• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 23:00:38
Алматы
+35°

27 Қыркүйек, 2018 Әлеумет

Әлеуметтік желіде пайда болған Роза Бағланованың шындықты қорықпай, тайсалмай айтқан видеосы қайта тарала бастады. Видео ескі болғанымен, әнші көтерген мәселе әлі күнге дейін өзекті. Роза Бағланова бүгінде өмірде болмағанымен сөзі өлген жоқ. Қазақстан және ССРО халық артисі зиялы қауым жиналған залда мінберде сөйлеп тұр, жай сөйлеп тұрған жоқ, қазақтың қасіретін айтып тұр. Ал залда мүлгіген тыныштық...

«Мен соғысты көрдім. Бірақ Аралдағы жағдайды сөзбен тоқтата салу мүмкін емес. Соғысты тоқтатуға болады, атом бомбасын да, ұшақты да тоқтатуға болады. Бірақ мұны тоқтата алмаймыз. Біз мұнда сөйлеп тұрғанда ана жерде табиғат өз дегенін істеп жатыр. Біздің «ұлы» ғалымдарымыз бүтін бір ұрпақты өлімге, ауру-кеселге қиып отыр, мен оларға не деймін? Олар ССРО-ның академиктері, Совет одағының үш дүркін батырлары. Не деуге болады? Бүтін бір ұлт жойылып бара жатыр!

Семейде полигон. Байқоңырда космодром, Аралда у. Мен барлық жерде болдым, қолы жоқ, көзі жоқ, аяғы жоқ мүгедек балаларды көрдім.  Бұл трагедияны біз кімге айтуымыз керек? Ұлттың басына түскен трагедиясын жеткізу үшін кімге айтуымыз керек, кімнен көмек сұрауымыз керек?» - деген Роза ханым көзіне жас алды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір