұтып, халыққа көрсете беретін Байзақова туралы  бір ауыз сөз айта алмайды? Әлде, оқымадым ба?

Димаш Құдайберген қазақтың бағы, оның кемшілігін жасырып, жақсы жағын асыруымыз керек. «Димаш алдымен өзін қазаққа танытты. Ал Қытай мен Ресейдің, Англияның жасаған жарнамасына біздің шашымыз жетпейді. Қазақ қазақты мойындау үшін Қытайды мойындатуы керек болды деген пікірмен түбегейлі келіспеймін" , - деп қолдаған Майра Ілиясованың пікіріне мен де қосыламын.

Мұхтар Шерім,

жазушы-сықақшы

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір