• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 14:56:44
Алматы
+35°

28 Тамыз, 2018 Саясат

Ресейдің парша-паршасы қалай шығады? (аналитика)

Ресей экономикасы қатарынан он жыл экономикалық стагнация жағдайында.

 

1.Ресейдің бірінші ыдырау кезеңі. Патшалық Ресейдің  ыдырау факторлары:

Патшалық Ресейдің ыдырауына тиянақты факторлар әсері.

1)Нарықтық қатынас пен саяси либерализмнің толық дәрежеде орнықпауы. Сол себептен экономикалық және әлеуметтік үрдіс ойдағыдай дами алмады.

2)Коррупциялық үрдістер тым бой алып, экономикалық және әлеуметтік салалар дамуы тежелді.  Екінші Николай патшаның ашынасымен беймарал жүрісі, Распутиннің Патшайым ханыммен жүрісінің халыққа да мәлім болғаны. Ал саяси қайраткерлер және шенеуніктердің коррупцияға бой алуына себепкер болды.

3)1904-1905 жылдардағы Орыс-Жапон соғысында жеңілуі, 1914-1917 жылдардағы Бірінші Дүниежүзілік соғыстағы әскери жеңілістер Ресей патшайымының абыройын төкті және  экономикалық, әлеуметтік дамуды дағдарысқа ұшыратты.

4)Толық масштабты саяси дағдарыс пайда қалыптасты. Патшалық Ресейдің  өз тауқыметтерін өз қолымен шеше алмайтын жағдай айқын байқалды. Ықпалды саяси партиялар Кадеттер партиясы, Октябристер партиясы, жергілікті ұлтшылдар партиялары жағдайды ұшықтырып, 1917 жылы Ақпан революциясына бейбіт жолмен әкелді. Патша тақтан тайып, саяси билік Уақытша Үкіметке өтті.

 

  1. Ресейдің екінші ыдырау кезеңі. Ресейдің Уақытша Үкімет кезіндегі мемлекет ретінде ыдырау факторлары:

1) Cаяси тиянақтылықтың болмауы, нарықтық қатынастардың соғыс жағдайында ойдағыдай нәтиже бермеуі. Саяси либерализмнің толық дәрежеде Мәскеу, Петроград және ірі қалалардан басқа жерлерге орнықпауына әкелді. Мәселен Қазақ сахарасында Торғай мен Жетісу өлкелері және  Орта Азияда 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс әскери қарсылық түріне өткен. Ресейдің Мәскеу, Петроград және ірі қалаларда жаңа орнаған Уақытша Үкімет әскери саяси жағдайды қадағалай алмады. Сол себептен әр ірі қалаларда және өлкелерде биліктен тыс әскери құрылымдар пайда болып, олар  билік үшін күреске дайындалды.Экономикалық және әлеуметтік даму бағыты анархияға кете берді.

2)Коррупция мен ашық тонау, көшелерде бандитизм  күшейді. Бұл үрдіс алдымен Петроград, Мәскеу, Орталық Ресейде және отарларда анық байқалды. Мәселен, Қазақстан мен Орта Азияда Ресей әскері мен орыс крестьяндары жергілікті халықты ашық тонау жолына түскен. Жеке саяси партиялар мен қозғалыстар қаруланып, олардың  саяси әрекеттері әскери сипат ала бастады.

3) Бірінші Дүниежүзілік соғысының жалғаса беруі экономикалық және әлеуметтік дамуды шиленістіріп, дағдарыстың тереңдей беруіне әкелді. Соғыстың 1917жылғы  Ақпан революциясына кейін жалғасуы дағдарыстың өршіп, биліктің Уақытша Үкімет қолынан шығарып алуына әкелді.

4) Саяси дағдарыс одан да тереңдей берді де билікке саяси радикалдарды әкелді. Ендігі кезеңде басқа ықпалды партиялар пайда болды. Эсерлер, меньшевиктер мен большевиктер күшейіп әскери құрылымдар ұйымдастырды. Жергілікті жерлерде, ұлтттық өлкелерде ұлтшылдар толық басымдылық алды: әсіресе, финдер, поляктар, грузиндер арасында. Қазақ ұлтшылдары да ұлттық әскер құру дәрежесіне жетті.

Ресейдің орыс жұртшылығының Империялық пиғылының өсуі Ресейдің  1914-1917 жылдардағы Бірінші Дүниежүзілік соғысқа кіруіне әкелгені көп зауал тигізді. Орыс жұртшылығы 1904-1905 жылдардағы  Орыс –Жапон  соғысынан жеңілсе де Балқан мемлекеттері жағдайына, Аустро-Венгрия империясына қарсы, Германияға қарсы милитаристік амбициясы өсіп, империялық санасы қатты уланған болатын, сол сияқты қазақ сияқты бағынышты ұлттарды қыру саясатын жүзеге асыру эпизодтары көп болды. 1917 жылы Ақпан революциясы шовинистік және империялық пиғылды сәл шайқаса да, сөндірген хоқ еді. Соғыс шығының өсуі және соғыстағы әскери сәтсіздіктер  радикалдық партиялар арасында тиісті наразылық насихатының тарауына әкелді. Орыс халқы соғыстан  шаршай бастады.

  1. Ресейдің үшінші ыдырау кезеңі. ССРО-ның (Ресейдің) мемлекет ретінде ыдырау факторлары:

1) Cаяси тиянақтылықтың болмауы нарықтық қатынаспен саяси либерализмнің тиянақты және толық дәрежеде орнықпауына әкелді. Большевиетер билікке келгенше нарықтық қатынастарды капитализмнің белгілері деп ұғып, нарықсыз қоғам орнатты. Олар “Продразверстка” деп талап етті. Бірақ бұл саясат барлық азық-түлікті сыпырып алуды мақсат қылған. Большевиктер барлық өндірістік кәсіпорындарды-заводтар мен фабрикаларды мемлекет меншігіне  өткізіп, олардың заңды иелерін ата бастады. Осы саясат салдарынан Ресейде 1918 жылдың наурыз айынан бастап Азамат соғысы кезеңі басталды. Азамат соғысы 1918 жылдан басталып, 1920 жылдың аяғына дейін барды. Ленин Азамат соғысы жүріп жатыр деп өз диктатурасын орнатып, бағынбағандарды жаппай аттырып  жатты. Сол себептен экономикалық нарықтық қатынас және әлеуметтік тұрмыстық жағдай тым төмендеп,  аяғы 1921 жылғы ашаршылыққа апарды. Орталық Ресейді азық-түлікпен қамтамасыз ету  үшін Ұлттық өлкелерді, әсіресе, қазақ жерін қатты қысып, халық қуғындалып, Қытайға қаша берді.

2);3) Коррупция мен ашық тонау күшейді. Бұл үрдіс алдымен Петроград, Мәскеу, Орталық Ресейде және Ресей отарларында анық байқалды. Мәселен, Қазақстан мен Орта Азияда Ресей әскерилері мен қаруланған орыс крестьяндары жергілікті халықты ашық тонау жолына түскен. 1921 жылдан бастап Жаңа экономикалық саясат басталды.” Продразверстка”  саясаты сәл жұмсарып, орнына “Продналог”, яғни белгіленген салық көлемі анықталды. Шаруаларға жеке шаруашылық жүргізуге, дәулетті шаруаларға  сырттан жұмыс қолын жалдауға рұқсат берілді. Сол сияқты еркін саудаға бет алу басталып, тиянақты ресей рублі пайда болды. Бірақ бұл толық дәрежелі нарықтық қатынас емес еді. Коммунистік диктатура мен бір партиялық жүйе орныққан жерде либерализм болу мүмкін емес еді. 1928 жыл ірі бай феодалдарының мүлкі мен малы тәркіленіп, нарықтық қатынастан тағы да шегінді. 1929—1932 жылдары жаппай коллективтендіру науқаны жүргізіліп, оның аяғы ашаршылық нәубетпен аяқталып, қазақтың жартысы ашаршылықтан қырылды, қалғаны большевизм режиміне көнді. Басқа тірі қалғаны көтеріліске шықты, шет елдерге, басқа республикаларға қашып тынды. 1920 жылы Қазақстан автономиялық республика мәртебесін алып, Ресей құрамында болды. 1936 жылы Одақ республикасы атанып, Ресеймен тең дәрежелі республика-ССРО одағының субьектісіне айналды. Бірте-бірте республикалар және жергілікті элиталар ықпал алып, өз мүдделерін басқа ұлт республикалармен бірге қорғайтын дәрежеге жетті. Республикалар өзара таласып, бір-бірінің территориясын тартып алатын халге жетті.

4) ССРО-ның, соның ішінде Ресейде саяси экономикалық, әлеуметтік дағдарыс күшейіп келе берді. Жоғарыда айтылған 1919-1920 жылдардағы  “Продразверстка” саясаты, 1918-1920 жылдардағы Азамат соғысының зардаптары, 1921 жылдың ашаршылығының зауалы Жаңа экономикалық саясатты  өзгерте алмады, нарықсыз, шектелген нарықтық экономикалық режим Кеңес Үкіметінің саясатының негізгі принципіне колхоздастыру жылдарында (1929-1933) және одан кейінгі кезеңінде байқалды. Сол сияқты Бірінші, Екінші, Үшінші бесжылдықтар халықты аяусыз жаншу жолымен жүрді. Екінші дүниежүзілік соғысы жылдарының алдында (1937-1939) жаппай репрессиялар, жазықсыз жазалау науқаны жүрді. Нарықсыз, шала нарықты  Ресей  Екінші дүниежүзілік соғысынан кейін  бірнеше рет нарыққа түспек болып “Хозрасчет”- шаруашылық есеп  орнатпақ болып, бірақ нарықтық ынта сәтсіздікке ұшырады, себебі саяси жүйе коммунистік принципке негізделген болатын. ССРО-ның бесжылдық жоспарлары тек қағаз жүзінде орындалып , “приписки” , қосып жазу , жалған ақпарат беру атты зауалға ұшырады. Сонымен, приписки және жоспарлы жүйеге негізделген экономика үлкен дағдарысқа ұшырады.

5)ССРО-ның Ұлт саясаты империялық және шовинистік принципке негізделген. ССРО пакт Риббентроп-Молотов келісімшартына  сәйкес фашистік Германиямен Польшаның территориясын бөліп алды. Сол сияқты Германияның, Финляндияның, Румынияның, Монғолияның бірқатар жерін күшпен тартып иемденді. Екінші Дүниежүзілік  соғысы жылдары Орталық және Шығыс және Орталық Еуропада бірқатар мемлекетті басып алып, сателлиттік мемлекеттер қауымдастығын орнатты. 1939-1945 жылдардағы Екінші Дүниежүзілік  соғысы бітісімен Қырғи-қабақ соғысы басталды. АҚШ пен Батыс еуропалық мемлекеттер НАТО әскери бірлестігін ұйымдастырды. Сателлит мемлекет қатарында – Шығыс Германия, Польша, Венгрия, Чехословакия, Румыния, Югославия, Албания. Азияда ССРО Жапонияға қарсы соғысқа қатысып, Қытай Солтүстік Кореяның пайда болуына қатысты. Кейін олардың бірқатары ССРО-ға бағынбай кетті. Аталған мемлекеттердің көбісі ССРО-ның материалдық, финанстық, әскери көмегін ұзақ уақыт алып отырды. ССРО-ның өз жағдайы тым ауыр болғандықтан, оларға көмекті шектеуге тура келді.”Демократиялық елдер” атанған  бағынышты болған елдердің біразы ССРО-ға бағынбай кетті. Олардың көбісінде бастапқы кезеңде марионеттік басшылар болды. Сол сияқты ССРО Африкаға қол созып, оларда да  ұлттық азаттық қозғалысты бастады. Ұлттық азаттық қозғалыстар  колониалдық соғысқа ұласты. Оларға ССРО өз халқының аузынан жырып қаржы, азық-түлік, қару-жарақ беріп отырды.  Мәселен, 1954 жылы Каирде араб елдерін ұлттық-азаттық соғысын қолдау штаб-квартирасы пайда болды. 1961 жылы Африка жылы деп жарияланды. ССРО Алжир партизандарын  қаруландырып, оларға  әскери нұсқаушы жіберіп отырды, Алжирдегі француз колонистерін қырды. ССРО әскері 1948, 1968 жылдары Чехословакияда, 1956 жылы Венгрияда коммунистік ССРО-ның тәртібін  контрреволюцияны жаншып  күш көрсетті. ССРО-ның барлық әрекеттері ССРО бюджетіне қып-қызыл шығын, ал халықтың тұрмысын төмендетті. Әрбір саяси оқиға Қырғи-қабақ соғыс жағдайын одан сайын ұшықтырып ССРО-ның реформаларын кері тартты.

1985 жылы жағдай күрт өзгерді. Бұл өзгеріс мәжбүрліктер себебінен болды. Барлық экономикалық және әлеуметтік кінәраттар 1985 жылы ССРО-да саяси биліктің саяси реформаларға баруына әкелді. ССРО-ның Коммунистік Партиясының  Бас  хатшысы болып М.С.Горбачев тағайындалып, “Қайта құру мен демократияландыру” саясаты жарияланды. Бара келе ССРО-ның 1991 жылының желтоқсан айында Қайта құру мен демократияландыру саясаты Ельцин, Ресей басшылығының лидері ССРО-ны ыдыратуға көп еңбек сіңірді. Ельциннің саяси қайраткерлік әрекеттері мәжбүрлік жағдайында жүріп, басқа альтернатива жоқтығының нәтижесі еді. ССРО құлады. Басқа республикалармен қатар Қазақстан Республикасы да егемендік алды.

Ресейдің  мемлекет ретінде ыдырау факторлары:

1)Ельцинның билікте басшылық тұсында Ресей Премьері Гайдармен бірге пәрменді нарықтық реформалар жасады, сол сияқты Ельцин саяси реформалар жүргізді. Сол реформалардың  және мұнай мен газ бағасының көтерілуі Ресей экономикасының еселеп өсуіне әкелді. Ресейдің билік басына Ельциннің  биліктен  кетуіне байланысты  Путин келді. Ресейдің ішкі және сыртқы саясаты өзгерді. Путин Ресейдің Премьер-министрі болған тұсында Шешенстанды күшпен жаншып, оған басшы ретінде өз адамын Рамзан Қадыровты қойды.

2)Путин бара келе Батыс елдерімен конфронтация саясатына  түсіп, Ресейге қарсы Екінші қырғи-қабақ соғысының басталуына себепкер  болды. 2008 жылы Ресей Грузияға қарсы ашық агрессия жасап, Оңтүстік Аланияны Грузиядан аннексия жасады. 2014 жылы Ресей Украинадан Қырымды тартып алып, Шығыс Украинаға әскер кіргізді.

3)Ресей экономикасы қатарынан он жыл экономикалық стагнация жағдайында. Соңғы төрт жылда Ресейде тұрмыс деңгейі төмендеді.

4)Ресейдің экономикалық тауқыметтері саяси қарсылық акцияларын тудырды. Қарсылық әрекеттердің шыңы пенсиялық жасты ұлғайтуға байланысты болды.

5)Әлемде отарлық жүйе деколонизация үрдісінен баяғыда жойылды.Ең соңғы болып Югославия мен ССРО-ның ыдырауы болған. Ендігі кезеңде Ресей соңғы отарларынан айырылады: ол Якутия, Тува, Шешенстан, Ингушетия, Алания, Татарстан, Башқұртстан т.с.с. бірқатар республикалар. Сол сияқты Қырымды Украинаға қайтаруға мәжбүр болады.

Әзімбай Ғали

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір