• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:58:47
Алматы
+35°

25 Маусым, 2018 Ғылым-білім

Рига техникалық университеті қазақстандықтарға 20 грант бөлді

РТУ-да 15000 студент, оның ішінде 75 елден келген 2000 шетелдік студенттер білім алады.

Қазақстандықтар  Рига техникалық университетінде тегін білім алу гранттарына ие бола алады. Бұл жайында Болашақ халықаралық бағдарламлаар орталығының сайтында хабарланды. 

Рига техникалық университеті (РТУ) – Балтық елдеріндегі жетекші техникалық университет, 1862 жылы құрылған және Латвияның астанасы – Риганың қақ ортасында орналасқан.

РТУ-да 15000 студент, оның ішінде 75 елден келген 2000 шетелдік студенттер білім алады.

РТУ бакалавр, магистр, докторантура бойынша экономика, бизнес, механика, информатика, телекоммуникация, энергетика, көлік (авиация, теміржол), құрылыс, химия, медицина, қолданбалы лингвистика және т.б. сияқты барлық бағыттарда инженерлік және бизнес бағдарламаларын ұсынады.

РТУ күндізгі оқу бағдарламаларымен (бакалавриат, магистратура және PhD докторантура) қатар, біліктілікті арттыру бағдарламалары, қысқа курстар, оқыту, тәжірибе алмасу бағдарламалары және жазғы мектептерді ұсынады.

РТУ Қазақстан студенттеріне 20 грант бөлді. 

РТУ төмендегі бағыттар бойынша (оқу бағдарламалары) 20 (жиырма) магистрантқа бірінші оқу жылында ТЕГІН ОҚУДЫ ⃰ ⃰ ⃰ ұсынады:

  • Теміржол көлігі — Railway Transport
  • Компьютерлік жүйелер — Computer Systems
  • Телекоммуникация — Telecommunications
  • Авиациялық көлік — Aviation Transport
  • Инженерлік технологиялар, механика және машина жасау — Engineering Technologies, Mechanics and Mechanical Engineering

 ⃰ ⃰ ⃰ Екінші оқу жылын студент өзі төлейді, БІРАҚ студент басқа студенттермен бірге екінші оқу жылында да тегін оқуға Латвия стипендиясына немесе Эрасмус + (басқа Еуропа елдерінде тегін оқуға) стипендиясына үміткер бола алады.

Құжаттарды тапсыру тәртібі:

Құжаттар тізімі:

  • Мотивациялық (уәждемелік) хат
  • түйіндеме
  • бағалары көрсетілген бакалавр дипломы
  • ағылшын тілін білетіндігін растайтын құжат (IELTS 6+, TOEFL IBT 79+, TOEFL PBT 550+)Құжаттарды тапсыру мерзімі — 1 тамыз.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір