• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 09:00:29
Алматы
+35°

03 Наурыз, 2019

Ресейдің танымал әншілерін аузына қаратқан Қазақстанның жас өнерпазы кім? (видео)

Ержан - Қазақстандағы Junior Eurovision 2018 байқауына іріктеуге қатысушылардың бірі. Ержан Максим жетекші ретінде Меладзені таңдады.

Орал қаласының тұрғыны ресейлік "Дауыс. Балалар" телебағдарламасында қазылар алқасын тәнті етті, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

11 жастағы Ержан Максим Бірінші арнадағы "Дауыс. Балалар" байқауына қатысты. Оның өнер көрсеткендегі сәті жобаның ресми Youtube-каналында жарияланды. Ержан Андреа Бочеллидің Ama credi e vai әнін орындады. 

Қазақстандық жас өнерпаз байқаудың қазылар алқасын (Светлана Лобода, Пелагея және Валерий Меладзе) тәнті етті. Үшеуі де қазақстандық өнерпазға бұрылып, алған әсерімен бөлісті.

Ержан Максим жетекші ретінде Меладзені таңдады.  "Ал, қымбатты менің инстадостарым, ақырында, кімнің командасына өткенімді білдіңіздер. Алдымызда көптеген жұмыстар бар, сондықтан "жекпе-жек" кезеңінде бағымды сынайтын боламын", - деп жазды Ержан Instagram-дағы жеке парақшасында.


Ержан Максим

Осыған дейін, Ержан Максим және тағы төрт қазақстандық жас өнерпаз ресейлік "Дауыс. Балалар" тележобасының кастингінен өткені хабарланған еді. Ержан - Қазақстандағы Junior Eurovision 2018 байқауына іріктеуге қатысушылардың бірі.

Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір