• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 04:58:37
Алматы
+35°

13 Тамыз, 2018 NEWS

Румыния халқы социал-демократиялық партиясын жемқор деп айыптауда

Бухаресте болған наразылық шеруінде 400-ге жуық адам зардап шекті

Бухаресте болған наразылық шеруінің салдарынан 400-ге жуық адам зардап шекті. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап хабарлайды.

Румыния халқы билікке қарсы наразылық шеруін ұйымдастырып, биліктің отставкаға кетуін және жаңа парламент сайлауын ұйымдастыруды талап етуде. Олар қазіргі Социал-демократиялық партияны жемқорлыққа айыптап, «Ұрылар партиясы» деп атады. Түрлі деректерде көрсетілгендей, наразылық шеруіне бар-жоғы 60-100 адам қатысқан екен. Жергілікті полиция өкілдері митинг болған жерден 33 адамды тұтқындағанын айтты. Сегіз қылмыстық іс қозғалған.

Наразылық білдірушілер Бухарестегі орталық алаңға жиналып, жолдарды жауып тастаған. Кейіннен су толтырылған бөтелкелерді лақтыра бастаған. Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері наразылық білдірушілерді қысып, оларға қарсы улы газ, су шашатын құралдар мен жарық шығаратын гранаталарды пайдаланған.

Президент Клаус Йоханнис полиция қызметкерлерінің бұл іс-әрекетін тым қатігез деп сынап, ІІМ-де түсініктеме беруді талап етті.

Наразылық шеруінің қозғаушы күші шетелдерде оқып, білім алып жүрген румындар болды.

Айта кетейік, 2014 жылы болған президент са йлауында Клаус Йоханнис жеңіске жеткен болатын. Ол дәл сол шетел диаспорасының қолдауымен жеңген екен. 2016 жылы болған парламент сайлауында социал-демократиялық партия жеңіп шыққан. Президенттің жақтастары Елдегі социал-демократиялық партияны жемқор деп айыптаса, партия жақтастары Румыния президентіне билігін асыра пайдаланды деп айып тағуда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір