• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 07:55:44
Алматы
+35°

24 Наурыз, 2017 NEWS

Ресейлік бойжеткен жол апатының салдарынан тікелей эфирде көз жұмды

Қазан қаласының тұрғыны жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды

Қазан қаласының тұрғыны жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды 360 телеарна, мәліметтің қазақша нұсқасын «Қамшы» порталы оқырман назарына ұсынады.

23 наурыздың таңында Қазан-Дубьязы трассасынан 10 километр қашықтықта орналасқан Татарстанның Зеленодоль ауданында ірі жол көлік апаты орын алған. Көлік жүргізіп келе жатып, өзін тікелей эфирде видеоға түсіріп келе жатқан бойжеткен телефонына көңілі ауып кете беріп, ақыр соңында көлікті басқара алмай қалады. Daewoo Matiz көлігінің иесі қарсы бетке шығып кетіп, қоғамдық көлікке келіп соқтығысқан.

Аталмыш оқиғаның салдарынан бойжеткен тіл тартпай кеткен. Сонымен қатар қоғамдық көлік жүргізушісі мен бес жолаушы, оның ішінде 7 жастағы бүлдіршін зардап шеккен. Жарақат алғандарды ауданның орталық ауруханасына жедел түрде жеткізген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір