• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:17:50
Алматы
+35°

29 Сәуір, 2019 NEWS

Республикалық "Qazbilim" олимпиадасы өтеді

Білім — таза бизнеске айналмауы керек, бұл – біздің орталықтың басты ұстанымы.

Нәтижесінде 60 оқушыға жылдық «QAZBILIM» гранты беріледі деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Республикалық «QAZBILIM» орталығы баспасөз қызметінің дерегін негізге алып. 

Білім — таза бизнеске айналмауы керек, бұл – біздің орталықтың басты ұстанымы.

Қазбілім — қазақ баласына мүмкіндік сыйлауы керек, бұл — Қазбілім ұжымының басты мақсаты. Осы мақсатта үш жылдан бері QAZBILIM жылдық грантын беріп келеміз. Ол мектепте жақсы оқитын, бірақ отбасы жағдайы ақылы дайындықты көтермейтін балаларға мүмкіндік сыйлау еді.

Алдағы оқу жылына да дәл осы үрдісті дамыту, сапалы білімді тегін беру мақсатында Республикалық «QAZBILIM» олимпиадасын ұйымдастыруды жөн көрдік.

Қатысатын сынып

Өтетін пәні

Нәтижесінде

Өтетін уақыты

4-5 сынып

Математика

Ағылшын тілі

НЗМ  — ге (НИШ) дайындық тобына:

Ең жоғары 5 оқушыға 100%

Одан кейінгі 5 оқушыға 50%

Одан кейін 10 оқушыға 20%.

Отбасылық жағдайына байланысты 10 оқушыға 100% ГРАНТЫ беріледі.

1 мамыр

13:00-15:00

 

10 сынып

Математикалық сауаттылық

Оқу сауаттылығы

Қазақстан тарихы

Нәтижесінде ҰБТ-ға дайындық тобына:

Ең жоғары 5 оқушыға 100%

Одан кейінгі 5 оқушыға 50%

Одан кейін 10 оқушыға 20%.

Отбасылық жағдайына байланысты 10 оқушыға 100% ГРАНТЫ беріледі.

1 мамыр

9:00-11:00

 Олимпиадаға қатысу тегін. Грант саны қатысатын оқушылар санына байланысты өзгеруі мүмкін.

Ескерту, алдын-ала тіркелу міндетті. Отбасы жағдайына байланысты грант үміткерлері құжат тапсыруы қажет.

Құжаттар тізімі:

  1. Туу туралы куәлік;
  2. Отбасы құрамы туралы анықтама;
  3. Ата-анасының немесе қамқоршысының куәлігі.

Олимпиада Республикалық «QAZBILIM» орталығының Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы бөлімшелерінде өтеді.

Біздің мекен-жай:

Nur-Sultan қаласы

Тәуелсіздік көшесі 47/1.

Тел: 8775 4318008.

 

Nur-Sultan қаласы

Сарыарқа даңғылы 31/2

Тел: 8701 5318008.

 

Алматы қаласы

Мамыр 4-шағын аудан 111г.

Тел: 8701 7318008.

 

Олимпиада қорытындысы және грант иегерлерінің тізімі qazbilim.kz сайтында жарияланады.

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір