• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:21:17
Алматы
+35°

11 Сәуір, 2018 Тарих

Рысбек Сәрсенбайұлына көңіл айтамыз!

Алтекең қастандықпен өлтірілгеннен кейін бұл әулет қайғы-қасіретті аз көрген жоқ.

 Республикаға танымал қоғам қайраткері, белгілі журналист Рысбек Сәрсенбайұлының інісі – Рымбек Сәрсенбайұлы өмірден озды. Марқұм көп жылдардан бері «Жас Алаш» газетінде жұмыс істеген. Тәуелсіз басылымның ыстық-суығына күйіп, үздіксіз жарияланып тұруына бір кісідей атсалысқан азамат Сәрсенбаевтар әулетіндегі Алтекеңнен кейін өмірге келген ұл еді. 54 жасында мезгілсіз қайтыс болды.

Жаратқанның ісіне шара бар ма, Алтекең қастандықпен өлтірілгеннен кейін бұл әулет қайғы-қасіретті аз көрген жоқ. Атаның емес, Алаштың ұлына айналған асыл перзентінің оқыс қазасын ата-анасының жүрегі көтере алмаған еді. Енді Рымбек бауырымыз да Алтекеңнің артынан ілесті...

Қайғы мен қасіреттің, қастық пен қысастықтың сан түрін көрсе де, алтын басын еңкейтпей келе жатқан Рысбек ағаға және Сәрсенбаевтар әулетіне қайғыра көңіл айтамыз! «Қайғыны бөліссе, азаяды» дейді. Аға, тағдырдың Сізге көрсеткен ауыр сынағы біздің де қабырғамызды қайыстырды. Марқұмның иманы жолдас, топырағы торқа  болсын! Бұл жалғыз Сізге емес, Сізді ақиқатшыл журналист, халықшыл тұлға, ел мен жерді шынайы сүйетін азамат ретінде таныған, мойындаған  көпшілікке ортақ қайғы. Бекем болыңыз!

Марқұмның туған-туыстарына көңіл айтуға ниетті ағайынға құлаққағыс:

Бүгін, 11 сәуір күні Затаевич №31 көшесіндегі «Дильназ» кафесінде сағат 19.00-де қонақасы беріледі. Ертең сағат 11.00-де жаназасы. Шашкин көшесі №40 (әль-Фарабиден жоғары).

 

«Қамшы» ақпараттық порталының  ұжымы

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір