• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:47:39
Алматы
+35°

14 Желтоқсан, 2018 Әлем

Ресейдің әскери күші – бұл миф!

Ресей Федерациясының президенті ретінде Путиннің қызметі кезінде Қарулы Күштердің дамуындағы жағымсыз үрдістер қайтымсыз болды.

Ресей Федерациясының әскери күштерін қалпына келтіру мәселесі – бұл Ресей мен Батыс билеуші элиталары үшін пайдалы дүние болғанымен, шындыққа сәкес келметін ақпар. Бұл ұлттық авторлық институттың беделді әскери сарапшыларының қатысуымен дайындалған баяндаманың қорытындысы. Баяндаманың авторлары Ресейдің қарулы күштері терең дағдарысты бастан кешіп жатқанын жасырмай айтып, мемлекеттік насихат жұмыстарына қарсы шықты.

Ресей Федерациясының президенті ретінде Путиннің басқаруы тұсындағы Қарулы Күштердің дамуындағы жағымсыз үрдістер қайтымсыз болды. Авторлар соңғы бірнеше жылда Ресейдің әскери күштерін КСРО деңгейіне көтеру туралы аңызды қалыптастыруға үлкен күш жұмсады деп санайды.

Бұл миф Батыста да танымал, оны шетелдік саясаткерлер таратуға барлық амал-тәсіл қолдануып жатыр. Бұл батыстық әскери лауазымды шенеуніктерге өз елдерінің билік орындарынан әскери қажеттілікті қаржыландыруды көбейтуді талап етуге жақсы мүмкіндік береді екен.

Сарапшылардың пікірінше, Америка Ресей үшін жалғыз жау болып саналады. Ресей Қытайды дұшпанға баламайды, өйткені ол Ресейге қарсы әскери теңіз операцияларын жүргізуді мақсат тұтпайды.

Бірақ Ресей Федерациясының шығысында «стратегиялық шекаралар мен өмір сүру кеңістігі» ұғымын ұстанатын ҚХР-ның әскери қаупі бар екенін мойындауын қажет. Ол Қытай армиясының шабуыл әрекеттерін түсіндіру және ақтау үшін жасалған. Қытайлық тұжырымдама халықтың өсуі мен ресурстардың жетіспеушілігі «өмірдің табиғи саласын» кеңейту қажеттілігін тудыратын идеяға негізделген. Сарапшылардың айтуынша, Қытай қақтығыстың кез-келген шкаласы мен ұзақтығын жеңуге қабілетті армия құруды мақсат етіп отыр. Бұл тұжырымдамада ҚХР шекаралары қай бағытта кеңейтілетіні туралы тікелей нұсқаулар бермейді, бірақ назар Ресейге түсіп отыр. Ең алдымен, үлкен аумақты алатын, шикізат қоры мол және аз халқы бар (халықтың саны тұрақты түрде азаюда) Ресейдің шығысын көздеуі мүмкін.

Солтүстік-еуроатлантикалық альянс немесе НАТО қазіргі уақытта Ресей Федерациясының негізгі ықтимал әскери қарсыласы емес. Ресми ресейлік үгіт-насихат ресейлік шекараларда НАТО-ны жандандыру мәселесі бойынша азаматтарды жиі адастырады. Сарапшылар «қырғи-қабақ соғыс» аяқталған соң еуропалық аумақта блоктың әскерлері елеулі түрде төмендегенін хабарлайды, бұл азаю әлі жалғасуда. Әскери сарапшылардың пікірінше, 1992 жылдан 2007 жылға дейін ресейлік басшылық Ресейге неге армия керек және тиісінше ол қандай болуы керек деген сұраққа нақты жауап бермей отыр.

1990-шы жылдардың аяғында Ресейдің қарулы күштерінің негізгі түрлерін қазіргі жағдаймен салыстырғанда ресейлік армияның техникалық жабдықталу дағдарысын көре аламыз. Ал ресейлік әскери қызметкерлердің жағдайы қарулы күштерге әскери техниканы жеткізу жағдайынан гөрі әлдеқайда қиын екендігін мойындау керек. Бұл жерде негізгі мәселелер әскери қызметкерлердің демотивациясында болып отыр, сондай-ақ ресейлік әскери персоналдың кәсіби деңгейі күрт төмендеп кеткен дейді сарапшылар.

Керімсал Жұбатқанов,

Қазақ-Орыс Халықаралық Университетінің доценті, тарих ғылымының кандидаты

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір