• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:36:52
Алматы
+35°

24 Сәуір, 2019 Саясат

Ресейлік журналист: Қырымды бермейміз!

"Қырымды бермейміз. Бұл – соңғы шешім. Айта барыңыз! Бермейміз!"

Ресейдің "Россия 1" телеарнасындағы "60 минут" бағдарламасы тікелей эфирде украиналық журналист Дмитрий Гордонмен байланысқа шықты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бес минутқа жетер-жетпес уақытқа созылған тікелей эксклюзивті сұхбат барысында Владимир Зеленскийдің сайлаудағы жеңісі туралы, Поршенконың позициясы жайлы әңгімелер қозғалды.

Зеленскийді де, Порошенконы да қолдамайтынын айтқан Гордон сайлаудың әділ өткенін мойындауға тиістіміз деген емеурін танытты.

Кішігірім сұхбат соңында ресейлік арна журналистері Дмитрий Гордон тарапына:

- Қысқасы, "Мәскеу-Киев, Киев-Мәскеу" тікелей әуе рейстері жақын күндері қайта жалғасуы мүмкін бе? – деген сұрақ қойды.

Бұл сұраққа украиналық журналист барлық шешімдердің бастауы Кремль тарапынан болатынын, Қырым мен Донбассты қайтарса, әуе рейстерін орнатуға Украина билігі қарсы бола қоймас деген ойын айтты.

Ольга Скабеева Гордонның жауабына мырс етіп күлген күйі:

- Қырымды бермейміз. Бұл – соңғы шешім. Айта барыңыз! Бермейміз! – деп өктемдік танытты.

Сондай-ақ, Ольга Скабеева сөз соңында әлгі әуе қатынастары Украина билігі Қырымды Ресей жері деп мойындаса ғана орындалатынын айтты.

Ұсынған: Әділет Мәдениет

Әділет Мәдениет

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір