Ресейлік операторлардың Димашты "козёл" дегені қай сасқаны?! (видео)

Ресейлік операторлардың Димашты "козёл" дегені қай сасқаны?! (видео)
ⒸLiter.kz

Димашты ресейлік операторлар ешкіге теңеп, балағаттады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 24 наурызда Димаш "Не? Қайда? Қашан?"  ресейлік телебағдарламасында өнер көрсетті. Аталмыш бағдарламада Димаш "Mademoiselle Hyde" әнін айтып, ресейліктерді тәнті еткен болатын. 

Ал келесі күні, яғни 25 наурызда Димаш ән айтқан кездегі операторлардың жұмыс істеп жатқан видеосы көпшіліктің қызу талқысына түсті. Негізі операторлардың жұмысын жанкүйерлер жоғары бағалады. Алайда  оператордың  Димашты балағаттауы жанкүйерлердің ашуына тиді.

Димаш ән айтып жатқан кезде оның көлеңкесі Игорь Крутойға  түсіп тұрады. Сол сәтте операторлардың бірі "Мына ешкінің оған көлеңкесі түсіп тұр" (Темнить этот козёл на него — ред.) деп айтып қалды.

Видеоны 40 мыңнан астам адам көріп, 200-ден астам пікір жазған. Көпшілік азаматтар телеоператордың кешірім сұрау керектігін талап етуде.

"Барлығы керемет, әрине. Алайда Димашты ешкіге теңеу – сорақылық. Өтініш, қызметкерлеріңізді дұрыстап тәрбиелеңіздер. Миллиондаған адамның кумиріне айналған адам туралы осылай деуге бола ма?",- деп пікір білдірді Димаштың Питердегі жанкүйері Соня Абрамям.

– Ашуымды баса алмай отырмын. Бағдарламаны тағы да қарап шықтым. Димаштың көлеңкесі Игорь Крутойға түсіп тұр. Телеарна әкімшілігіне арыз жазу керек. Оператор айтқан сөзі үшін жауап берсін, - деп жазды Гүлнәр есімді әлеуметтік желі қолданушысы.

Жалпы Қытай елінде концерттік бағдарламалардың тыныш өтетіні белгілі. Олар Димашты балағаттамақ түгілі, бір ауыз жаман пікір айтқанын да естімеппіз. Ал Ресейде бәрі керісінше. Димаш ән айтқан кезде микрофон істен шығады немесе тағы соған ұқсас ыңғайсыз жайттар орын алады. Жарайды, техника болған соң оның істемей қалуы қалыпты жайт. Бұған белгілі бір адамды айыптап, сынай алмаспыз. Ал "Не? Қайда? Қашан?" бағдарламасында болған тәрбиесіз әрі жағымсыз оқиғаға  белгілі бір адамдар жауап беруі қажет. Әрине парасатты азамат  Димаштың дау шығарып, "кешірім сұра" деп талап етпейтіні белгілі. Себебі Димаш — тәрбие көрген  қазақтың  баласы. Қаншама миллиардтаған көрерменнің кумиріне айналса да "мен  қарапайым адаммын" деуден жалыққан емес. Оның орнында басқа әнші болса баяғыда-ақ телеарна басшыларына талап арыз түсірер еді. Димаш туралы қандай да бір жағымсыз пікір айтқан адам миллиардтаған адамның талқысына түсіп, "жауына" айналады.  Сондықтан Димаш арызданбаса да, оның жанкүйерлері телеарна қызметкерлерінен аталған жағымсыз жайтқа қатысты жауап күтеді.

Иә, ресейлік телеоператорлар да миллиардтаған адамның кумиріне айналған Димашты сыйлауы керек. Мүмкін олар бұл жайтты қалыпты деп түсінер. Бірақ  Димаш әлем бағалаған қазақтың талантты әншісі. Сондықтан ресейлік телеоператорлар  Димашты да, оның шынайы жанкүйерлерін де сыйлағаны жөн.

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


  • 1 ай бұрын

    Орыс халқы галстук тағып, костюм кигізген "талпақ танау" халық қой. Іштарлық пен көреалмаушылық олардың генінде.

    • 1 ай бұрын

      Іштері күйіп тұр емеспе.

      • 1 ай бұрын

        Бектас дұрыс айтасың орыс өте жаман халық (өздерінің арам және моральды ыдырап кеткендеріне қарамай)іштарлық,менмендік,өздерін басқалардан жоғары санайтын пасық мінездері әбден қандарына сіңіп кеткен!!!

        1
        ҚР Бас прокуратурасына хат: "Бұл қай елде бар?"
        24/05 12:43 0 63
        2
        Қаламқас кен орнында жер асты суы атқылады
        24/05 12:23 0 40
        3
        Президент көбелектермен күрес жүргізуді тапсырды
        24/05 11:59 0 77
        Тасмағамбетов жаңа қызметке тағайындалды
        24/05 11:48 0 2867
        АҚШ билігі Ассанжды 170 жылға түрмеге қамайды
        24/05 11:29 0 111

        Таныстырылғандар

        Баспа үйіндегі дау: ондаған журналист жұмыссыз қалды
        Баспа үйіндегі дау: ондаған журналист жұмыссыз қалды
        Баспа үйіндегі дау: ондаған журналист жұмыссыз қалды
        Федерация Кеңесінің спикерінің отставкаға кету мүмкіндігі туралы жазғаны үшін "Коммерсантъ" газетінің екі журналисті жұмыстан шығарып жіберді
        Аудио тыңдау
        20/05/2019 22:23 0 322
        Украинада есірткі заңдастырылмақ
        Украинада есірткі заңдастырылмақ
        Украинада есірткі заңдастырылмақ
        Владимир Зеленский елде марихуананы, жезөкшелік пен құмар ойын орталықтарын заңдастыру мәселесін көтерді
        Аудио тыңдау
        21/05/2019 03:03 0 636
        Жұмаш Көкбөрі: Жағымпаздардан құтылмай, ұлт болып жарытпаймыз!
        Жұмаш Көкбөрі: Жағымпаздардан құтылмай, ұлт болып жарытпаймыз!
        Жұмаш Көкбөрі: Жағымпаздардан құтылмай, ұлт болып жарытпаймыз!
        Жетер халқым, жағымпаздар жойылсын! Жетер халқым, есіңді жи, атқа қон!..
        Аудио тыңдау
        21/05/2019 10:56 0 548
        314 миллиард теңге қайда кетті?
        314 миллиард теңге қайда кетті?
        314 миллиард теңге қайда кетті?
        АЭА маңында 2 триллион теңге көлемінде 147 жоба іске асырылады
        Аудио тыңдау
        21/05/2019 10:57 0 1460
        Журналист: Еуроодақ Ресейдің әскерінен емес, саяси ықпалынан қорқады
        Журналист: Еуроодақ Ресейдің әскерінен емес, саяси ықпалынан қорқады
        Журналист: Еуроодақ Ресейдің әскерінен емес, саяси ықпалынан қорқады
        Сол себепті де, Батыс елдерінде антиресейлік саясат жүргізіледі, шетсіз-шексіз санкциялар салынады.
        Аудио тыңдау
        21/05/2019 12:20 0 1441
        "Мені мұндай күйге түсірген — Димаш": Украиналық қазақ халқына деген махаббатын білдірді
        "Мені мұндай күйге түсірген — Димаш": Украиналық қазақ халқына деген махаббатын білдірді
        "Мені мұндай күйге түсірген — Димаш": Украиналық қазақ халқына деген махаббатын білдірді
        Мен сезімімді ішке сақтай алмадым.
        Аудио тыңдау
        22/05/2019 10:45 0 1195
        Әкімдер не себепті телефон тұтқасын көтермейді?
        Әкімдер не себепті телефон тұтқасын көтермейді?
        Әкімдер не себепті телефон тұтқасын көтермейді?
        Қазір әкімдермен байланысу қиын. Неге?
        Аудио тыңдау
        22/05/2019 18:19 0 374
        Тараздағы тартыс: Жартылай финалға кімдер шықты?
        Тараздағы тартыс: Жартылай финалға кімдер шықты?
        Тараздағы тартыс: Жартылай финалға кімдер шықты?
        19 мамырда Тараздағы "Бектөбе" иподромында басталған чемпионатта бүгін көкпар ойынынан топтық кезең өз мәресіне жетті
        Аудио тыңдау
        22/05/2019 18:35 0 378
        Тоқаев сапасыз жолдарды қатаң сынға алды
        Тоқаев сапасыз жолдарды қатаң сынға алды
        Тоқаев сапасыз жолдарды қатаң сынға алды
        Бұл менің Үкіметке беретін тапсырмам!
        Аудио тыңдау
        23/05/2019 04:45 0 739
        Тоқаев Қанат Исламға сәттілік тіледі
        Тоқаев Қанат Исламға сәттілік тіледі
        Тоқаев Қанат Исламға сәттілік тіледі
        Қазақ боксшысы Қанат Исламмен бірге түскен суретін жариялады.
        Аудио тыңдау
        23/05/2019 13:44 0 221
        Tele2 Қазақстан нарығынан  кететін болды
        Tele2 Қазақстан нарығынан кететін болды
        Tele2 Қазақстан нарығынан кететін болды
        Tele2-ні сату маусымның соңында аяқталады...
        Аудио тыңдау
        23/05/2019 18:22 0 545
        Нұрсұлтан Назарбаев: Мен еліміздің игілігі үшін қызмет ете беремін
        Нұрсұлтан Назарбаев: Мен еліміздің игілігі үшін қызмет ете беремін
        Нұрсұлтан Назарбаев: Мен еліміздің игілігі үшін қызмет ете беремін
        "Қазақстанда жұмыссыздық емес, кәсіптің тапшылығы бар. Сол себептен, бірінші жұмысшы мамандықтарына тегін оқытатын бағдарлама әзірленген болатын.
        Аудио тыңдау
        23/05/2019 18:52 0 1979
        Димаш Құдайберген алғашқы жеке альбомы қашан шығатынын хабарлады
        Димаш Құдайберген алғашқы жеке альбомы қашан шығатынын хабарлады
        Димаш Құдайберген алғашқы жеке альбомы қашан шығатынын хабарлады
        Альбомның атауы қандай болатыны әзірге белгісіз.
        Аудио тыңдау
        24/05/2019 09:23 0 37
        Атырауда 15  көпбалалы отбасы баспаналы болды
        Атырауда 15 көпбалалы отбасы баспаналы болды
        Атырауда 15 көпбалалы отбасы баспаналы болды
        «Кезекте тұрған көп балалы отбасылардың саны — 1,5 мың. Алдағы айда тағы да көп балалы отбасыларға баспана беріледі», - деп нақтылады әкімдіктен.
        24/05/2019 11:30 0 29
        Президент көбелектермен күрес жүргізуді тапсырды
        Президент көбелектермен күрес жүргізуді тапсырды
        Президент көбелектермен күрес жүргізуді тапсырды
        Жергілікті билік бұл жағдайдың алдын алмағанын Гурбангулы Бердімұхамедов ерекше сынға алды...
        24/05/2019 11:59 0 77